Авторы: Халекенова Бақтыгул
Набиуллиновна
БҚО
Орал қаласы №19 жалпы орта
білім беретін мектебі
Шағын орталық
Білім беру
саласы:Қауіпсіздік мінез-құлық
негіздері
Тақырыбы: «Дені саудың-жаны
сау»
Мақсаты: Заттармен жалпы дамыту
жаттығуында үйлесетін қабілетін
дамыту, дәлдеп алысқа лақтыру, төрт
тағандап жүруді, секірт-
педен секіруді үйрету. Салауатты өмір
салтын, дене мәдение-
тін қалыптастыру. Балаларды шапшаңдыққа,
жылдамдыққа,
өз отбасына, достарына қайырымдылық,
сүйіспеншілік сезіміне
тәрбиелеу.
Құралдар: доп, кедергілер, үлкен доп
,туннель,нақыл сөздер, пирамидалар, бақа
атрибуты
Блингвистикалық
компоненттер: жұмбақ
жасыру.
Инклюзивті
әлеумет: Ұялшақ балаларға көмек
көрсету.
Әдіс-тәсілдер:
Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, көркем
сөз, ойын, мадақтау.
Тәрбиеші:
Құрметті әріптестер, балабақша
тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Дені
саудың - жаны сау» атты спорттық ойынға қош келдіңіздер. Егеменді
еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды
тәрбиелеу біздің
міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің
қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың - жаны сау» атты мерекелік
сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат
етіңіздер.
Марш ойналып, балалар залға бірінің артынан
бірі жүріп келеді.
Кіріспе
бөлім: Балалар залға музыкамен кіреді. Шеңберде
жаттығулар (бой жазу).
Жан - жақты жаттықтыратын
жаттығулар:
Адымдап
жүру
-
Қол
көтеру (өсеміз)
-
Өкшемен
жүру
-
Тізе бүгіп (кішірейу, аю болу,
қоян болу)
-
Секіру
-
Иреленіп
жүру (кедергілер
арқылы)
-
Бытырап
жүру
Тәрбиеші:
Бәрекелді
балалар!
Тәрбиеші:
Балалар денсаулық басты байлық. Балалар
деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз
шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау
керек.
- Балалар денсаулық туралы мақал - мәтел кім
біледі?
1. Денсаулық - зор
байлық.
2. Дені саудың - жаны
сау.
3. Тазалық - денсаулық
кепілі.
4. Денсаулықтың қадірін ауырғанда
білерсің.
5. Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр
үйдің.
- Өте тамаша
балалар!
Балалар интерактивті тақта арқылы видео ролик
қарайды, жұмбақтар шешеді.
Сергіту сәті. (орыс
тілінде)
Балалар интерактивті тақта арқылы
дәрумендерді үш тілде
қайталау.
Ал, кәне балалар « Көк доп» және «Қызыл доп»
тобы болып екі топқа
бөлінейік.
-
« Пирамида жинау»
ойыны
Ойын шарты: Текшелерді үлкен
кішіге бөліп жылдамдықпен жинау
-
«Бақа»
ойыны
Ойын шарты: Түрлі түсті
кедергілерден бақаның жүрісін салып өтіп, қолымызға допты алып
секирип мәреге жету.
-
«Кім епті»
ойыны
Ойын шарты: Түрлі
кедергілерден өтіп мәреге жылдамдықпен
өту.
Құрметті апайлар бүгінгі спорттық ойынымыз өз
мәресіне келіп жетті. Бүгінгі қатысқан бүлдіршіндерімізге
алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта үлкен биіктерден көріне
беріңіздер. Бүгінгі жеңістерің құтты болсын. Келіп, тамашалап
көргендеріңізге рахмет. Деніміз сау
болсын!
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
Жаттығуларды бірдей орындай
алады.
Игереді:
Топқа бөлініп тапсырмаларды орындауды
игерді.
Меңгереді:
Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын
нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысады, бір - біріне деген
достық қарым – қатынастарын
меңгереді.
№19 жалпы орта білім беретін
мектеп жанындағы шағын орталығы
Ұйымдастырылған оқу
қызметі
Тақырыбы:
«Дені саудың-жаны
сау»

Өткізген: «Ертарғын» тобының
тәрбиешісі:Халекенова Б.Н