Тақырыбы:
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ
кепілі
Мақсаты:
Ауыл жастарына темекі, ішімдіктің
денсаулыққа жойқын әсері туралы және
дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған
нашақорлық кеселдің пайда болуын,
қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын
түсіндіру; олардың денсаулық сақтау
және заңды орындау бойынша азаматтық
жауапкершілігін арттыру.
Көрнекілік
: Мультимедиа, бейнероликтер, лозинг
Өткізілу
түрі: Дөңгелек үстел
Шақырылған
қонақтар
Мектеп
директоры Гульбаршын Жакимқызы
Салауатты
өмір салтын қалыптастыру орталығының
үйлестіруші дәрігері: Бисенова Жамал
Габдуловна, Жакупова Акгүлім.
АИТВ-ға
жауапты дәрігер Тулемисова Жұлдыз,
Мамбетова Замира
Жастар
ресурстық орталығының бас маманы
Сидалиев Қайыржан Бауыржанұлы, Еспанова
Гүлден Ибрагимқызы
Ауыл
жастары
Мектептің
жастар ұйымының мүшелері
9-11
сынып оқушылары
Жүру
барысы:
І.
Ұйымдастыру. ( Қонақтарды қарсы алу)
ІІ.
Видеороликтер көрсету (сыбайлас
–жемқорлық, мейірімділік, зорлық
зомбылық, нашақорлық, діни
экстремизм)
Жүргізуші:
Қайырлы күн шақырылған қонақтар, ауыл
жастары мен мектеп жастары.
Дені
сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
тақырыбы аясында өткізіп отырған
дөңгелек үстел кешімізге қош келдіңіздер!
Салауатты өмір жоғарғы саналы адамгершілік
өмір, салауатты салт-жоғарғы сананың
көрінісі. Салауатты өмір салтын орнықтыру
осы ғасырдың барынша көңіл бөлетін
жауапты парызының бірі. Өйткені, ол адам
денсаулығының мықты кепілі. Зиянды
зардаптарға жататын: ішімдік, темекі
шегу, нашақорлық адам денсаулығына
әкелетін зияны аз емес. Маскнүнемдік,
нашақорлық , темекінің зардабы жастардың
денсаулығына сыза түсіруде. Қазіргі
таңда осы үлкен мәселе туындап отырғанын
естіп, біліп жүрміз. Ендеше осы дөңгелек
үстел кешіміздің мақсаты тақырыпқа сай
көкейімізде жүрген кейбір сұрақтарға
жауап табу үшін, ауыл жастарының басын
қосып , пікір алмасатын боламыз. Олай
болса дөңгелек үстел кешімізді ашық
жариялаймын.
Жүргізуші:
Кешіміздің алғашқы сөзін мектеп директоры
Гульбаршын Жакимқызына беріледі
ІІІ.
Психологиялық тренинг. Мектеп психологы
Арай Нигметова
Жүргізуші:
“Салауатты өмірге кері ықпалын
тигізетін
жағымсыз
әрекет – ол нашақорлық”-деп Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, бүгінгі
біздің қозғағалы отырған тақырыбымыз
денсаулық жаулары деп аталатын “ішімдік
ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық”
сияқты зиянды әрекеттерге тоқталамыз.
Ендеше сіздердің назарларыңызға
маскүнемділік, есірткі пайдалану
жолдары, темекінің зияндылығы туралы
видеороликтерді ұсынамыз.
IV.
Видеоролик көрсету (маскүнемділік,
есірткі пайдалану жолдары, темекінің
зияндылығы туралы)
Видеоролик
бойынша қандай ой түйдіңіздер?
(әр
топтан өз пікірлерімен бөлісу)
V.
Постермен жұмыс
І
топ. Нашақорлық қоғамға қандай кесел
алып келеді?
ІІ
топ. Нашақорлық деген не? Неліктен
нашақорлыққа тосқауыл қойылмайды деген
ойлар сізді мазалай ма?
ІІІ
топ. Нашақорлыққа әуестену, оны қолданудың
басты себептері не деп ойлайсыздар?
Есірткі
қолданудың себептері:
Білімсіздік;
Қызығу;
Ойын-сауық
орындары;
Қысым;
Әуестік;
Мода;
т.б.
Жүргізуші:
Өз туындысымен Орындайтын: Батуова
Раббина
Исатаева
Нұрбол
VІ.
Нарколог кеңесі.
Жүргізуші:
Бүгінгі кездесуімізге келіп отырған
нарколог маманымызға көкейіміздегі
сұрақтарға жауап алсақ дейміз.
Нашақорға
заң несімен қауіпті?
Адамның
нашақор екеніне сыртқы келбетіне қарап
қалай ажыратуға болады?
Нашақорлықты
басқаша қалай атауға болады?
Серпілген
сауал. (жастар ішінен көкейде жүрген
сауалдарды қою)
Жүргізуші:
Келесі сөз кезегі салауатты өмір салтын
қалыптастырушы Бисенова Жамал мен
Акгүлім Жакупова ханымға беріледі.
VІІ.
Жағдаяттарды шешу.
1.
Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы,
жұртқа танымал.
Бірақ
табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасын
асырау
үшін“Арақ
заводына” жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде
жақсы табыс тауып жүреді. Кейіннен ол
аз – аздап ішіп, араққа бойы үйреніп
кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша
керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді.
Жағдаяттан қалай шығуға болады?
2.
Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп,
аз-аздан үйреніп
жүріп
әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы
да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей
қалған болатын. Інісі ағасының сол бір
заттардан қанша зардап шеккенін біледі.
Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды.
Сіздің пікіріңіз?
3.
Жартылай жасанды есірткі – героиннің
тағы бір ерекшелігі бірден бой көрсете
қоймайды. Шегуші ағзасына мысқылдан
сіңіп, әбден бойын игеріп алғанда ғана
көрініс береді. Алғашқыда қалай тәуелді
болғанын білмей қалады.
Сөйтіп
ол ...
VІІІ.
Сергіту сәті Ән орындалады: