400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дені саудың-жаны сау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінік беру.Баланың бойына ерте жастан ұлттық құндылықтарды сіңіру.Патриоттық тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балбөбек» тобында ұйымдастырылған ашық тәрбие қызметі.

Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»

Мақсаты: Халықтық дәстүрлі спорт өнерін жаңғырту. Балаларды мергендікке, жылдамдыққа,етілікке баулу.Қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылық сезімдерін ояту. Патриоттыққа тәрбиелеу.

Музыка әуенімен балалар топқа кіреді.Амандасады.

Тәрбиеші:

Денсаулық ол-шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол- тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсауық ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай,

Денсаулық ол-жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Ғажайып сәт: Топқа Жалқаубек кіреді:Сәлеметсіңдер ме,балалар мұнда не болып жатыр?

Балалар: -біз бұл жерге сайыс өткізуге келдік.Біз сортшылармыз.

Жалқаубек:-ой одан да менің айтқанымды істеңдер.Келіңдер ортаға.Мен сендерге бір би үйретейін.


Би: «Жалқаубек»


Тәрбиеші: Жалқаубек сен олай балаларды азғырма.Мынау еріншектердің шығарған биі ғой деймін. Жаңа ғана сайысқа сақадай сай болып келген балаларды қалай еріншек балаға айналдырып жібердің.

Абай аталарың айқан «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Содан қашпақ керек:әуелі-надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық деп білесің.Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыздық, жігерсіздік,ұятсыздық,кедейлік-бәрі осыдан шығады» Спорт ол-денсаулық кепілі. Денсаулықты күту әр адамның борышы.Шынықсаң шымыр боласың.Сымбатты,сұлу болып өсесің.


Балалар: -Иә апай.Жалқаубек бізді азғырғанша бізбен бірге сайысқа қатыс. Спорттың пайдасын өз көзіңмен көр.


Жалқаубек : -Жарайды.


Тәрбиеші: -Бүгінгі сайысымыз жеті кезеңнен тұрады .

  1. «Аударыспақ»

  2. «Ханталапай»

  3. «Теңге ілу»

  4. «Қол күрес»

  5. «Жамбы ату»

  6. «Асық ату»

  7. «Арқан тартыс»

Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін : балабақша меңгерушісі:Г. Абдраманова

Әдіскері:М. Батаева,тәрбиеші: М.Алимбетова.Медбике:Г.Нияз.

Балаларды екі командаға бөлу.


І кезең: «Аударыспақ»

Шарты: беліндегі арқанның көмегімен тартысу.Сызықтан кім бірінші асса,сол жеңімпаз.


ІІ кезең : «Ханталапай»

Шарты: балалар шеңбер бойында отырады ортаға асықтар тасталады.Әр жай асық бір ұпай. Қызыл асық екі ұпай.


ІІІ кезең: «Теңге ілу» сайысы.

Шарты: Самокатпен жарысып келе жатып,шеңбер ішінде жатқан теңгені біртіндеп алу.


ІV кезең: «Қол күрес»

Шарты: Күш сынасу.


V Кезең: «Жамбы ату» мергендер сайысы.

Шарты: самокатпен келіп, нысананы садақпен ату.


VІ кезең: «Асық ату»

Шарты: шеңбер ішіндегі асықты атып құлату. Шеңбер бойынан асырып шығарылған асыққа екі ұпай.


VІІ кезең: «Арқан тартыс» сайысы.

Шарты:екі команда тартысады.


Ән: «Балдырған әні»

Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

Марапаттау рәсімі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі