Дені саудың-жаны сау

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дені саудың-жаны сау

Материал туралы қысқаша түсінік
Дені саудың -жаны сау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Күмісбай Күнім Айдарқызы

Күні:

07.04.2025ж

Сынып: 2

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Дені саудың-жаны сау» Мектепке жол Сенің күнделікті бағытың ЖЖЕ

Қауіпсіздік сабағы «Үйдегі ойын: қауіпсіздік шараларын сақтаймыз» (10 минут)

Сабақ мақсаттары:

жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Ай құндылығы: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Апта дәйек сөзі: Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

Оқушыларды адал еңбекке баулу. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

лау

Ресурс

тар

Бастал

уы

Ұйымдастыру кезеңі

Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
 5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?








Сұрақтарға жауап береді





Ортасы

 Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?

Қауіпсіздік сабағы «Үйдегі ойын: қауіпсіздік шараларын сақтаймыз»

Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру.

1.Компьютерлік тәуелділік – бұл адамның компьютерде уақыт өткізуге тәуелділігі.

2. Ойынға тәуелділік (кибераддикция) компьютерлік ойындарға зиянды құмарлықта көрінеді.

3. Ойындарға деген құштарлық (басқатырғыштар, реакция жылдамдығы), бала ойыннан өтуге немесе максималды ұпай жинауға қуанышты.

4. Бұл ауруға шалдыққан балалар компьютерлерінің мониторларының алдында ұзақ уақыт отырады. Олар тамақ ішуді, ұйықтауды ұмытады.

5.Баланың ойынға тәуелділігі бар екенін қалай түсінуге болады? Балалар кітап оқуды ұмытады. Олар жеке гигиена мен тұрмыстық міндеттерге қызығушылық танытпайды. Олар физикалық белсенділікті, ойындарды және ашық ауада серуендеуді ұмытады.

6. 7-8 жастағы балалардың компьютерде отыру нормасы аптасына 2-3 рет, 30-40 минут.

Бекіту.

Балалардың денсаулығына компьютерлік тәуелділіктің қауіптілігі: тамақты аңғармай механикалық түрде жейді; иммунитеттің әлсіреуі, яғни суық тию мен жұқпалы ауруларға бейімділік; есте сақтау, зейін қою проблемалары, нәтижесінде оқудағы қиындықтар; ұйқысыздық.








Ақпараттар

мен танысады























Сұрақтарға жауап береді













































































Презентация
















































Аяқталуы


Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2025
113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі