«Дені саудың –жаны
сау»
Білім беру
саласы :
Денсаулық
Бөлімі : Дене
шынықтыру
Мақсаты : балаларға өз денсаулықтарын
күтуді ,оны нығайту керектігін , дені сау адамның жаны сау
екендігін түсіндіру.Жалқаулықтан алшақ болуға ,еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу .Тазалық ,жеке бас гигенасын ,мәдени дағдыларын
қалыптастыру.
Көрнекілік: Суреттер,әр түрлі
заттар, спорт құралдары.
Таңғы шеңбер
жасау
Көңілденіп
бәріміз,
Шықты жарқын
даусымыз
Сәлем беріп
достарға
Жаттығуды
бастайық
Шынығады
денеміз
Секіруді
бастайық!
Балалар шеңберде тұрып
,алдымен аяқтың ұшымен ,кейін өкшемен жүреді.Жайлап жүру ,аюға
ұқсап қорбаңдау ,қарлығашқа ұқсап ұшу ,қоянша секіру жаттығуларын
орындайды.
Ғажайып
сәт.
(Кір қожалақ бала іші ауырып
жарыс өтетін жерге кіріп келеді).
Ұқыпсыз
бала: Бұл жерде не болып
жатыр?
Ұқыпты
бала: Мұнда спорттық жарыс өтеді.
Сен неғып жүрсің?
Ұқыпсыз
бала:Менің ішім ,басым ауырып,
ұйқым келіп тұр.
Ұқыпты
бала: Сенің жасың әлі жетіге де
келген жоқ,ал сенің ауырмайтын жерің жоқ қой. Сен жалқаусың
досым.Менің саған айтарым , ұқыпты бала өзінің күн тәртібіндегі
30-40 минут уақытын дене шынықтыру жаттығуына бөледі .Кәне достым ,
бүгіннен бастап сен салауатты өмір салтын ұстанасың.Ең бірінші
тазалықтан бастаймыз.Содан соң екеуміз жарысқа қатысамыз .Келісесің
бе?
Ұқыпсыз
бала:Иә, досым( Екеуі жуынып
келуге шығып
кетеді.)
Тәрбиеші
:
Кім жылдам? Кім
жылдам?
Тұлпар менен
қыраннан
Кәне балалар
тұрмайық
Жылдам ойын
ойнайық
Ойын «Кім
білгір»
-
Тазалықтың достарын ата
(Сабын,су, сүлгі)
-
Спорттың маңызы (Денең
шынығады)
-
Біздің достарымыз (Ауа,
күн,су)
-
«Дені саудың –жаны сау»дегенді
қалай түсінесіңдер?
-
Тазалық
кепілі(Денсаулық)
-
Неше рет
тамақтанасыңдар.
-
Спорттық ойынның қандай түрін
білесіңдер?
Тақпақтар
Аяна
1)Біз көңілді
баламыз
Айтқан тілді
аламыз
Күні бойы
қызыққа
Батамызда
қаламыз
Шұғылданып
спортпен
Допты қуып
ойнаймыз
Бекжан
2) Уақыттың
өткенін
Байқамай да
қаламыз
Шомылумен
жаттығу
Оның бәрі
пайдалы
Шынығады
денеміз
Сауығады
жанымыз
Сергіту
сәті
Ал,балалар
тұрайық
Мойнымызды
бұрайық
Қолымызды
созайық
Аяқпеннен топ-топ
басып
Орнымызды
табайық
Тәрбиеші
: Жарайсыңдар, балалар !Сендер
бұл жолыда шапшаңдықтарыңды таныттыңдар.
Ұшқан құстай
ұшқырмыз
Желден озған
жүйрікпіз
Жарысуға
бәріміз
Келіп тұрған
мықтымыз!
-Балалар енді келесі ойынның
шартымен таныстырайын. Бұл ойын «Жалаушаға дейін қос аяқпен секіру»
деп аталады.
Шарты :Екі топ балалары сап түзеп
тұрады. Балалардан төрт метр қашықтықта жалауша орналасқан
,
балалар сол жалаушаға қос
аяқпен секіріп барып ,қайтарда жүгіріп
келеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар ,менің кішкентай
белсенді жүйріктерім! Келесі ойынмен
таныстырайын.
«Тунель» деп
аталады.
Шарты :Екі топ балаларына тунель
беріледі. Белгі берілген кезде тунельден еңбектеп өтіп, қайтарда
жүгіріп келуі тиіс.
Мақал –мәтел
жарысы:
Нұржігіт
1)Денсаулық-ол
шыныққан
Барлық дене
мүшесі
Денсаулық –ол
тыныққан
Жүйке тамыр
жүйесі
Айерке
2)Салақтан олақ
жаман
3) Тәні саудың жаны
сау
Аят
4) Көзің ауырса қолыңды
тый
Ішің ауырса аузыңды
тый
Ақниет
5)Тазалық -саулық
кепілі
Саулық-байлық
кепілі
Ж.Кәусар
6)Демі бардың –емі
бар
7) Денсаулық-зор
байлық
Азамат
8) Басты
байлық-денсаулық
Жұмбақтар
1)Жуынып
болғанда
Жүреді
қолдарда (Орамал)
2)Түйістіреді көзіңе
–көзіңді
Жолықтырады өзіңді-өзіңе
(Айна)
3)Қалтамда жатыр тісі
бар
Тістемей-ақ істер ісі бар
(Тарақ)
Қорытынды