400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дені саудың -жаны сау

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін- өзі тану пәнінен сыныптан тыс ісшараға арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Дені саудың- жаны сау.

Мақсаты:

Әр оқушының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден сақтану. Олардың денсаулыққа зиянды екенін түсіндіру, гигена талаптарын сақтай білетін тұлға тәрбиелеу

Көрнекілігі Қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Кіріспе

Денсаулық ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына.

Салауатты өмір салтының мақсаты--өмір сүрудің мағанасы терең екенін білдіруде Темекі ,ішімдік адамның қас жауы Бұл жолдан аулақ жүру керек. Барлық байлық денсаулық екендігіне сендердін көздеріңді жеткізу.

Олай болса тәуелсіз еліміздің келешегі сендерсіңдер,

«Денсаулық» тобы мен «Болашақ» тобын ортаға шақырамыз

Сайыс шарты

1 Таныстыру /әр топ өзін таныстырады , атына ,ұранына тоқталады/

2 «Салауаттылық-өмір салты» /жалпы денсаулыққа байланысты суреттің мағанасын ашу мақал мәтел кірістіріп/

4 «Тазалық - саулық негізі» /шаш күтімі , тіс күтімі жайлы әңгімелеу

5 «Тәні саудың жаны сау» / сұрақтарға жауап/

6. Не білдік? не үйрендік? /оқушылардың қорытындысы/


І Тобымыздың аты «Денсаулық» өйткені бүгінгі дені сау ұрпақ тәуелсіз еліміздің болашағы.

Топтың ұраны : «Денсаулығы ғаламның- денсаулығы баланың»

ІІ Тобымыздың аты «Болашақ» себебі денсаулық кепілі –ұқыптылық тазалық Біз спортпен шұғылдануды , жаман қылықтардан аулақ болуды қолдаймыз.

Топтың ұраны: «Еліміздің болашағы –дені сау азаматтың қолында»

ІІ Суреттің мағанасын мақал мәтелді қолдана отырып ашу.

1 Сақ жүрсең, сау жүресің

2 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

3 Тыста ұзақ жүргенің –ұзақ өмір сүргенің

4 Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі

5 Елемеген ауру жаман ескермеген дау жаман.

6 Іздеп алған аурудың емі табылмас


ІҮ. «Тазалық – саулық негізі» / бірінші топтың тапсырмасы Шаш күтімі /

/ екінші топ Тіс күтудің жолдары /

Ү. «Тәні саудың- жаны сау» / сұрақ жауап/

1 Шылымның зияны тиетін мүше? / өкпе/

2 Салауатты өмір салты деген не? /Салауатты өмір салты – спортпен шүғылдану , күн тәртібін , жеке бас гигенасын сақтау жаман әдеттерден аулақ болу.

3 Денсаулыққа зиян келтіретін не? /Жеке бас тазалығын сақтамау , аз қозғалу. артық тамақтану/



4 Темекі құрамындағы улы зат ? / никотин/

5 Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? «Ұстаздан ұлағат»

6 Туберкулезге қарсы күрес күні? / 24 науырыз/

ҮІІ Не білдім ? Не үйрендім ? /Топ қорытындысы/

«Денсаулық» тобы

Тәуелсіз елдің жастары

Бүгін міне тамаша іс бастады.

Салауатты өмір салтын қолдаймыз

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

«Болашақ» тобын

Бүгінгі тәрбие сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен

Көп нәрсені ұғып алдық

Кетпейтұғын мәңгі естен



Мұғалім :

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған Жақсыны көріп тыңдап , соған ұқсау керек Салмақты, сабырлы , білімді жат қылықтан аулақ болып өсе берейік.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.10.2019
1021
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі