400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дені сау ұрпақ ұлт болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы

Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы;

егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,

ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек

Әл-Фараби


Басты байлық –денсаулык.Бұл мақалдың жаны бар.Деніміздің саулығы өміріміздің мәні.Әр бір адам бала кезден өз денсаулығына ұқыпты қарап,бала кезден денсаулықтың қадірін білу керек деп санаймын.Әр жеген,ішкен асымыздың адам ағзасына пайдалы екенін алдымызға қойған мақсат етуіміз қажет.Жеміс –жидек, дәрумен баланың күнделікті тұтынатын тағамында болғаны абзал.Бала біздің болашағымыз.Сондықтан қазірден балаларымыздың жеп-ішкен асына көңіл бөліп,құнарлығына көз жеткізуіміз кажет.Дені сау ұрпақ -ұлт болашағы деп бекер айтылмаса керек.Болашақтан үлкен үміт күттіретінбүгінгі біздің жас буындарымыз.Сондықтан қазірден олардың бойына дұрыс ас ішу қажет екенін , түсіндіріп,жаман әдеттерден аулақ болуға шақыруымыз қажет.Қазіргі нарықтағы тез дайын болатын тағамдардың адам ағзасына зиянын,оны күнделікті өмірде көп тұтынбау қажеттігін айтып түсіндіруіміз қажет.Денсаулық-бұл адамның ұзақ өмір сүруіне,тәнінің сұлулығына,ішкі құрлысының таза болуы.Сондықтан да жас буынға денсаулықтың қәдірін бала кезден түсіндіргеніміз абзал.Болашақта ертеңінен үлкен үміт күттіретін осы біздің бүлдіршіндеріміз.Елімізді ,жерімізді қорғайтын,ел басқарар азаматтар мен азаматшаларымыз нар тұлғалы,дені сау,күш-жігері тасып тұрған тұлға болып калыптасуы кажет. Өкінішке орай қазіргі жастарымыз тез дайын болатын тағамдарға қызығушылық арттырып келе жатқаны өкінішті.Бұл тағамдардың жастарымыздың шет елге еліктеуінен туындап отыр.Қазағымыздың ет,сүт өнімдерін неге пайдаланбасқа.Таза ауада шынығып,табиғи өнімдерді тұтыну бұл біздің балаларымыздың ағзасына өте қажет.Күнделікті өмірде ас мәзірімізді қолдан жасап,көкөніс, жеміс-жидек дастарханыңыздан табылып отырса, балаңыздың дені сау ұрпақ болып өсуіне көрсеткен көмегіңіз деп білеміз.Денсаулық-зор байлық.Байлыққа қол жеткізу ол сіз бен біздің міндет. Әр адам, оның ішінде жас буын нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу секілді денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден аулақ болуы қажет. Әсіресе, қазіргі технология дамыған заманда мектеп жасындағы жасөспірімдер еліктегіш келеді. Соның әсерінен ерте жастан шылымға әуес болып, тартудан қаймықпайды. Мұның бәрі олардың болашағына, дені сау ұрпақ дүниеге әкелуіне үлкен зардабын тигізуі мүмкін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.05.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12