Шұғыла» бөбекжай-бақшасы
МКҚК
Дені саудың - жаны
сау
(спорттық - ойын
сайыс)
Өткізген
тәрбиешілер:«Қарлығаш» кіші топ тәрбиешісі Сопакова
А.К.
«Балапан» кіші топ
тәрбиешісі Назарова Н.С.
Қыркүйек 2019 оқу
жылы
Тақырыбы:
«Дені саудың - жаны
сау»
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, балабақша
тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Дені
саудың - жаны сау» атты спорттық ойынға қош келдіңіздер. Егеменді
еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды
тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің
қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың - жаны сау» атты мерекелік
сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал,
енді кәнекей «Қарлығаш» және
«Балапан» топтағы балаларымызды қарсы
алайық.
Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау,
дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш
қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау,
бір - біріне деген достық қарым - қатынастарын
дамыту.
Қажетті
құралдар:түрлі - түсті жалаушалар, денсаулық туралы
нақыл сөздер, доптар, шелек, кегли.
Жылулық шеңбері
Шеңбер болып
тұрайық
Алақанды
ашайық
Күннің нұрын
алайық
Жылынған
жүрек жылуын
Бір-бірімізге шашайық
Жүргізуші: Жалқаулықты тастаймыз!Шынығамыз жастай біз!Босқа
тұрмай қанекей. Жаттығуды бастаймыз!- Ал
балалар қолдарыңды белге қойып сап құрып, шеңбер бойымен жүреді,
аяқ ұшымен, өкшемен, жеңіл жүгіру
Жүру түрлерін аяқтың ұшымен,
өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру,жай жүру, жүгіру. 1). БасқаТік
тұру, қол желкеде, басты 1-ші оңға, 2-ші бастапқы қалыпқа келу,3-ші
солға,2). МойынғаТік тұрып, қол белде, мойынды оңнан солға қарай
айналдыру.(4 рет), 3). ҚолғаТік тұру, қол төменде, аяқ қосулы.1.
Қолды алға созу.2. Жоғары көтеру.3. Қайта алға созу.5). Отыру,
аяқты қосу.Қол тізе үстінде.1. Қолды аяқ ұшына
тигізу.2. Қайтадан тигізу.6) Демалу
жаттығуы.
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Жүргізуші: - Адамдардың көңілді, әдемі
боп жүруі неге байланысты?
Балалар: -
Денсаулыққа.
Жүргізуші: -
Дені сау адам - бақытты адам.- олар өз денсаулығын күтеді,
қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды.- Ал, сендер қандай
балаларсыңдар?Ақылды біз баламыз.Айтқан тілді аламыз.
Тәрбиеші: Балалар денсаулық басты байлық.
Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап,
денемізді шынықтырып, дұрыс тамақтанып,
күн тәртібін сақтау керек.
-
Балалар денсаулық туралы мақал - мәтел кім
біледі?
1.
Денсаулық - зор байлық.
2.
Дені саудың - жаны сау.
3.
Тазалық - денсаулық кепілі.
-
Өте тамаша балалар!
Жарыстың бөлімдерін сіздерге
айтып өтейін.
1. «Кім бірінші»
ойыны,
2. «Пингвиндер»
ойыны,
3. «Кім мерген»
ойыны,
4. «Кім
шапшаң» ойыны,
5. «Кеглиге» дәл тигіз
ойыны.
Тәрбиеші: Балалар
сайысымызды бастамас бұрын, денемізді шынықтырып, флешмоб
орындайық.
- Бәрекелді
балалар!
1 -
кезең. Көк аспандай
көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк
емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы - деп «Кім бірінші»
ойынын бастаймыз.
Ойын шарты: жалаушаны алып, жүгіріп межені
айналып келу.
2- кезең. Жүгір, жүгір желмен
жарысып,
Жүгір желмен жарысып.
Нұрға аман,
Болып қыран.
Өс
ұлан - деп «Кім мерген» сайысына кезек
берелік.
Ойын шарты:Жалаушаны алып, жүгіріп межені
айналып келу.
-
Жарайсыңдар балалар, сендер неткен жылдам
едіңдер.
3 - кезең. Спорт - біздің
досымыз,
Күш
қайрат сыйлаған.
Спорт - біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған - дей отыра
«Пингвиндер» ойынын ойнайық.Ойын шарты: допты екі тізесімен
ұстап жүру.
Ойын:
«Кім
шапшаң» Шарты: (доп жинау) Шелекке шашылып жатқан
жерден доптарды салу керек. Кім көп жинаса сол топ жеңіске
жетеді.
Ойын:
«Кеглиге» дәл
тигіз.Шарты: Қатар-қатар қойып доп лақтырып дәл
тигізу.
- Жарайсыңдар
балалар!
Құрметті спорт сүйер
қауым бүгінгі «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық ойын-сайысымыз
өз мәресіне келіп жетті. Бүгінгі қатысқан бүлдіршіндерімізге
алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта үлкен биіктерден көріне
беріңіздер. Келіп, тамашалап көргендеріңізге рахмет. Деніміз
сау болсын!