400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту- сапалы білім берудің тиімді құралы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту-сапалы білім берудің тиімді құралы тақырыбында бірлестіктер арасында пікірталас болды. мақсаты тәжірибе алмасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту- сапалы білім берудің тиімді құралы» атты дөңгелек үстел

Мақсаты: Мұғалімдердің мектеп аясында жауапкершілік алу мен ынтымақтаса жұмыс істеуін қалыптастыру, топ болып кеңесу арқылы проблемалардың тиімді шешімін таба білуге үйрету, мектептегі жаңа бастамаларға қатысты шешім қабылдауға толыққанды тартуды қамтамасыз етуге ықпал ету, тәжірбие алмасу

Дөңгелек үстелге мектеп әкімшілігі және мұғалімдер қатысады.

Дөңгелек үстел 4 бөлімнен тұрады:

1.Баяндамашылар сөзі

2.Бүгінгі менің ойым

3.Сүйіспеншілік сипаты

4.Қорытынды
                                         Өту барысы:

1.Тренинг «Мен сізбен мақтанамын»

    Қатысушылар бір-біріне деген ізгі тілектерін білдіреді. Ынтымақтастық ахуал туғызады.

Мысалы, «Сіз, Есмұхан, өз ісіңізге өте ұқыпты әрі сауатты мамансыз. Іс қағаздарын жетік меңгергенсіз. Мен Сізбен мақтанамын.» т.с.с.

2.Топқа бөліну  Гүлдер арқылы бөлінеді. Топ ережесін құру.

Кіріспе.

Жетекші −Қадірменді әріптестер!

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі– жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Тақырыбы: «Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту- сапалы білім берудің тиімді құралы» атты дөңгелек үстел

Мақсаты: Мұғалімдердің мектеп аясында жауапкершілік алу мен ынтымақтаса жұмыс істеуін қалыптастыру, топ болып кеңесу арқылы проблемалардың тиімді шешімін таба білуге үйрету, мектептегі жаңа бастамаларға қатысты шешім қабылдауға толыққанды тартуды қамтамасыз етуге ықпал ету, тәжірбие алмасу

Бүгін сіздерді  «Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту- сапалы білім берудің тиімді құралы»  деп аталатын дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.

І. Сөз кезегін Баяндамашыларға береміз

Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде, яғни  педагогикалық шеберлік пен педагогикалық ынтымақтастық туралы  әрі қарай жалғастырайық.

(Қатысушыларға  мына ойларды жалғастыру беріледі.)

1) Бүгінгі менің ойым бөлімінде «Педагогикалық шеберлік» – ол…. (топтарға постер қорғау)

Әр топқа А3 ламинат, маркер беріледі, өз ойларын ортаға салады. 5 минут уақыт беріледі.

(Осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызылады.)

Әр топтың жауабы «Отшашу» әдісі арқылы бағаланады.

Қатысушылар  жауабынан соң қорытынды жасалынады. (слайд)

 Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік “педагогикалық шеберлік” болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде “шеберлік белгілі бір саладағы өнер” деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990).

Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.

Жетекші Келесі 3-бөлім “Сүйіспеншілік сипаты” деп аталады.

Бүгінгі дөңгелек үстелге байланысты жақсы ойларыңызды жасыл жапыраққа, ал ойларыңызда жүрген сұрақтарыңызды, пікірлеріңізді сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.

Тақтаға «Білім ағашы» ілінеді.

(Қатысушыларға 2 минут ой-пікірін жазуға, 3 минут оны айтып беруге уақыт беріледі)

Енді осы ойларымыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар?

(Қатысушылардың  пікірі тыңдалады, )

5-бөлім. Қорытынды.

Жетекші:

Мектеп – мұғалімдер үшін екінші үй. Оқушылар оның өз баласы іспетті. Сонда олар өте үлкен отбасында өмір сүріп жатырғандай. Әрбір отбасы — өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің мектебіңізді қауіп – қатер, қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы. Ал егер жасыл  жапырақ көп болса, онда сіздің мектебіңізде түсіністік, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы, ұстаз бен оқушы, ата-ана арасында ынтымақтың мол болғаны. Сондықтан да, құрметті әріптестер, педагогикалық қызметте шеберліктің шыңына жетіп, ынтымақтаса жұмыстанайық.

Белсене қатысқандарыңызға көп рахмет


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
05.10.2025
44
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі