жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Деңгейлік оқу курсы барысы
Омирбек Рысгуль «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» А 3 бөлімі
ПШО ЖМ филиалы Талдықорған қаласы. портфолиосы
Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылатындығы туралы рефлексиялық есеп
Дәстүрлі түсінікте, «тәлімгер мұғалім» – тәлім алушы мұғалім үшін зор тәжірибесі бар , өте білімді өз дара жолын салған, сол жетістікке жеткен тәжірибесімен бөлісіп, әртүрлі әдіс- тәсілдерін үйрететін мұғалім елестейтін. Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады.(Garret-Harris & Garvey, 2005)(106 бет).
Тәжірибелі тәлімгер тәлім алушыға өзінің өзекті мәселесін шешуге көмектеседі және оның әдісі-тәсіліне, жоспарына сәйкес келетін іс-әрекетіне дұрыс бағыт бере алады деп ойлаймын.Тәліп ретінде биыл ғана мектеп табалдырығын бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа келген жас маманды таңдап алдым. Себебі директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасарымен хабарласа отырып маған тәліп етіп кімді ұсынар едіңіз деген сұрақты қойғанымда ол кісі менің ойымды бірден білгендей саған тәліп ретінде К.Р ұсынар едім деп біршама кеңестерімен бөлісті. Міне, сол себепті де мен осы тәліп алушыға тоқтам жасадым.Себебі тәліптің апталық және іс-шаралар барысында сабақтарына қатысу барысында тәжірбиесінің аздығының,сабақты жаңартылған білім мазмұнына негіздемейтіндігін, сонымен қатар сабақты дәстүрлі түсінікте өтетініне бірнеше рет куә болғанмын. Жұмыс барысында жас маман үнемі келіп кеңес алып отыратын. Өз тарапымнан барынша сапалы кеңес беруге тырыса отырып, үлгілі сабақтарыма, іс-шараларыма жиі қатыстыратынмын. Тәліпті анықтау барысында тағы бір іс-әрекеттің жүзеге асырылуына себепші болдым. Практикаға барғаннан кейін тәлімгер жоспарымен таныстыра отырып жұмысымды бекітуге ұсынамын.Тәліппен жүргізілетін жұмыс түрлерінде кәсіби әңгімеге басымдылық еттім.Себебі;кәсіби әңгіме барысында тәліп пен тәлімгер арасындағы қарым-қатынастың ныңаюы жұмыстың өнімді болуына ықпал етеді деп ойлаймын. Мектептегі практикаға барғанда педагок ретіндегі деңгейін және өзекті мәселені анықтау үшін сауалнама аламын. Сауалнама алудың мақсаты- кәсіби дағдысы мен өзекті мәселесін анықтау. Осыдан кейін тәліппен әңгіме жүргізе отырып сабақ барысында қандай қажеттіліктерін толықтыру туралы және тізбектелген сабақтар топтамасына қатыса отырып тәліптің қажеттіліктерін анықтау болатын. Қажеттліктерін анықтай отырып жұмыс жоспарын бірлесе отырып құрастыруды жоспарлаудамын. Себебі өткізілетін әрбір жұмыс жоспарын құрастыру барысында тәліптің де пікірімен санасу керек деп пайымдаймын. Өйткені жұмыс жоспардың жүзеге асырылуы тәліптің оқыту үдерісіне өзгеріс енгізу керек деп санаймын. Сондықтан да мен тәліптің ой пікірімен санаса отырып жұмыс жоспарын бірлесіп құрастырсам деген тоқтамға келіп отырмын. Келесі іс-шараны құру барысында тәліппен ватсап желісі арқылы сөйлесе отырып,сабақты 21ғасырда оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және сабақты жаңартылған білім негізіне сай өткізуі үшін оған қандай кедергілердің тосқауыл болып тұрғаны туралы сұрақ қойдым. Ол бірден өзінің мыңдаған мәселесін айтып берді. Дарынды және талантты оқушыларды сабақ барысында анықтай алуға,оларға тиімді деңгейлік тапсырмалар беруге, деңгейлік тапсырмалар құрастыра білуге тәліпті жетелеу мақсатында өзімнің коучингіме қатыстырамын.Қажеттіліктер топтамасына сабақтағы кері байланыс пен қалыптастырушы бағалаудың ұтымды жүргізілуі, саралау тапсырмаларының құрылуы,топтық жұмысқа берілетін тапсырманың көлемі туралы ой бөлістім. Сондықтар ҚМЖ құру барысында ең бірінші назарға оқу мақсаты мен сабақ мақсатына зер салу керектігін түсіну үшін оқу мақсатынан сабақ мақсатын құрастыру жұмысын ұсынамын. Нәтижесінде тәлім алушы қызметкер ретінде өзін жаңа қырынан танитындай болу керек. Тәліптің қажеттіліктерінің оңтайлы нәтиже бергендігәне сенемін. Тәлімгерлік үдерісінің ұзақ уақытқа жоспарланған жұмыс әрекеті болғандықтан тәліпке әрқашан қолдау көрсетіп отырамын. Себебі ол менің басты міндеттерімнің бірі. Жалпы жүргізілген жұмысты талқылай отырып тәліптің жұмысына, сабақты жүргізудегі іс-әрекеттеріне, анықтаған мәселелерге тоқталып, нәтижесінде тәлімгерлік үдерістің ұтымды және ұтымсыз, сәтті және сәтсіз жақтары туралы ақпараттар алу мақсатында тәлім алушыдан рефлексиялық есеп аламын.
Кері байланыс
Гүларай: 1. Тәлімгерлік үдерісі барысында тәлім алушыдан қандай нәтиже күтесіз? Осыны ашып жазу керек сияқты.....
С.Айнұр: Омирбек Рысгуль әріптесімнің рефлексиялық есебін оқи отырып тәлімгерлік жоспарын мектеп әкімшілігінің ұсыныс бойынша алғанын және тәлім алушының қажеттіліктерін бұрыннан білетінін, сол қажеттіліктеріне қарай жұмыс жоспарын құрғанын көріп отырмын. Тәлімгерлік жұмысқа жазған түсінігіңіз жақсы жазылған екен білақ тәлім алшының жететін жетістігін яғни осы тәлімгерлік жұмысыңыздың нәтижесін жазсаңыз
Тәлімгерлік үдерістерін жоспарлау туралы рефлексиялық жоспар
Тәлімгерлік жоспардың мақсаты: Тәліптің оқыту үдерісіне өзгеріс енгізуіне ықпал жасау.
Тәлімгерлік жоспардың нәтижесі: Тәліп алушы оқу үдерісіне өзгеріс енгізеді, оқыту мен оқу үдерісін дамытуға ,
жақсартуға үйренеді, қолданады
№ |
Іс шараның тақырыбы |
Мақсаты |
Өтілу формасы |
Мерзімі |
Күтілетін нәтиже |
||
II апта |
|||||||
1 |
Мектеп әкімшілігіне тәлімгерлік жоспарын таныстыру, талдау, бекіту. Тәлім алушыны анықтау |
Тәлімгерлік жоспарына құрылған жоспар талданып, бекітіледі. |
Шағын отырыс |
03.03.2020ж |
Тәліп өзінің кәсіби дағдысын дамытады |
||
2 |
Тәліппен әңгіме жүргізу |
Сабақ жүргізу барысындағы қажеттіліктерін анықтау |
Әңгіме |
04.03.2020ж |
Тәліптің сабақ беру үдерісіндегі қажеттіліктері анықталады |
||
3 |
Тәліптің сабағына қатысу |
Сабақ барысындағы тәліптің сабақ мақсатына жету үшін құрастырылған тапсырмаларын анықтау |
Сабақ |
05.03.2020ж |
Тәлім алушының сабақтарына қатысып, қандай көмек керектігі анықталады |
||
II апта |
|||||||
1 |
Сабақ жоспарын талдау |
Тәліптің сабақ барысындағы ұтымды тұстары мен қолдауды қажет ететін тұстарын анықтау |
Кәсіби әңгіме |
09.03.2020ж |
Сабақ жоспарлау барысындағы қиындықтарды анықтау |
||
2 |
Жұмыс жоспарын құру |
Тәлімгерлік жұмыстың тақырыбы, мақсатын нақтылау |
Кәсіби әңгіме |
11.03.2020ж |
Құрылған жoспар талданып, бекітіледі |
||
3 |
Коучингке қатыстыру |
Коучинг барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын көрсету,деңгейлік тапсырмалар арқылы қабілеті жоғары оқушылардың белсенділіктерін арттыру жолдарына нұсқау көрсету |
Коучинг |
13.03.2020ж |
Коучингке қатысып сыныптағы дарынды және талантты оқушыларды анықтай отыры,и деңгейлік тапсырмаларды тиімді жоспарлайды. |
||
III апта |
|||||||
1 |
Қ |
Тәліпке қысқа мерзімді жоспар құру барысында оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару жолдарын ұсыну |
Кәсіби әңгіме |
16.03.2020ж |
Оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығаруды түсінеді |
||
2 |
Тәлімгердің тізбектелген сабақтар топтамасына қатыстыру |
Тәліптің алушыны тәлімгердің сабағынан бірнеше модульді ықпалдастыра отырып нақты тапсырмалар құруды үйрену |
Сабақ |
17.03.2020ж |
Тәлімгер тәліпке тізбектелген сабақтарына қатыстырады |
||
3 |
Сабақтағы кері байланыстың жүргізілу жолдары мен қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі |
Тәліпке сабақтағы кері байланыс пен қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін ұғындыру, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасауға, кері байланыстың қалыптастырушы бағалауға әсерінің зор екендігін тәжірибе барысында жүргізілу ретін көрсету |
Отырыс |
20.03.2020ж |
Кері байланыстың жүргізілу жолдарымен танысады |
||
IV апта |
|||||||
1 |
Саралау тапсырмаларының тиімділігі |
Сыныптағы оқушыларға саралау тапсырмаларын тиімді беру |
Кәсіби әңгіме |
24.03.2020ж |
Сабақ барысында саралау тапсырмаларын оқушының қажеттілігіне сай береді |
||
2 |
Топтық жұмысқа берілетін тапсырманың жүйелігі мен көлемі |
Топтық жұмысқа берілетін тапсырманың жүйелігі мен көлемі туралы ұғым беру |
Кәсіби әңгіме |
26.03.2020ж |
|
||
V апта |
|||||||
1 |
«Тәлім алу барысында оқыту үдерісі қалай жақсарды» атты тақырыпта кәсіби әңгіме жүргізу, пікір алмасу |
Әңгіме барасында алдағы тәжірбиелік жұмыс барысына нақты өзгерістер енгізуге жол көрсету |
Кәсіби әңгіме |
01.04.2020ж |
Әңгіме жүргізе отырып тәліп алушы алдағы тәжірбиесінде қандай жұмыс түрлерін өзгертетіні туралы түсінеді |
||
2 |
Рефлексивті есеп |
Тәлімгер ретінде тәлім алушының пікірін білу |
Отырыс |
04.04.2020ж |
Тәлім алушы өз пікірін білдіре отырып есеп жазады |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген