Материалдар / Дені саудың жаны сау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дені саудың жаны сау

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ, ашық сабақ, ашық сабақ, ашық сабақ,ашық сабақ, ашық сабақ, ашық сабақ, ашық сабақ,ашық сабақ, ашық сабақ, ашық сабақ, ашық сабақ,ашық сабақ, ашық сабақ, ашық сабақ, ашық сабақ,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2022
245
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өскемен қаласы әкімдігінің "Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ






2020-2021 оқу жылындағы атқарылған Тәжірибе-эксперименттік жұмыстардың бірінші кезеңі бойынша есеп



Дене шынықтыру пәні мұғалімі : Тоқтарбай Саят Асхатұлы


































2021 жыл



Қаланың ізденіс тақырыбы
"Оқушылардың 21 ғасыр дағдыларын дамыту" – жаңа күрделі әлемде нені білу және қолдану керек

  • "Болашақ дағдысы – жаңа білімнің үлгісі"

Лицейдің өзекті тақырыбы

21 ғасыр дағдыларын дамытуда оқушылардың білім-білік дағдыларын инновациялық білім беру технологиялары арқылы арттыру

Дамыту пәндері кафедрасының өзекті тақырыбы:

Дамыту пәндерін оқытуда инновациялық жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың креативті, сыни ойлау жағдыларын қалыптастыру.


Өзекті тақырыбым:

География пәнін оқытуда оқушылардың креативтілік ғылыми дүниетанымдық дағдыларын сыни ойлау әдістерді қодану арқылы қалыптастыру


Тақырыптың өзектілігі: «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында»: білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту, білім берудің дамыту сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бірден-бір жолы - дидактиканың бірден-бір ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен лицей оқушыларының ой-өрісінің, шығармашылық даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми іс-әрекеттерін белсендірудің оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді жағы болып табылады. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-зерттеудің өзектілігі болып табылады.


1 кезең (2020-2021 оқу жылы) - дайындық кезеңі


Қойған мақсатым: Лицейде география пәнінен білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы білім беру технологияларын, оның ішінде 21 ғасырдың базалық дағдыларын енгізіп сыныптарда зерттеу жүргізу.

Кезеңді жүзеге асырудағы алға қойған міндеттерім:

Оқытудың жаңа заманауи технологияларын қолданып іс-тәжірибеден өткізу үшін:

-Теориялық жинақтамаға эксперимент жүргізу;

-Оқытуда қауіпсіз орта мен жайлылық жағдайға диагностикалақ зерттеулер жүргізу;

-Эксперименттің дайындық кезеңінің жүру барысына мониторинг жүргізу;

-Теориялық жинақтамаға апробация жүргізу ;

-ТЭЖ бағдарламасының мазмұнына сәйкес педагогикалық идеялар банкін құру;

Жұмыстың негізгі мазмұны

Оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған коучинг пен тәлімгерлік, сыныптағы бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі әрі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында әріптестерге қолдау көрсету педагогикалық іс-тәжірибелерді семинарлар мен конференциялар арқылы

тарату.

Күтілетін нәтиже

Лицей жағдайында оқушылардың дарындылығы мен талантылығын сауаттылығын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер талданып, сарапталады.

- Оқытуда қауіпсіз орта мен жайлылық жағдайға диагностикалақ зерттеулер жүргізіліп, аналитакалық талдау жасалынады.

-Эксперименттің даярлық кезеңінің жүру барысына мониторинг жасалып, талдау жүргізіледі.

Зерттеу объектісі: 8 - «Б» сыныбының оқу-тәрбие үрдісі.

Салыстыру объектісі: паралель 8 - «Ж» сыныбы

Зерттеу пәні: География сабақтарында оқушылардың ғылыми дүниетанымдық дағдыларын, шығармашылығын белсенділігін арттыру

Зерттеу мақсаты: Оқушының алған теориялық білімін өмірде пайдалана алу қабілетін дамыту. Практикалық жұмыстарды орындату арқылы танымдарын тереңдету, ББД дамыту.

Зертеу міндеттері:

  • Оқушы шығармашылығын дамыту негізінде субъектілік белсенділігін арттыру;

  • Тұлғаның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына жағдай жасау;

Зерттеу әдістері:

зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (философиялық, филологиялық, психологиялық, педагогикалық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді жинақтау.

Дайындық кезеңінде атқарылған жұмыстар:


1.Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (философиялық, филологиялық, психологиялық, педагогикалық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасалды.

2.Экспериментке қажетті ғылыми әдебиеттердің тізімдемесі жасалынып олардың ішінен авторлардың көзқарастары, идеялары,ұсыныстарынан банк құрылды


Нормативтік-құқықтық құжаттар


1. Білім туралы «Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы»;

2. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы»;

3. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі "атты Қазақстан халқына жолдауы

4. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Экспериментке арналған әдебиеттер:

1. Лошкарева Е. (авторлық ұжым)"Болашақ дағдылары. Жаңа күрделі әлемде нені білу және білу керек. 5 тарау "ХХІ ғасыр дағдылары»

2. Исмуханова Г. Шарипова Д. және т.б. «Социологиялық өлшемдегі қазақстандық қоғамның құндылықтары". Алматы: Басылым. "DELUXE Printery" ЖШС 2020ж. -1433.

3. Қазақстандағы жаңартылған білім беру бағдарламасы


Пән бойынша әдебиеттер тізімі:


1. Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. География мектепте. №3 2001

2. С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және білім философиясы. Жаңа мектеп.№2 – 2006 жыл.

3. Журнал «География Қазақстанның мектептерінде және жоғары білім беру оқу орындарында » 2007ж.

4. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы. 2006ж.

5. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ. 2003

6. Таубаева Ш.Т. , Барсай В.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп- №3,4-1999.






















Банк №1

Географияны оқыту әдістемесінде қолданылатын жаңа

технологиялар және олардың тиімділігі


«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.

Бүгінгі ғылыми прогресс дамыған заманда мұғалім бір орнында тоқтамай үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Қазіргі таңдағы өндірістік қоғам дамуының аса маңызды сипатының бірі-ақпараттық технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде білім беру саласына енуі білім беру ісінде елеулі өзгерістердің енуіне әсер етті. “Оқытудың ақпараттық ортасы” термині ақпарттық ортаны пайдаланудың сапалық өзгерісіне байланысты өзекті болып отыр. Ақпарттандыру ұғымы компьютерлік технология және компьютерлендірумен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның компьютерлік технологиясыз іске асуы мүмкін емес. Барлық дамыған елдерде оқытудың компьютерлік технологиясы пайдаланылады. Себебі, біріншіден, оқытуда бұл технологияны пайдаланбау оқыту процесінің қарқындылығынң төмендеуіне әсер етсе, екіншіден, қазіргі уақыттағы ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты [1].


3. бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді жинақтау.


Зерттеуді жүзеге асыру процесінде шығармашылық ойлау, бастамашылдық, негізделген тәуекелге қабілеттілік, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі бағалау, бірлесе жұмыс істеуге икемділік, жетістіктер мотивациясы, жұмыстанудың жоғары белсенділігі сияқты қасиеттер дами түсетінін анықтадым. Бұл қасиеттер индивидтің өзіндік жүзеге асырылуы үшін маңызды. Зерттеу қызметті жүзеге асыру процесінде субъект жаңа идеяларды алға тартып, жаңа білім, қызмет әдіс-тәсілдерін тудыратын болғандықтан, ол негізінен, интеллектуалды-шығармашылық қызмет болып табылатынына көзім жетті. Зерттеу жұмысы, оқушының көзқарасымен – бұл шығармашылық потенциалдың максималды ашылу мүмкіндігі бар үрдіс екенін практика жүзінде дәлелдедім.  





Тәжірибе эксперименттік жұмысында зерттеуге алынған технология

«Жобалау технологиясын қолдану əдістері».

Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - америкалық Джон Дьюи атты психолог жəне педагог, философ.

Мақсаты

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.

Технологияның тиімділігі

Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Əр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, əр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, əр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға , шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеш білуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясы негізінде - оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет. Жоба жұмысы кезеңдері. Жұмыстың мазмұны. Мұғалімнің тəрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-əрекеттері. Оқушылардың іс - əрекеттері. 1. Дайындық кезеңі жоба тақырыбын анықтау. Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы əрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Əр оқушы өмірлік тəжірибесіне (егер ол болса) , сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды. 2. Жоспарлау топқа бөлу. Ақпарат жинау жəне талдаудың жолдарын көрсету. Əрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Əрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі.



Болжамы:

Егер география сабақтарында мұғалім оқу- тәрбие үрдісінде оқушы шығармашылығын арттыру мақсатында әр түрлі әдіс- тәсілдерді, шығармашылық пен қызықты практикалық тапсырмаларды қолданса, оқушының пәнге деген қызығушылығы, білім-білік дағдылары артып, сөздік қорлары көбейіп, білім сапасы жоғарылайды.


2020-2021 оқу жылы кезеңінде ТЭЖ кезеңінде төмендегідей кемшіліктер кетті:


Кемшіліктер

1.Оқушыларды психологтық-педагогикалық тұрғыдан зерттеуден психологиялық кабинеттің жұмысының толыққанды жүргізілмеуі:

2. Жыл көлемінде қатысқан ҒПК мен педагогикалық оқулардың тәжірибелерін практика жүзінде үнемі пайдаланбау;


(2021 – 2023 оқу жылы) - эксперименттік 2 кезеңге арналған жоспар 2021 – 2022 оқу жылы эксперименттің 1-жылы



Міндеттері:


1. География пәнін оқыту кезінде күрделі және әр түрлі жұмыс процесіне тарту, ынтымақтастық негізінде материалды оқуға қажетті дағдыларды игеру.

2. География пәнін оқытқанда инновациялық процестің динамикасын бақылау, алға жылжу мен қиындықтарды жедел анықтау, проблемалық өрістерді түзету


Шаралар атауы

Түрі

Мерзімі

1

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.

Шебер-сынып

Қыркүйек

2

Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың білім білік дағдысын шыңдау

Баяндама

Қазан

3

География сабақтарында сыни ойлау дағдыларын қолдану жодарын үйрету

Ашық-сабақ

Қараша

4

География пәнін оқытуда тиімді инновациялық білім беру тәсілдері

Баспасөзге мақала жариялау

Желтоқсан

5

География пәнін оқытуда оқушының қызығушылығын арттыру

Шебер-сынып

Қаңтар

6

Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерістеріндегі кездесетін қиындықтар мен оларды жеңу жолдары

Нұсқаулық (инструктивті) сабақ

Ақпан

7

География пәнін оқытудың психологиялық аспектілері

Дөңгелек стол (тәжірибе алмасу)

Наурыз

8

Инновациялық білім беру тәсілдерінің тиімділігін анықтайтын мониторинг жасау

Сауалнама, бақылаулар қорытындысы

Сәуір

9

Эксперименттік 2 кезеңнің 1- жылының қорытынды есебі

Есеп беру

Мамыр






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!