400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Дені саудың-жаны сау"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу

Барысы: 1. Тәрбиеші:

- Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.
а) Топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері «Зерде» және «Зейін» топтарын шақырайық
ә) Әділ - қазы мүшелерін сайлау
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,
- дей отыра әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
2. «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:
І - айналым: «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
ІІ - айналым: «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 3 минут уақыт аралығында математикалық амалдарды дұрыс орындай орындап, барынша көп есеп шығаруы керек. Жеңген топ дұрыс шығарған есептері бойынша ұпай жинайды.
ІІІ - айналым: Құрастырма сурет. Бұл айналымда топтарға суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топқа 5 ұпай беріледі, жеңілген топқа 2 ұпай ғана беріледі.
ІV - айналым:»Кім жылдам» ойыны. Қазақ тілінен сөз беріледі. Белгілі уақыт аралығында бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады..
Қорытынды. Зияткерлік ойын нәтижесін анықтау үшін әділ - қазыларға сөз кезегін береміз.
3. – Ал, балалар, енді сайысымызды бастайық, бірінші бүгінгі сайыскерлерімізбен таныстырып өтейік. Сөз кезегін топтарға берсек. Топтардың танысуы
І - топ: «Зерде» тобы Ұраны: Қалың қауым амансыз ба? «Зерде» тобы алдыңызда. Білімімізді көрсетеміз Бүгінгі білім жарысында.
ІІ - топ: «Зейін» тобы Ұраны: Көрген, білген, түйгенін Көкірегінде сақтайтын. «Зейін» тобы біздерміз Білім сайысында қалыспайтын.
Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар. Мұнда қызық табылар Білім нұры шашылар Ақыл, тілі дамыған Үлгі алайық баладан
І - айналым: «Білгенге маржан». 
Сұрақтарға жауап беру І - топқа: 
1. Өлең жазатын адам (ақын) 
2. Сиырдың төлі (бұзау) 
3. Ас атасы не? (нан) 
4. Аптаның екінші күні (сейсенбі) 
5. Оқушының сабақ кестесі, үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы (күнделік) 
6. Қазақтың ұлы ақыны (Абай) 
7. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты қалай атаймыз (шаршы)
ІІ - топқа: 
1. Қойдың төлі (қозы) 
2. Ән айтатын адам (әнші) 
3. 5 ондықтан құралған сан (елу) 
4. Аптаның үшінші күні (сәрсенбі) 
5. Дүниедегі ең қадірлі адам (ана) 
6. Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы бар геометриялық фигура (үшбұ рыш) 
7. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
ІІ - айналым: «Математик» Математика пәнінен бірнеше есептердің шешімін табу ұсынылады: Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп, Кім шығады кәнекей, жауабын мен білем деп? І - топқа: 1. Бірінші қосылғыш – 43, екінші қосылғыш – 35. Қосынды нешеге тең болады? 2. 97 мен 23 сандарының айырмасы неше? 3. Бақта 19 алма ағашы бар, ал алмұрт ағашының одан 28 - і артық. Бақта барлығы неше ағаш бар? 4. 1 ғасырда неше жыл бар? 5. 49 - ға 26 - ны қос. ІІ - топқа: 1. Бірінші қосылғыш – 28, екінші қосылғыш – 41. Қосынды нешеге тең болады? 2. Азайғыш – 49, азайтқыш 30. Айырманың мәні нешеге тең? 3. Бақтан 70 кг алма жиналды. Алманың бір бөлігі жәшіктерге салынғанда, тағы 18 кг алма қалды. Жәшіктерге неше кг алма салынды? 4. 1 тәулікте неше сағат бар? 5. 50 - ден 26 - ны азайт.
ІІІ - айналым: «Құрастырма сурет» Мұғалім: Тауды биік деме сен Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты деме сен Білімді болсаң жығарсың. дей келе, келесі «Құрастырма сурет» атты айналым тапсырмасына назар аударайық. Сурет нұсқасы алдымен сайыскерлерге көрсетіледі, суретте ненің бейнесі берілгендігі анықталады, соңынан берілген фигуралардың көмегімен сайыскерлер сол суреттің бейнесін шығаруы керек.
ІV - айналым: «Кім жылдам» ойыны. Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп құрастырған топ жеңімпаз атанады. 
«Қызғалдақ» - І топ, «Жауқазын» - ІІ топ. «Қызғалдақ» - қыз, ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ «Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу,
Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін берейік. Жеңімпаздарды мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
751
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі