400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

дені саудың жаны сау

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі бойынша керемет дайын сабак жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың жаны сау

Сынып: 2

Сабақ тақырыбы

Спорт жарысына қатысамын. Сөз құрамы. Түбір мен қосымша

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып, көлбеу және таза жазады.

Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаның негізін ажыратады.

Көптеген оқушылар:

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрап, ат қояды.

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтап, мәтіннің тақырыбын табады.

Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратып, мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар.

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтап, өз ойымен жалғастырады.

Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратып, ереже құрайды.

Бағалау критерийлері

1. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.

2. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

3. Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратады.

4. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.

Тілдік мақсаттары



Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының 7 құндылықтарының бірі «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» маңыздылығын дамыта отырып, ынтымақтастық қасиеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу

АКТ-ны қолдану дағдылары

Https//youtu.be/8LEN8i9uiZY – сергіту сәті.


Бастапқы білім

Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім?, не? туралы айтылғанын анықтайды, жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал













Топқа бөлу



4 минут







Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушыларға медальдар таңдап алады.

Алтын медаль- көршісіне қарап жымию.

Күміс медаль – көршісіне басбармағын көрсетеді.

Қола медаль- көршісіне тілек айтады.

Топқа бөлу үшін

оқушыларды шеңбер бойына қойып, «Анна Шевченко, Ольга Мандрика, Ирина Быкова» фотосуреттерін таратып беріледі. Суреттерді тарату барысында оқушылардың деңгейлеп бөлінуіне мән беріледі.

Музыка қосып:

-Ортаға шаңғышылар тобын шақырамыз- дегенде, Анна Шевченко суретін алған балалар «Анна Шевченко» тобына барып отыра қалады.

-Ортаға «Ирина Быкова» тобын шақырамыз- дегенде, Ирина Быкованың суретін алған балалар «Ирина Быкова» тобына барып отыра қалады. Қалған топты да осы кезекпен отырғызылады.

-Балалар біз бүгін топқа бөлініп, топ болып шаңғыдан сайыс ұйымдастырамыз.

Ол үшін ең бірінші топқа бөлініп алайық.


Алтын, күміс, қола медальдар.










«Анна Шевченко, Ольга Мандрика, Ирина Быкова» фотосуреттері

спорт сайысына тән музыка.

Сабақтың ортасы

5 минут
































































12 минут





































































































































Сергіту сәті:

3 минут




















12 минут















































































№1 тапсырма «Суреттер сөйлейді»(Т)

Қазір шаңғышылар тобы 1 тапсырманы орындау арқылы өзіміздің тобымызға жылдам жүретін, сырғанайтын шаңғы таңдайтын боламыз.

Picture 16

Суреттері кезекпен беріледі. Оқушылар әр суретті алған сайын топпен әңгіме құрау керек. Әр суретке құрылған әңгіме келесі суретпен байланыста болу керек.

-Балалар, мен қазір әр топқа суреттер беріп отырамын. Сол суреттер арқылы «спорттық сайыс» тақырыбында, топпен әңгіме құрап көрейік.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.


-Суреттегі сөзді табады.

-Сол сөзге сөйлем құрайды.

-Сөйлемдерді байланыстырады.

-Шыққан мәтінге тақырып қояды.



Қ.Б «Жүйрік шаңғылар» әдісі

Топтардың құраған әңгімелерін «жүйрік шаңғы» беру арқылы бағалап жіберейік.

жасыл түсті шаңғы- өте жақсы

сары түсті шаңғы-жақсы

қызыл түсті шаңғы-толықтыру керек еді.

-Топпен ақылдасып, қай топқа қандай шаңғы ұсынатынымызды айтып жіберейік.

-Балалар, өте жақсы. Барлық топ өте жылдам жүретін шаңғы таңдап алған екен. /қай топтың қандай шаңғы алғанын атап өту/

- Барлық топ шығармашылықпен, ынтымақтастықпен әңгіме құрап, бір-бірімізді бағалап шықтық. Олай болса өзіміз құраған мәтінге ұқсас мәтінмен танысайық. Келесі кезеңнің тапсырмаларын орындап, қай топтың қандай спорттық киімінің түсі қандай болатынын анықтайық.

№2 тапсырма(Т) «жиксо әдісі»

Мәтінді оқып, мәтіндегі негізгі ойды анықтап, мәтіннің тақырыбын табайық.

/мұғалім мәнерлеп оқып береді/

1 топ-мазмұнын айту,

2 топ- сұрақтар дайындау,

3 топ- тақырып қою,

4 топ-мәтінді жалғастыру.

Мәтін: Шаңғы жарысында

/мәтіннің тақырыбы оқушыларға берілмейді, жасырын болады./

Ертең жарыс болады деген күні аспанды бұлт торлап, түні

бойы қар жауды. Келесі күні бұлт ыдырап, күн жарқырап

ашылып кетті.

Жарысқа қатысатындарды сапқа тұрғызған мұғалім:

– Бүгінгі жарыста сендерден жаңа рекорд күтеміз, – деді.

...Жарыс басталды. Тәуке бірден алға түсті.

Бірақ орта жолда Ержан Тәукені қуып жетіп қалды. Тәуке

артына қарағанда, ол күлімдеп қойды. «Несіне мәз болады

екен!» деді бұл ызалана. Ол алға ентелеп, аяқты ышқына

сілтейді.

Бірақ Ержан сонда да қалысатын емес. Ол Тәукенің

қасынан зу етіп өте шықты.

Бұл кезде Тәуке де тау жотасына іліккен еді. Бірақ өзінің

әлсіреп қалғанын енді айқын сезді. Көз алдына: «Рекорд!

Рекорд!» – деп шулаған балалар елестейді...

Авторы: Құрманбай Толыбаевтан

- Балалар, мәтіндегі кейіпкерлерді атайықшы.

-Жарыс болатын күні ауа-райы қандай болды?

-Мұғалімнің іс-әрекеті қандай болды?

-Жарыс басталғанда қай кейіпкер алдыға шығып кетті?

-Орта жолда Тәукені кім қуып жетіп қалды?

-Қуып жетіп қалған Ержанды көрген Тәукенің әрекеті қандай болды?

-Ержан Тәукеге жете алды ма?

-Бұл кезде Тәуке қай жерде еді?

-Қасынан Ержан өте шыққандағы Ержанның іс-әрекеті қандай болды?

-Ержан озып кеткенде Тәукенің көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар?

-мәтінде жасырынып тұрған негізгі ой қандай деп ойлайсыңдар?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.


Мәтінді түсініп оқиды.

Мәтіндегі негізгі ойды табады.

Мәтінге тақырып қояды.

Мәтінді өз ойымен жалғастырады.


Қ.Б. (Ж) «Спорттық киім түсі» Оқушыларды топ бойынша мұғалім бағалайды.

4 балл алған оқушыға жасыл спорттық киім

3 балл алған оқушыға жасыл спорттық киім

2-1 балл алған оқушыға жасыл спорттық киім

/қай топтың балалары қандай спорттық киім киетіндерін атап өту./

Әр топтағы оқушылар өз-өздерін ауызша бағалайды.

Мен «мақсатыма жеттім, мен жартылай орындадым, маған көмек керек».

- Балалар, топтар арасындағы спорттық сайысқа қатысамыз деп шаршаған шығарсыңдар, бір демалып алайық. Ол үшін орынымыздан тұрайықта алдағы жарыстарға күш жинау үшін музыкамен жаттығу жасап жіберейік.

Https//youtu.be/8LEN8i9uiZY

-Балаларар, алдымызда соңғы шешуші сәт, старттан мәреге жету қалды. Бар күшімізді жинақтап, тобымыздың алдыда болуына талпынайық. Ол үшін, дәптерді ашып бүгінгі күнді жазайық. Арқамызды тік ұстап, дәптерді көлденең қойып, жазуымызды әдемілеп жазамыз.

№3 тапсырма /Ж/ «Шаңғышыларға жұмбақ»

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табайық.

/Тәуке, Тәукені; күн, күні; жарыс, жарысқа/

-Балалар, жұбымызбен мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді тауып алайық. Сол сөздердің бізден жасырған сыры бар екен

-Сөздердің жұбын тауып алайық?

-Сөздерді сол жұптарымен дәптерге жазып алайық.

-Енді сөздерді салыстырайық.

-Қандай өзгеріс байқап тұрмыз?

-Сөздің өзгеруіне не әсер етіп тұр?

-Түбір сөз дегеніміз қайсысы?

-Қосымша дегеніміз не?

-Өзіміз ереже құрап, мысал келтіріп көрейікші.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейді: күн, жыл, спорт, палуан.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейді:

күні, жылдар, спортшы, палуандар.

Түбірдің белгісі – доғал, күйші.

Ендеше дәптерге жазып қойған сөздердің түбірін, қосымшасын қара қарындашпен белгілеп қояйық. Дәптерді ұқыпты, таза ұстаймыз.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратады.

-Берілген сөздерді жұптастырады.

-Жұптасып тұрған сөздерді салыстырады.

-Түбірін табады.

-Қосымшаны табады.

-Ереже құрайды.

-Өздері мысал келтіреді.

Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.

-Көлбеу жазады.

-Әріптердің көлемі талапқа сай болады.

-Дәптерге таза жазады.

-Қара қарындашты дұрыс, таза пайдаланады.

Қ.Б. (Ж) «Қай топ бірінші?»

Міне, балалар, сөздердің жасырған сырын тауып алдық. Ендеше жұптар бір-бірімізді алдымызда жатқан бағалау парақшасына медаль жапсырап жіберейік.

Қай топ үшінші мәреде қандай жетістікке жетті екен? /Мәреге бірінші жеткен топты атап өту/

1-5 балл – қола медаль

6-8 балл- күміс медаль

9-10 балл- алтын медаль

Шаңғы, шаңғы теуіп жүрген балалар, денешынықтыру пәнінің мұғалімі, шаңғы теуіп келе жатқан екі бала суреттері



























Жасыл, сары, қызыл түсті шаңғылар суреті



















Мәтін жазылған парақшалар.













































































































Жасыл, қызыл, сары спорттық киімдер үлгісі









Интернет, интерактивті тақта, видео

















Тақта, дәптер, ереже жазылған, түбірдің, қосымшаның белгілері бар парақша немесе интерактивті тақта,



































































Бағалау парақшасы, медальдар шаблоны





4 минут

Кері байланыс





























Рефлексия «Шаңғышы-лардың көңіл күйі қандай»

Міне, балалар, бағанадан бері шаңғы сайысына қатысып, қаншама медальдар жинадық. Ал қазір «Біздің сынаптың спорттық жетістіктері» деген ойын ойнаймыз. Ол үшін жетістіктер тақтасына кубоктарды жинаймыз.

Сабақты түсіндім- алтын кубок,

Сабақта аздап қиналдым – күміс кубок,

Сабақ қиын болды- қола кубок


-Өте жақсы балалар.

-Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіміз қалай?

-Бүгін сабақта не ұнады?

-Бүгін сабақта не үйрендік?

-Бүгін сабақта не қиын болды?


Сөре, кубоктар шаблоны







Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

№ 1 тапсырмада саралаудың диалог және қолдау көрсету, бағалау тәсілдерін таңдадым. Мақсатым, оқушыларды бағалау арқылы педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа түрлерін оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түзетіп отыру.

2 тапсырмада саралаудың дерекөздер тәсілін, жіктеу тәсілін, қарқын тәсілін, бағалау тәсілін таңдадым. Себебі берілген материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

№3 тапсырмада тапсырма тәсілін, диалог және қолдау көрсету тәсілін, қорытынды тәсілін алдым. Себебі кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

«Жүйрік шаңғылар» (Т)

жасыл түсті шаңғы- өте жақсы

сары түсті шаңғы-жақсы

қызыл түсті шаңғы-толықтыру керек еді.

«Спорттық киім түсі» (Ж)

4 балл алған оқушыға жасыл спорттық киім

3 балл алған оқушыға жасыл спорттық киім

2-1 балл алған оқушыға жасыл спорттық киім

«Қай топ бірінші?» (Ж)

1-5 балл – қола медаль

6-8 балл- күміс медаль

9-10 балл- алтын медаль

Кері байланыс

«Біздің сынаптың спорттық жетістіктері» Жетістіктер тақтасына кубоктарды жинаймыз.

Сабақты түсіндім- алтын кубок,

Сабақта аздап қиналдым – күміс кубок,

Сабақ қиын болды- қола кубок

Рефлексия

«Шаңғышылардың көңіл күйі қандай» -Өте жақсы балалар.

-Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіміз қалай?

-Бүгін сабақта не ұнады?

-Бүгін сабақта не үйрендік?

-Бүгін сабақта не қиын болды?



Отырғанда, жазу жазғанда арқаны тік ұстап отыру.


Дәптермен, кітаппен көздің арасының ара қашықтығын сақтау.


Көз шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыруға арналған жаттығу жасау.


Сергіту жаттығуын жасату барысында қауіпсіздікті сақтау


Интерактивті тақтамен жұмыс жасағанда экраннан 60-70 см қашықтықта тұру.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі