400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Денің сау болсын десең" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп М.Әуезов атындағы орта мектебі

Мерзiм 19 ақпан

Мұғалiм Шектыбаева Гулнур Советхановна

Сынып 6 «А» Оқушылар саны 20

Тақырып «Денің сау болсын десең»

Құндылық Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Дұрыс тамақтану, денсаулықты қадірлеу

Сабақ мақсаты:

  Денің сау болсын десең, денсауықты қадірлеу, дұрыс әрекет жасау ұғымдарын кеңейтіу


Міндеттері:

1.Білімділік:  Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білімдерін дамыту.

2.Дамытушылық: Дұрыс тамақтануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

3.Тәрбиелік Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

оқулық, дәптер

(аудио жазбалар)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

Адам бейнелері арқылы топқа бөліп алу


  1. Тыныштық сәтi.

«СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма :

  "Денсаулықтың он құпиясы". атты мәтінмен танысып келу

Оқулықта 81-бет

         1.Қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін әсері қандай?

       2.Адам үшін күлкінің пайдасы қандай?

       3.Дұрыс тамақтанудың тигізетін пайдасы қандай?

 

4.Сабырлылықтың адам  денсаулығына тигізер әсері қандай?

5.Мейірімділіктің денсаулықты сақтауға ықпалы қандай? 6.Сен өз бойыңда қай құпияны бар деп ойлайсың?


Ескертіу

  1. Дәйексөз.    

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуімен болады бақытты өмір...»

Әйтеке би

Сұрақтар қою

1-топ «Сау дене» дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ «Азат ақыл» дегенді қалай түсінеміз?

3-топ «Адал көңі» дегенді қалай түсінеміз?


«Денсаулық» туралы видео ролик көрсету.



  1. Оқиғаларды әңгiмелеу


Өсиет әігіме

 Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздері әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.

     Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болып, үш ұлы сапарға шығыпты. Үлкен ұлы келе жатып «Саялы орманды» көреді де, жан рахатын сезініп,әкемнің ұзақ өмір сүруіне септігі тиер ау деп қазына екен деп ойлайды да, сол жерді мекен етуге бел буады.Ортаншы ұлы ұзақ сапардан шаршап,шалдығып,шөлдеп келе жатып «таза көлге» тап болады. Олда осындай ойға тоқтап таза көлдің жағасын мекен етуді жөн санайды. Қарияның кенже ұлы да ұзақ жолдарды артқа тастап, бір бұлақтың басына түнейді. Ғажайып түс көреді, түсінде сол жағасын жаны жайсаң, бір-біріне өте қайырымды адамдар мекен еткенін көреді. Сөйтіп таңертең оянған сәтінде осы көрікті жерді мекен етуді жөн санайды. Кейін бұл ел «Көрікті ел» мекен болып саналып кетеді. Ұлдарына дән риза болған қария, үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпы.

Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.

1. Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?

2.«Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?

3. Өсиет әңгіме сіздерге қандай ой салды? Кейіпкерлерге айтар алғыстарыңыз бар ма?

4.Өз бойңдағы қандай жақсы қасиеттеріңмен бөлісер едіңдер?



  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

  1. Топ "Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі"-тақырыбын сахналап беру

 2-топ «Зиянды әрекеттердің салдарын тізбелеп көрсету

Оларды болдырмаудың жолдарын көрсету»

3-топ « Зиянды әрекеттердің адам өміріне тигізетін залалы» көрсету

Дәптермен жұмыс/ «Жаны саудың-тәні сау» тақырыбына шағын әнгіме жазу




  1. Топпен ән айту.


«Көзіңнің мөлдірін-ай»

    1. Барады аулым көшіп қызыл жарға

Таң атар шолпан туып,сызылғандай

Көзіңнің мөлдірін-ай!

Осы әнге қоңырлатып,сала берем

Көңілім сені ойлап бұзылғандай

Көзіңнің мөлдірін-ай!

Қайырмасы:

Құлындай жүйрік майда-жал-ай

Бар ме біздей ынтызар –ай

Ішінде топ қарағай,уәделескен

Көзіңнің мөлдірін-ай!


    1. Не қалды қарайғанда,қамыс қалды

Ауылың қалқатайдан алыс қалды-ау

Көзіңнің мөлдірін-ай!

Аулыңа алыс қалған,қарай-қарай

Қайырылып қаршығадай мойным талды-ай

Көзіңнің мөлдірін-ай!

Қайырмасы:

Құлындай жүйрік майда-жал-ай

Бар ме біздей ынтызар –ай

Ішінде топ қарағай,уәделескен

Көзіңнің мөлдірін-ай!

Қайырмасы екі рет

3.Барады аулым көшіп қызыл жарға

Таң атар шолпан туып,сызылғандай

Көзіңнің мөлдірін-ай!

«Тілек ағашы» арқылы сабақты қорытындылау



  1. Үй тапсырмасы.

  2. Дәптердегі 22-сабақ, 46 беттен 1-тапсырманы орындап келу.

23-сабақ.Денсаулыққа  байланысты даналардың жазған нақыл сөздерін оқып келу.


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды.















































ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы

«М.Ауезов атындағы орта мектебі» КММ

















Тақырып

«Денің сау болсын десең»



Сабақ жоспары





4-тапсырма

















Өзін-өзі тану пән мұғалімі:  Шектыбаева Гульнур Советхановна































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі