жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Дені саудың – жаны сау»
Бекітемін
«Бәйтерек» бөбекжай бақша
меңгерушісі_________ Л.Сейдалиева
«_____» _______________2019 ж
Тәрбиеші: Игенбаева А
Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық»
Бөлімі: Қатынас, дене шынықтыру, музыка.
Тақырыбы:«Дені саудың – жаны сау»
Мақсаты: Балаларды «Дәрумендер» ұғымымен және де А, В, С дәрумендерімен таныстыру. Балаларға жемістер мен көкөністерде пайдалы дәрумендер болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Пайдалы жемістер мен көкөністердің құрамындағы дәрумендердің пайдасы және маңызы жайлы салауатты тамақтанудың маңызы туралы білімдерін бекіту. Балалардың қимыл – қозғалысын және бұлшықеттерінің қызметтерін жақсартуға арналған сергіту жаттығуын орындату.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: дәрумендер. Көрнекіліктер:слайд, жемістер мен көкөніс суреттері.
Полилингвалды компонент: дәрумендер – витамины–vitamin`s, көкөністер - овощи – vegetable`s, жемістер – фрукты – fruit`s.
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін сендер қандай әдемісіңдер. Айтыңдаршы, бүгін балабақшаға қандай көңіл-күймен келдіңдер? Балалар қараңдаршы, бүгін бізге қонақтар келді.Кәне, барлығымыз орнымыздан тұрып, қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері: «Бәйтерек» біздің бақшамыз, Қош келдіңіз баршаңыз. Жарқын-шаттық күн болсын, Қайырлы күн қонақтар!
Хат келеді: Біз «Тәтті жегіштер» елінің тұрғындарымыз. Біздің қаламыздың барлық тұрғындарының іштері ауырып қалды. Біз неліктен ішіміздің ауырғанын түсінбедік. Біздер үнемі дәмді тамақтармен тамақтанамыз. Түрлі торттар, чипсылар, кириешкилер, кола, пепси, фанта сияқты сусындарды ішеміз – деп жазыпты. -Балалар айтыңдаршы, олардың неліктен іштері ауырып жатыр екен?
Ендеше, балалар «Дәрумендер мен минералдардың керемет күші»атты видеоролик көріп алайық.
-Балалар, жеміс-жидек, көкөніс, міне осының бәрі дәрумендерге бай. Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнайы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Мысалы, алманың құрамында А дәрумені көп кездеседі. Көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. Ал, лимонды кесіп алып, шайға салып ішсе қан айналымы реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Ал, банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Ал көкөністердің пайдасына тоқталсақ, мысалы: қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы. Екіншіден, қызанақта С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан жарасы бар адамдар томат шырынын ішуі тиіс. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Сәбіздің құрамында да дәрумендер өте көп. Көп жесеңдер бойларың тез өседі.
Сендер дәрумендер туралы өлең шумақтарын білесіңдер ма?
Полилингвизм: Дәрумендер – витамины – vitamin`s.
Көкөністер – овощи – vegetable`s.
Жемістер – фрукты – fruit`s.
Сергіту сәті: Жалқаулықты тастаймыз, Жаттығуды бастаймыз. Шынығамыз жастай біз, Қиынсынып қашпаймыз. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір, Қимылдайды әр сәтте, Аяқта бір, қолда бір.
Қызықтыру сәті:«Аспазшы»кіреді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Аспазшы боламын. Бүгін сендерді дәрумендер туралы оқу-қызметін өтіп жатыр деп естідім. Сондықтан, сендерге арнайы қонаққа келдім. Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.Жемістерден тосап және компот қайнатады. Көкөністерден тағам ретінде салаттар жасаймыз. Балалар, сендер менімен бірге «Қысқа дайындық» ойын ойнағыларың келе ме? Д/О:«Қысқа дайындық». Шарты:Берілген жемістер мен көкөністерді пайдаланып, бірінші банкаға жемістерді жабыстырып компот, екінші банкаға көкөністерді жабыстырып салат жабу.
Саусақ жаттығуы: Этот пальчик – апельсин, Он, конечно, не один. Этот пальчик – слива, Вкусная, красивая. Этот пальчик – абрикос, Высоко на ветке рос. Этот пальчик – груша, Просит: «Ну-ка, скушай!» Этот пальчик – ананас, Фрукт для вас и для нас.
Аспазшы:Балалар, сендер бүгін көкөністер мен жемістер құрамында дәрумендер көп болатынын білдіңдер. Ендеше, сендерді өзімнің асханама барып, жемістер мен көкөністерден салаттар жасауға шақырамын. Олай болса, жемістер төсбелгісі бар балалар «Жемістер», ал көкөністер төсбелгісі бар балалар «Көкөністер»орталығына бөлініп, салат жасауға кірісейік.
Мақтап, мадақтау. Қорыту: -Балалар жемістер мен көкөністердің біздің ағзамызға пайдасы бар ма? -Дәрумендердің қандай пайдасы бар? -Бізге қонаққа кім келді? -Аспазшымен бірге не жасадық? -Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
|
Сұрақтарға жауап береді.
Өлең жолдарына сай қимылдар жасап, келген қонақтармен амандасады.
Олар дәмді тағамдар жегенімен, пайдалы тағамдар жеп жүрген жоқ.
Мұқият қарап, видеороликті тамашалайды.
Мұқият тыңдайды.
Айзат: Дәрумендер тірегің, АВСДЕ деп аласың. Жетіспесе бірі оның, Ауырып сен қаласың.
Алинұр: Витаминдер тұрағы, Түрлі тамақ құрамы. Қабылдасаң оны сен, Денсаулығың болады.
Айша: Табиғат сыйлаған, Жеміс пен көкөніс. Бойына жинаған, Дәруін алып өс.
Дәрумендер – витамины – vitamin`s. Көкөністер – овощи –vegetable`s. Жемістер – фрукты – fruit`s.
Өлең жолдарына сай қимыл-қозғалыстар жасайды.
Көргенімізге қуаныштымыз! Төрлетіңіз!
Қуана келіседі.
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Саусақ жаттығуын өлең жолдарына сай қимылмен жасайды.
Орталыққа бөлініп, салат жасауға кіріседі.
-Пайдасы өте көп. -Аспазшы келді. -Көкөністер мен жемістерден салат жасадық. -Ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар көкөністер мен жемістерді ажырата біледі.
Игереді:көкөністер мен жемістердің құрамы дәруменге бай екендігін, дәруменнің пайдасын.
Меңгереді: «Дәрумендер» ұғымын түсіне алды.
Талас ауданы Қаратау қалалық әкімі аппаратының «Бәйтерек» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Дені саудың - жаны сау»
Ашық оқу қызметі
«Алтын бесік» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Игенбаева А.
Қаратау қаласы
Тәрбиеші: Игенбаева А
Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық»
Бөлімі: Қатынас, дене шынықтыру, музыка.
Тақырыбы:«Дені саудың – жаны сау»
Мақсаты: Балаларды «Дәрумендер» ұғымымен және де А, В, С дәрумендерімен таныстыру. Балаларға жемістер мен көкөністерде пайдалы дәрумендер болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Пайдалы жемістер мен көкөністердің құрамындағы дәрумендердің пайдасы және маңызы жайлы салауатты тамақтанудың маңызы туралы білімдерін бекіту. Балалардың қимыл – қозғалысын және бұлшықеттерінің қызметтерін жақсартуға арналған сергіту жаттығуын орындату.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: дәрумендер. Көрнекіліктер:слайд,жемістер мен көкөніс суреттері.Полилингвалды компонент: дәрумендер – витамины–vitamin`s, көкөністер - овощи – vegetable`s, жемістер – фрукты – fruit`s.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген