400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дені сау ұрпақ, ұлт болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы эстафетасы, тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дені сау ұрпақ, ұлт болашағы» «Көгершін» отбасылық эстафеталық сайыс

Мақсаты: балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшаға тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Саламатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру.

Құралдар: 2 доп, 2 тұтқалы доп, шеңбер,маталы қапшық,кішкентай доптар,кеглдар,өтпелі қашшықтар,ою құрастырғыш,орындықтар.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері және спорт сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында имандылық сана – сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының, балабақшаның борышы екені баршамызға мәлім. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта халқына қалаулы, еліне елеулі ата – ананың мақтанышы, дені сау жас ұрпақ өсіру жолындағы тәрбие ісінде біздің № 166 «Арман» балабақша ұжымы да аянбай жұмыс жасап келеді. Міне, бүгін бізде айтулы мереке, « Мақсаты бірдің рухы бір» деп ұрандатқан «Дені сау ұрпақ,ұлт болашағы» «Көгершін» отбасылық эстафеталық сайысымызға Қош келдіңіздер!



Бұл эстафетаны ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз – үлкен іске үн қосу, салауатты өмірге үндеген Елбасының саясатын насихаттау. Олай болса құрметті қонақтар және спорт жанкүйерлері, жарысқа қатысушы топтарды қарсы алайық!

Берекеде осында

Мереке де осында

Болып жатыр той думан

Қырандардың қасында

Көңіл қойып қараңыз

Жалындап тұр ғой баламыз

Жарысып міне екі топ

Қол соғып қарсы алайық.

Спорт залға марш сазымен ата – аналар балаларымен екі қатарға тізіліп тұрады.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын.

Алдарыңызда шыққан топпен таныс болыңыздар!



  1. « Көгершін» тобы. Топтың аты,ұрандары.

Қатысушылар:

  1. Команда капитаны: К.Диас

  2. Шұғыла

  3. Нұртөре

  4. Аружан

  5. Д.Диас



  1. «Қызғалдақ» тобы. Топтың аты,ұрандары.

Қатысушылар:

  1. Команда капитаны: Мейіржан

  2. Айзере

  3. Жанайым

  4. Балым

  5. Шерхан

Жүргізуші:

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз

Әділқазы ел сенген, Өнерге баға беріңіз. - деп Жарысты бастамас бұрын бүгінгі ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Балабақша меңгерушісі: Ималова Р.М.

  2. Әдіскер : Абжанова Ж.

  3. Қоймашы: Ізбасар Х.

Ойынның шарттары:

  1. «Кім епті» эстафетасы 

  2. «Тұтқалы доппен секру» эстафетасы.

  3. «Кім жылдам» эстафетасы 

  4. «Кенгуру» эстафетасы 

  5. Ән «Балабақша»

Эстафетамызды бастамас бұрын,денемізді қыздырып алайық!

(«Олимпиада» әніне флешмоб орындалады.)




Қызады бүгін той – сайыс

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді көтеріп

Інжу – маржан шашайық

Ырыс дәулет мол болсын

Жылда осындай той болсын

Жарысты енді бастайық

Ал, кәнекей жол болсын!

 

Енді эстафеталық жарысымызды бастаймыз.

  1. «Кім епті?» эстафетасы

Шарты: Кішкене доптарды бір бірден орын ауыстырып тасу және алмасу.

  1. «Тұтқалы доппен секіру»

Шарты: Тұтқалы доппен секіріп,кедергілерден өтіп, оюды құрастыру.

  1. «Кім жылдам»

Шарты: Допты тізбектеп жалғастыру.

  1. «Кенгуру»

Шарты: Қапшықпен секіру.

  1. Әділ қазылар әділ шешім қабылдағанша кезекті «Көгершін» тобының балаларының орындауында «Балабақша» әні

Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Қорытынды. (Жеңімпазды атау) Құттықтау. Алғыс хат Жеңімпаз командаға сыйлық.

Жүргізуші:

Әкем, шешем көңіл қойса, дем беріп

Спортты біз сүйер едік тең көріп

Салауатты өмір салтын сақтайық

Спорт қана қамалымыз ең биік – деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.











№166 «Арман» бөбекжай балабақшасы









№3 Педкеңес ашық-оқу қызметі

Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ,ұлт болашағы»

отбасы эстафеталық сайыс.

«Көгершін» мектепке даярлық тобы







Тәрбиеші: Асанова Г.Қ.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Байбосынов А.





Алматы 2018жыл

















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
1189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі