400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Денің сау болсын десең

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қысқа мерзімді жоспар құрарда көмегі тиіп қалады
Материалдың қысқаша нұсқасы

6Сабақтың пәні: Дүниетану

Мектеп: №136 мектеп-лицейі


Мерзімі: 04.05.2018 ж

Мұғалім: Ағайдарова


Сынып: 1 «Б»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың атауы

Денің сау болсын десең ...

Сілтеме

Дүниетану оқулығының әдістемесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.5.1 Дене жаттығуларының не екенін білу.

1.4.5.4 Денсаулықты қалай сақтауды түсіну.

1.4.5.1 Жеке бас гигиенасының пайдасы мен маңыздылығын сақтау, мысалы, қол жуу, тіс тазалау, тырнақ алу, тамақтану алдында қол жуу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек: Адамның дене мүшелерін ажырата білу, гигиеналық тазалық, денсаулық күту, дене мүшелерінің қызметі

Көпшілігі: дене мүшелерін атау, білу, көрсету, ажырату.

Дене Дене мүшелерін

Кейбір оқушылар: Дәрігерге қаралу, гигиеналық тазалық денсаулық сақтау үшін маңызды екенін түсіну.

Алдыңғы сабақта

Тағам және сусын бөлімі бойынша «Қазақстанда жасалған» тақырыбын қарастырдық

Тілдік мақсаты

Басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра үйдегі және мектептегі өмір туралы айту, сонымен қатар, осы тақырыптар бойынша сөздік қорын дамыту.

Тірек сөздер:

денсаулық – здоровье – health;


дене мүшелері – части тела – parts of the body;


дене шынықтыру жаттығулары – физические упражнения – physical exercises.

Ресурстар:

 Оқулық, дәптер, слайд, плакаты А4 көлеміндегі 3 парақ қағаз, үлестірмелі парақшалар, жауап жазылған үлестірме парақшалар. Топтың суреттері, дидактикалық материалдар, шығармашылық тапсырмалар.


Сабақ жоспары


Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер


І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

Ынтымақтастық атмосферасы

Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен:

 Күлімдеп күн бүгін де,

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін де,

Қарады саған да,

Күлімдеп күн бүгін де,

Қарады баршаға! /оқушылар сәлемдеседі/

Ә)Топқа бөліну:

-Балалар, біз кімбіз?

Адамдарда қандай тірек мүшелері білесіңдер?

-Ендеше, БАС, ҚОЛ, АЯҚ, ЖҮРЕК болып топтарға бөлінейік.

Оқушылар бір-біріне денсаулық туралы жақсы тілектер айтады.





Сұрақ-жауап әдісі

ІІ.Өткенді еске түсіру 10 мин

Ой шақыру


1-әдіс

«Инсерт»

Балалар, адам баласының денсаулығы мен жанымыздың сау болуы денсаулыққа байланысты. Олай болса өткен сабақты инсерт әдісімен еске түсірейік.

 БАС тобына.

Елімізде қандай өнімдер шығарылатынын білесіңдер ме? Облыс атауларына жабыстырыңдар.

ҚОЛ тобына.

Ақшаға сатып алатын заттарды ата? Олар сендердің үйлеріңе қайдан келеді?

АЯҚ тобына.

Саматтың 100 теңгесі бар. Ол осыған қандай үш түрлі тағам сатып ала алады? Саматқа үш түрлі тағам таңдауға көмектесіңіз.

Нұсқасын жазып көрсетіңіз.

ЖҮРЕК тобына.

Берілген ас мәзірлерін тамақтану мерзімімен сәйкестендіріп сызыңыздар және атап беріңдер.

Оқушылар сұраққа жауап береді

«Инсерт» әдісі арқылы топта берілген сұрақтарға жауап береді Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?





Қол шапалақтау арқылы бағалау

Мұғалім топты смайликпен бағалайды.

Қызығушылықты ояту 3 мин

2-әдіс

«Ойланайық, пікірлесейік»

Дәйексөз

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуінен бақытты өмір. Халық даналығы

- Балалар осы дәйексөздің мағынасы арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын білеміз.

- Жаңа сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?


Оқушылар дәйексөзден не түсінгендерін айтады.


ІІІ. Кіріспе бөлім

20 мин

Мағынаны тану



Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңдар, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі.

Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

- Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Денсаулық-здоровье-health

Дене мүшелері – части тела – parts of the body;

Дене шынықтыру жаттығулары – физические упражнения – physical exercises.

Бүгінгі сабақта Денсаулық дегеніміздің не екенін, қалай сақтау керектігін білесің. Денің сау болсын десең дене жаттығуларын жасап, денсаулықты қалай сақтауды үйренесіңдер.

Ойланып көріңдерші, балалар.

  • Адам дене мүшелеріне не жатады?

  • Олар қандай қызмет атқарады?

Дене мүшелеріне арналған сергіту жаттығуын жасайық.



Мұғалім түсіндіреді.





Оқушылар айтады.










Үш тілдік ұғым. Пәнаралық байланыс.




Сергіту сәті

Ырғағымен сергіту жасайды.

Оқушылар жаттығу жасайды

Оқулықпен жұмыс

3- әдіс

«Тез жауап бер»



** Оқулықтың 81-беттегі мәтінді тізбек бойынша оқыту.

-Балалар, мәтіннен не түсіндіңдер?

-Денсаулық ненің сыйы?

-Денсаулық үшін не маңызды?

-Дене жаттығулары нені нығайтады?

Дене жаттығуларын не үшін жасаймыз?

** Әңгіме құрастыр

Сәуленің тамағы ауырып қалды. Ол анасымен дәрігердің қабылдауына келді. Сәуле мен дәрігер не туралы сөйлесті?

Ауырып қалғанда дәрігерге қаралу қажет.


Әр топтан оқушылар оқиды, сұрақтарға жауап береді.








Дәрігер кеңесі:

- Тамақтанар алдында қол жуу;

- Көкөністер, жемістерді жуып жеу;

- Әр жексенбі күндері жуынып, тырнақты алу;

- тамақтан кейін ауызды шайқау, күніне екі рет тісті тазалау;

- Өз бетімен емделуге болмайды.

Топтық тапсырма

4-әдіс «Постер қорғау»

БАС тобына.

«Дұрыс жауабын тап» Әр сөйлемнің жанындағы кестеге дұрыс «+» немесе жалған «-» деп белгіле.

Сөйлемдер

дұрыс «+»,

жалған «-»

Бас – дене мүшесі.


Оң қолымда бес саусақ бар


Денсаулық – теңдессіз байлық.


Үнемі спортпен шұғылдана

тын адамдар жиі ауырады


Жаттығу денсаулықты нығайтады.


ҚОЛ тобына.

Дене мүшелерін ата, жаз.

АЯҚ тобына.

Геометриялық фигуралардан адам денесін құрастыр.

ЖҮРЕК тобына

«Шатасқан әріптер»

Әріптер тізбегінен сөз құрастыр.

Роауызвнгкқұлақцкгненгкөзджзщхтілйцукмұрынячсммроқолжэдрпаяқкенгбасролд



Тапсырманы топта орындайды, қорғайды.



Мұғалім топты смайликпен бағалайды

ІV.Сабақты бекіту

4-әдіс «Білгендеріңді тексеремін»






Дәптермен өздік жұмыс






А. Сен білесің бе?

* Жаттығу жасауға ең қолайлысы-түстен кеінгі уақыт. Олимпиадалық рекордтардың көбісі осы уақытта жасалған.

* Таңертең адам ұйқыдан тұрғанда ұзын,ал кешке аласарады. Себебі адам жүрген кезде дене салмағымен

төмен басылып, түнде ұйықтаған кезде омыртқа жазылады.

Ә.56-жұмыс парағын толтыру.

• Кестедегі сөздерді мұқият оқы.

• Жасырынған сөздерді тауып көр. Оларды қорша.

• Екінші бағанға сөздерді үлгі бойынша жаз.

Б. Инсерт әдісімен қорытындылау

Не білдім?, Не білгім келеді?










Оқушылар өз беттерінше тапсырманы орындайды.

Мұғалім оқушыны смайликпен бағалайды


V. Қорытынды.

Үй тапсырмасын беру

Оқулықтағы 80-81 беттерін оқу, суреттермен жұмыс.


Бағалау

  Мұғалімнің бағалауы

Еңбек етті тағы да,

Бүгін көп-көп, балалар,

Қойылады оларға

Төмендегі бағалар.

Мұғалім бағалайды

Рефлексия

«Көңіл күй»

1. Бүгінгі сабаққа мен толық түсіндім!

2. Бүгінгі сабақта менің әлі де сұрағым бар ...

3. Бүгінгі сабақта ештеңе түсінбедім...

Оқушылар өздерін-өздері бағалайды.

Қосымша ақпарат

Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?


Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы



• Қол шапалақтау, марапаттап отыру, ойын тыңдау. Қабілетті оқушыларға тапсырманы орындауды ұйымдастыруына ықпал ету.

• Жұппен жұмыс кезінде сұрақтар қою, нұсқаулық беру, нұсқауды дұрыс орындау

• Математика

Адамның дене мүшелерінің саны

•Өнер

Постерге топтан бір оқушыны жатқызып, дене пішінінінің суретін салу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі