Материалдар / Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ!"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал денсаулыққа байланысты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2020
2110
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ!"

Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру; қимыл-әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға күш- қуатын молайту;

Барысы:Құрметті оқушылар ! Бүгінгі «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ !»атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !

«Жаны саудың - дені сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Адам баласының өніп-өсуі,ғұмырлы болуы, көп жасауы-денсаулықтың арқасы. Денсаулық адамның жан-жақты дамып еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл-күйінің көтеріңкі болуына, табиғатты зерттеп оны бақытты өмір сүру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па,жоқ даңқ қымбат па ?» деп сұраған екен .Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды . Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен .Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.

Біріншісі - ерте тұру.

Екіншісі - орта тазалығын сақтау.

Үшіншісі - дене шынықтыру.

Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.

Бесіншісі - үнемі сергек жүру.

Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау -осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.

Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.

Балалар, «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер ?

БАЙЛЫҚ: Денсаулық, табиғат, білім, саябақ , машина, мал, ақша.

(Тірек сызбамен жұмыс «Денсаулықтың достары мен қастары)

1 кезең. Блиц- турнир бойынша «Ой ашу» сұрақтары.

2 кезең. «Жақсыдан үйрен , жаманнан жирен» деп ата – бабаларымыз айтып кеткендей атадан қалған асыл сөздер мен мақал - мәтелдерден қаншалықты білетінімізді көрсетейік (денсаулық туралы).

3 кезең. «Ақырын жүріп , анық бас ! »

1.Таныс баланың күнде ішімдікті қолданбай тұра алмайтынынбілесің, не істейсің?

2.Достарың «Арақ іш, ішпесең бізге жолама» десе қайтер едің?

3.Сен ақшадан қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз»десе не істер едің ?

4 кезең. «Ел тірегі - дені сау ұрпақ» (көрініс)

Ғасыр індетіне айналған есірткі мен темекі, ішімдік жайында оқушылардың дайындап келген шағын көріністеріне кезек берейік.

Көрініс: «Зиянды әдеттер планетасы »

Оқушы: Тоқта! Еліміздің экономикасы дамыған сайын есірткілердің түрлері көбейді. Нашақор адамдардың болашағы жоқ. Есірткі заттар – адам ағзасын улайтын ең күшті улы заттар.

«Денсаулық» планетасының тұрғыны:

Шынықтырып денемді

Гимнастика жасаймын,

Таңертең тастай сумен

Рақаттанып шомылу –

Күнделікті әдетім,

Әдетімді қоймаймын

-Мен кіммін, балалар!?

-Салауатты адам баласы.

Адам баласы ең бірінші денсаулыққа көңіл бөлу керек.

Дәрігер:Тамырын умен суарып,

Инемен таза денеңді

Тесуге неге келістің ?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат

Аурумын деп құлайсың

Дәрігерді мазалап

Не үшін енді жылайсың?!

Жолдастары:Бұл тірлікте не тындырдың, не көрдің?

Құрбанысың СПИД деген кеселдің.

Ақталмай – ақ кетіп барады арманы

Жалғыз бала деп өсірген әкеңнің.

Кім кінәлі аялаған анаң ба,

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Автор: Жас жеткіншек!

Өздеріңе айтып кету- борышым

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын

Жат әдет пен темекіге жоламаңдар сол үшін.

( реп стиліндегі әуенмен )

Көрініс: «Дұрыс тамақтану»

( Сабақтың үстіне есікті қағып Жалқаубек келеді)

- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, тамақтанудың құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім. (сөмкесінен әкелген заттарын шығарады )

Мұғалім: Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелгентамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма ?

Дәрігер: Газды сусынның құрамында түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар - дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді.

Мұғалім: Ал, балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз ?

Дәрігер: Қанттың тіс ауруының басты себебі екенін мамандар ертеден- ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған сағызды алған, абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар?

Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді, оқушының тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.

Мұғалім: Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (жоқ)

-Ал қандай тамақ пайдалы? (құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы).

5 Кезең. Қорытынды.

ДОСТАРЫ: еңбек, күн, су, ауа, дұрыс тамақтану, дұрыс ұйықтау, күн тәртібі дене күтімі, жеміс-жидек.

ҚАСТАРЫ: ластық, арақ, насыбай, жалқаулық, еріншектік, темекі. Мұғалім: Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрышбілекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақболып өсіңдер!









































«Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

















Тәрбие сағаттың тақырыбы:

«Дені сау ұрпақ жарқын болашақ»













Дайындаған : Тумарова Ж.К.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!