жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Денім сау болсын десең...
Тақырыбы:
|
«Денім сау болсын десең...» |
|||
Күні, айы: 21.02.2020ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Шалысбаева Сымбат |
|||
9 «Б» сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: |
||
Сабақ түрі: |
Танымдық сабақ |
|
||
Сабақ мақсаты |
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу. |
|||
Көрнекілігі |
АКТ, стикер, видео, слайд |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, мақсат –міндеттері. Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Кіріспе бөлім: Құрметті оқушылар! Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселеленің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау.Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ,ол — әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану,зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері- шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық. Видео көрсету https://www.youtube.com/watch?v=IWXGXWrOk1M https://www.youtube.com/watch?v=IciyEW9ZBG4 Осы видеоны көру арқылы оқушылар өз ойын ортаға салады. Құрметті оқушылар! Бойларыңдағы бар қабілеттеріңді тек жақсылыққа бағыттай біліңдер. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңдар. Бойыңды ластамай, жан – дүниеңді таза ұста. Бос уақытыңды пайдалы іске арна. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың – өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
|
стикер слайд видео |
||
Сабақтың ортасы Негізгі бөлім
|
Негізгі бөлім.
«Тәні
саудың – жаны сау» (сұрақ -жауап)
3.
Адамға ең қымбат. Ол не? (Денсаулық) Тән саулығыңыз қалай?
1)
Дене шынықтырумен жиі айналысасыз
ба?
2)
Күн бойына қанша шақырым жаяу жүресіз?
3)
Сабаққа, дүкенге сіз….
4)
Демалыс күндері сіз…
Жауаптың
балы: А 3-4 балл болса сіз ширақ және
сау адамсыз
|
слайд кеспе қағаздар |
||
Сабақтың соңы
|
Қорытындылау: «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,біздің алға қойған мақсатымыз: зиянды әдеттерге қарсы күресетін салауатты білімді – азаматтар мен азаматшалар болып өсу.
|
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген