жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Тақырыбы: Дені сау ұрпақ - жарқын
болашақ
Сабақтың
мақсаты:
оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат
әдеттерден аулақ болуға үйрену; ой – өрістерін, сана, сезімдерін,
шығармашылықтарын дамыту; адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді
бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны
тәрбиелеу. Табиғаттың адам баласына
сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары
–зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін
ұғындыру. «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде
қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа
дағдыландыру. Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді
қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге
тәрбиелеу.
Сабақ әдістері: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, ойын.
Сабақ көрнекілігі: плакат, шар.
Сабақ құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта, ноутбук, слайд, доп, қап,
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Оқушылар жалаушаларын желбіретіп сыныпқа кіреді. 2.Мұғалім: Слайд№1. Құрметті балалар, бүгін біз Алматы қаласына «Денсаулық» поездымен «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» тәрбие сағатына сапарға шығамыз.
Балалар: Ура!
Мұғалім: Қанекей балалар
Қаз-қатар тұрыңдар
Ойнайық-күлейік
Жанға саулық тілейік
Денсаулық маңызын
Түсініп көрейік.
Денсаулық зор байлық
Екенін білейік.
Біді шығарып салуға келген ұстаздарымызға рахетімізді айтып, сапарымыза шығайық. Жолсеріктерімізбен (әділқазылар алқасымен) танысайық. 1. Қазақстан темір жолының басшысы(мектеп директоры) С.Т.Кенжебаев. 2. Алматы қаласындағы “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының басшысы (ДТІЖО)Л.Т.Күдериева. 3. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенің басшысы (ДОІЖО) З.И.Сегизбаева. Оқушылар сапқа тұрып 1-2 саналамыз. №1 1-вагонға, №2 2-вагонға жайғасамыз. Сапарымыздың маршруты және шарты: І. 1-нысан. Алматы қаласындағы “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы. 1.«Дені сау ұрпақ - мемлекет байлығы» атты конфереция. 2. «Салауатты өмірді қолдаймыз!» өлең. 3.Дәруменің пайдасы (дәрігер кеңесі).
ІІ. 2-нысан. Балуан Шолақ атындағы спорт кешені.
1.Мақал-мәтел. Кенгру (екі тізенің арасына допты қысып межеге келіп мақал-мәтелдің жалғасын жазу). 2. Жұмбақ шешу. (Секіртпе жіппен межеге келіп жұмбақ шешу). 3.Денсаулықтың пада-зияны. Қапты аяққа киіп секіріп межеге келіп пада-зиянын жау). ІІІ. №17 Ы.Алтынсарин ОМ. "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ" шығармашылық тапсырма
І. 1-нысан. Алматы
қаласындағы “Бөбек” ұлттық
ғылыми-практикалық білім беру және
сауықтыру орталығы.
Мұғалім:
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір
адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау
адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, сабаққа және еңбекке әрқашан
құлшына кіріседі. Халқымыз
«Дені саудың – жаны
сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі,
көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің
таңдауларың - салауатты өмір салтын
сақтау.
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам
жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Біздің де өмірімізді жарық
қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты
байлық не деп
ойлайсыңдар?
1. Алматы қаласындағы “Бөбек” ұлттық
ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру
орталығы «Дені сау
ұрпақ - мемлекет
байлығы» атты конферецияға қатысамыз ашық тәрбие
сағаты). Слайд
1-4. Н.Ә.
Назарбаев «Салауатты өмір салтын
насихаттау, дені сау
ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты
талабы. «Дені сау
ұрпақ - мемлекет
байлығы»
2. Сауықтыру орталығында болып жатқан
«Салауатты өмірді
қолдаймыз!» атты денсаулық туралы өлең оқу кешіне
қатысамыз.
1-оқушы: Уа, халқым, назар аудар
денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
2-оқушы: Денің сауда күштісің бұл
әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
3-оқушы: Денсаулықты сақта түзу
өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етерсің?
4-оқушы: Жаман әдет көп шектірер
қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.
Күнәдан пәк жәннат өмір
кешесің.
5-оқушы: Көрген күнің қараңғы ғой дерт
шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа
жетерсің.
6-оқушы: Басты байлық – денсаулық.
Бабам айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
7-оқушы: Дені саудың- жаны сау.
Денсаулық сенің байлығың.
Мықты болсаң досым ау
Жуымас саған қайғы мұң. 8-оқушы: Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе
Жаңа достар тапқың келсе
Көңілің сергек болсын десең,
9-оқушы: Зиянды әдеттен аулақ болғың
келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жетем десең,
Үлгілі болам десеең,
10-оқушы: Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Өз еркіңе тоқтау салып,
Спортпен шұғылдан! 11-оқушы: Сымбат – мүсін дегенің Білім
көркі дененің. Сымбат жүру әдемі Дене қалпын тік
ұстап. 12-оқушы: Денсаулық ол шыныққан Барлық
дене мүшесі. Денсаулық ол тыныққан Жүйке тамыр
жүйесі. 13-оқушы: Таза бала
мұнтаздай, Сүйсінеді
қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы
көреді бар адам. 14-оқушы: Шыңықтырып
денені, Тісін жуып,
тазалап Мектебіне
келеді, Міне нағыз
азамат.
3.Дәруменің пайдасы (дәрігер кеңесі).
Сәбіз: Мен сәбізбін, сәбізбен Қауын: Мен қауынмын,қауынмын
Емдік қасиет көп менде. Емделем десең дәрімін.
Егер жесең өзімді Бүйрек асқазан,жүректі
Көрсетермін көзіңді. Жазамын нерв ауруын.
Қарбыз: Мен қарбызбын,қарбызбын Пияз: Мен пиязбын, пиязбын
Күннің көзін сүйемін. Тұмауды тез қуамын.
Ауырса бауыр,бүйрегің Пайдалансаң жөтелге
Көмегімді беремін. Балмен қосып өзімді.
Дәрумендер: Дәрумендер тірегің А, В, С, Д, Е деп аталасың. Жетіспесе бірі оның Аурып сен қаласың. А – қажет көзіңе В – жүйекені нығайтар С – дан микроб безінер Д – сүйекті нығайтар.
ІІ. 2-нысан. Балуан Шолақ атындағы спорт кешені.
1.Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
1) Ауру батпандап кіріп, ...
шығады (мысқылдап)
2) Жан ауырса, ... азады (тән)
3)Денсаулық ... байлық
(зор)
4)Шынықсан ... баласың (шымыр)
5) Ауру мен тазалық ...
(араз)
6) Бас аманда мал тәтті, бас ... жан тәтті (ауырса)
7. Денсаулық болса, ... де болады
(бәрі)
1) Ауруын ... өледі
(жасырған)
2) Денің сау болса ... деме (жарлымын)
3) Тазалық – саулық негізі, – байлық негізі (саулық)
4) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын ... ізде (жол)
5) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің ... жоқ
(тәттісі)
6) Тәні саудың ... сау
(жаны)
7) Ас тұрған жерде - ... тұрмас
(ауру)
2. Жұмбақ шешу: 1. Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең. Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын) 2.Шомылған баланы аймалап алады. Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)
1.Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар, Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ) 2.Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп. Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна) 3.Денсаулықтың пада-зияны.
ІІІ. №17 Ы.Алтынсарин
ОМ. "Дені сау ұрпақ-жарқын
болашақ" Қоғамға қандай адамнан көбірек
пайда келеді? Дені сау адамнан ба, әлде зиянды әдет әсерінен өзін
өзі жарымжан еткен адамнан ба? шығармашылық тапсырма
(эссе).
Ән: Көңілді
күн
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат
табыстайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген