400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Денің сау болсын десең...

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа керекті сабақ жоспары. Бұл сабақта әр тапсырмаға дискриптор құрастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар.

Сабақ: Дүниетану

Мектеп:Толқын орта мектебі

Күні: 02.06.17

Мұғалімнің аты –жөні: Сейдахметова А

Сынып: 1

Қатысқандар: 33

Қатыспағандар:

Ортақ тақырып

Дені саудың жаны сау

Бөлім

Мен және қоғам

Бөлімше

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

Сабақ тақырыбы

Денің сау болсын десең...

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы: адамның дене мүшелерін ажырата біледі;

Оқушылардың көпшілігі: денсаулықты сақтау үшін дәрігерге қаралудың маңызын түсінеді;

Оқушылардың кейбірі: салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінеді.

Ойлау деңгейлері

Түсіну, білу,қолдану

Бағалау критерийлері


  1. Дене мүшелерін атайды

  2. Жеке бас гигиенасының құралдарын атайды;

  3. Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп

ережелерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты әлеуметтік және жеке мәселелерді анықтай алады

Пәндік лексика және терминдер

денсаулық-здоровье- health

дене мүшелері – части тела – parts of the body;

дене шынықтыру жаттығулары- физические упражнения - physical exercises



Талқылауға берілген сұрақтар:




1.Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесің?

2.Қазақстан аймақтарында қандай өнім өндіріледі?

3. Осы өнімдердің адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

4. Адам денсаулығына не пайдалы?


Құндылықтар

Шығармашылық, жауапкершілік, айналадағыларға қамқорлық көрсету

Пән аралық байланыс

Өнер, сауат ашу, жаратылыстану, дене шынықтыру

АКТ-мен байланыс

Слайд

Бұған дейін меңгерілген білім

1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерін құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

Тақырып: Қазақстанда жасалған


Ұ-ұжымдық жұмыс, Т-топтық жұмыс, ЖЖ-жұптық жұмыс, Ж-жеке жұмыс


Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған тапсырмалар

Дереккөздер/Ресурстар

Басы
















Қызығушылы

ғын ояту

Психологиялық дайындық

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

Амансың ба, алтын күн?!

Амансың ба, көк аспан?!

Амансыз ба, мұғалім?!

Амансыз ба, қонақтар?!

Сәлем, көрші, сәлемімді қабыл алшы?!

Жабырқамай күлімдеші,

Тамаша күн бүгін деші!

-Мен күлкімді саған сыйлаймын сен басқа оқушыға сыйла.


Шеңберге тұру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.

Балалар, біз сендермен өткен сабақта «тағам және сусын» деген тарауды аяқтаған болатынбыз. Сол тарау бойынша не түсінгендеріңді тексеріп көрейік.

1.Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесің?

2.Қазақстанның батыс аймағында қандай өнім өндіріледі?

4. Осы өнімдердің адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

5. Адам денсаулығына не пайдалы?

2.Топқа бөлу

Шеңбер бойымен тұрады цифрлар арқылы бөлу.

І-топ: Денсаулық/ребус шешу арқылы топтарының атын табады. Денсаулық-здоровье-health

ІІ-топ: Дене мүшелері/сөзжұмбақ шешу арқылы топтарының атын табады. дене мүшелері – части тела – parts of the body;

ІІІ-топ: Дене шынықтыру жаттығулары/мозайка құрастыру арқылы топтарының атын табады. дене шынықтыру жаттығулары- физические упражнения - physical exercises



АКТ














Доп











Ребус


Сөзжұмбақ


Мозайка

Мағынаны тану















Бағалау критерийлері:


Дене мүшелерін біледі



Ортасы








Бағалау критерийлері:

Жеке бас гигиенасының құралдарын атайды;


















Бағалау критерийлері:

Гигиена сақтаудың қажеттілігі туралы

әңгімелейді..




Ширату жаттығуы











«Болжау» стратегиясы

Слайд көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндіру

Денсаулыққа байланысты видеоролик көрсету

Видеоролик біткен соң, видеороликті талдаймыз.

Оқушыларға сәбіз, алма, грек жаңғағы, балық, пиязды көрсетіп, олардың пайдасын түсіндіру.

1-тапсырма

-Балалар, кім бізге дене мүшелерін атап береді. Олар қандай қызмет атқарады.

Рисунок 1

Оқушылар кезектесіп дене мүшелеріне арналған жаттығулар жасайды. Барлық оқушы қайталап жасайды.

Дескриптор:

  • Сурет бойынша дене мүшелерін атауын атайды


2-тапсырма (Жеке жұмыс)

Сурет бойынша жеке бас гигиенасы және оны сақтаудың маңыздылығы туралы

әңгімелеңіз.


Дескриптор:

- жеке бас гигиенасы туралы әңгімелейді;





3-тапсырма (Жұппен жұмыс) Диалогтік әдіс арқылы (белсенді оқу Хетти)

Сәуленің тамағы ауырды. Ол дәрігердің қабылдауына келді. Сәуле мен дәрігер арасындағы диалогты құр.

Рисунок 2

Дескриптор:

-Гигиена сақтаудың қажеттілігі туралы әңгімелей алады






Күннің шыққаны жақсы ма?

Желдің соққаны жақсы ма?

Достарың мен жүрген жақсы ма?

Анаңды құшақтаған жақсы ма?

Қазақстандай туған өлкең жақсы ма?

Жақсы! Күнді бейнелейді. Алақан соғады.

Жақсы! Желді бейнелейді. Алақан соғады.

Жақсы! Құшақтасады. Алақан соғады.

Жақсы! Өздерін құшақтайды. Алақан соғады.

Жақсы құшақ жаяды! Алақан соғады.



«Суретті кестеге сәйкестендір» (Жеке жұмыс)

Кестеге пайдалы және зиянды тағамдардың нөмерін жаз (дәптермен жұмыс)



Слайд


Видеоролик


Сәбіз, алма, грек жаңғағы, балық, сәбіз, пияз



Кеспе қағаздар














АКТ –дан суреттер

Соңы









4-тапсырма «Ойлан тап» ойыны (Жеке жұмыс)

Жауабын «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет.


Жұмысты өз бетінше немесе жұппен орындатуға болады.

  • Бас – дене мүшесі.

  • Денсаулық – теңдессіз байлық.

  • Үнемі спортпен шұғылданатын адамдар жиі ауырады.


Жаттығу денсаулықты нығайтады.


Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жаспарлайсыз?


Суреттерді салыстырыңыз.

- Балалар туралы не айта аласыз?

- Тазалық сақтау неліктен маңызды?


Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған өз заттары ________________,

_________________, _________________ болуы керек. Гигиена сақтау

________________________________ көмектеседі.

Тірек сөздер: орамал, тарақ,тіс щеткасы, денсаулықты нығайтуға.

Дескриптор: Білім алушы

- суреттерге сүйеніп, тазалық сақтаудың маңыздылығы туралы

әңгімелейді;

- сөйлемдерді толықтырып жазады.



Рефлексия


-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды? Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
987
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі