Материалдар / Дені саудың жаны сау

Дені саудың жаны сау

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс тамақтану, пайдалы азық түлік туралы жалпы мағлұмат
Авторы:
02 Маусым 2024
159
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Тәрбие сағаты

«Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл күй, күйзеліске түспеу»

Күні

16.10.2023

Класс жетекші:

Мақсатқызы А

Класс: 7 Г

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл күй, күйзеліске түспеу» («9 ай- 9 іс-шара»)

Сабақтың мақсаты:

Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

Құндылықтарды дарыту

  • Ой-өрістерін, сана сезімдерінің тілдерін, шығармашылықтарын дамыту

Ресімдеу

Мұғалімнің материалдары

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басы


Амандасу, түгендеу.

- Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)

Біздің елімізде 20 млнға жуық адам бар. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 69 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиялық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.
Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
 Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның»



Денсаулықтың 6 шарты бар – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл күй, күйзеліске түспеу»

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді






Оқушылар өз ойларын айтады




Мұғалімнің түсіндіруі


Ортасы


- «Тамақтану бағдаршамы » ойыны: Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса оң қолды, келіспесе- сол қолды көтереді

(балық, сағыз, чипсы, айран, «Кола», шоколад кәмпиттер, сәбіз, сарымсақ, торт, алма, орамжапырақ, қарақұмық)

І оқушы:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айгүл, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?- деді Айгүл таңырқап.

Сұрақ: Алма неге Айгүлге олай айтты.Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?
ІІ оқушы
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
- Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

Жауап: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықтыжоғалтуоңай, қалпынакелтіруқиын.

ІІІоқушы:

Асханада Айгүл тамақ жеп отырып, балалармен сөйлесіп, қатты күліп отырды.Ұстазы оған жақын келіп, -Айгүл, асханаға сен не үшін келдің?-деп сұрадф. Айгүл үндемей қалды.

Күніне 3-4 рет уақытында тамақтану қажет.

Тағамды 3-4 сағаттан соң қабылдау керек

Тамақтанып отырған кезде қатты сөйлеме, қолды сермеме

Тамақты шайнамай жұта сал

Тамақ ішер алдында қолыңды сабындап жу

Ұйықтар алдында тойып тамақ іш

Тамақтан бұрын тәттілерді көп же

Тамақты асықпай, жақсылап шайнап жеу керек

Сүт, жемістер мен көкөністер біздің денсаулығымызды құртады

Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт

Ал қазір «Дұрыс тамақтанудың» кестесін құралық. кеңестер жазылған кеспелер беріледі. Егер оқушылар келіссе, тақтаға апарып жапсырады.


Денсаулық сөзінің мағынасын ашқызу.
Д – дұрыс демалу.
Е - ерінбеу
Н - ниеттену
С – спортпен шұғылдану.
А – ағзаны шынықтыру
У – уақытты дұрыс пайдалану.
Л – лайықты өмір сүру
Ы - ынта – ықылас алға жетелейді
 Қ – қозғалыс ағзаны шынықтырады.

«Ия, жоқ» ойынымен аяқталық.
1. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе? ия
2. Тәулігіне екі рет тамақтансақ жетеді? Жоқ. үш не төрт рет
3. Тамақтану процесі туралы диетолог дәрігерден кеңес сұрау керек? ия
4. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілеттінің дамуына мүмкіндік береді. Ия
5. Тамақтануда тазалықтың қажеті жоқ.


Пайдалы және зиян тағамдарды ажыратады





Жағдаяттарды шешеді, пікір алмасады




























Стикердегі тұжырымдарды талдайды





Денсаулық сөзінің мағынасын әріптер бойынша ашады






Тұжырымдарға иә немесе жоқ деп айтады









Пікіралмасу
































Стикер






Дәптер














Ауызша

Соңы






Қорытынды: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.

Сабақ қорытындыланады





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ