Материалдар / «Дені саудың – жаны сау».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дені саудың – жаны сау».

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
710
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау».


Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактив тақта, қима суреттер,мақал-мәтел жазылған плакаттар.



Сабақтың барысы:

Бейне таспа арқылы денсаулық жайлы бейне баян көрсету.

Көрсетілген бейне баянға оқушылар тақырып қояды.
«Дені саудың – жаны сау».


Топтарды таныстыру:


1 – топ: «Пайдалы тағамдар»

2-топ: «Жеке гигиена»

3-топ: «Зиянды тағамдар»

Үш топқа тапсырмалар беріледі. Мұнда әр топ өздерінің топ атауларына тиісті суреттерді жинақтайды. Жинақтаған суреттер арқылы оқушылар дәлелдеп айтып береді.

Денсаулық жайлы мақал-мәтелдерді жалғастырып айту.

Денсаулық -........................ (зор байлық)
2. Дені саудың -....................... (жаны сау)
3. Емнің алды -................................ (еңбек)
4. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/
8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/
9. «...... қадірін ауырғанда білерсің»
10. «....... жасырған өледі»
Денсаулық жайлы тақпақтар айтылады.

Ырысбек:

Боларсың шымыр шынықсаң,
Денің сау болар балғадай.
Түсініп сырын сен ұқсаң,
Темекі досың болмағай.





Іңкар: 

Денсаулық - ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбіржерің ауырмай



Ләззат:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді,
Құры айтпаған ұлы Абай данамызда.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың бұл әлемде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.

Жандарбек:

Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білесің.
Жастық шақтың қадірін,
Қартайғанда білесің.
Отыз тістің қадірін,
Қақсатқанда білесің.



«Пайдалы тамақ» жайлы көрініс.

Қорытынды:

Бейне таспа арқылы «Шеңбер»әдісі арқылы денсаулық жайлы сұрақ-жауаптар.

Міне, кішкентай ғана бүлдіршіндеріміздің дені сау, құрыш білікті,  батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын жас ұрпақтарымыз  Қазақстанның өсіп, өркендеуіне, Қазақстан Мәңгілік ел – болуына, болашақта  өз үлестерін қосып, адал қызмет етіп,  мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын  үлкен  азамат болуына кәміл сенемін.
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында  
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жан ұяларыңыз қуанышқа толсын - дей  отырып сабағымыз аяқталады.

Көңіл қойып сынып сағатымызды тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет!  Қош сау болыңыздар!







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!