жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Денің сау болсын десең. ашық сабақ
|
Күні: Сынып: 1 Пәні: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлімше: Ортақ тақырып: |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Мұғалімі Мен және қоғам Денсаулық пен қауіпсіздік Дені саудың жаны сау |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Денің сау болсын десең... |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
|
||
|
Бағалау критериі |
-Жеке бас гиенасының құралдарын атайды; - Екінші жеке бас гигиенасына қатысты тәртіпі ережелерін анықтайды; -Гигиена сақтаудың қажеттілігні туралы әңгімелейді |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Шаттық шеңберіңде тілек айтуда, бір-біріне деген құрмет, топпен жұмыс кезінде сыйластық, «Серпілген сауал» әдісінде бір-бірінің жауаптарын бағалау, бақылау әрекеттері орындалады. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер сабағында жұмыс дәптеріндегі геометириялық фигуралар арқылы адамның дене мүшесін құрастырып салады, Сауат ашу бойынша кестедегі сөздерді оқып, жасырынған сөзді тауып, екінші бағанға сөздерді үлгі бойынша жазады, Дене шынықтыру пәніне байланысты сергіту сәтінде жаттығулар жасайды. |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Слайдтан дене мүшелерінің аудармалары жазылып тұрады. , видео көрсетілім арқылы дыбыстық сұрақ қойылады және сергіту сәтін оқушылар қарап жасайды. «Болжау» стратегиясы бойынша видеокөрсетілім. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Сөздікпен жұмыс: Денсаулық – здоровье – health, Тазалық-чистота-purity, Жемістер-фрукты-fruit, Дәрумендер-витамины-vitamins, Қол-рука-sign, аяқ-нога-foot, иық-плечо-shoulder, бас-голова-head, мойын-шея-neck 1. Сен денің сау болу үшін қандай күш жұмсайсың? 2. Қазіргі таңда неліктен адамдардың көпшілігінің денсаулығы нашарлауда? |
||
|
Бастапқы білім |
Алдыңғы тақырыптар туралы мәліметтерді біледі |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы |
Ширату «5 сұрақ» әдісі Балалар менің қолымдағы қорапта бір нәрсе бар. Ол заттың не екенің мен сіздерге айтпаймын. Десек те, оны сіздерге жорамалдап айтамын. Тауып көрелік. Сіздердің қолдарыңыздан келеді. Мен сіздерге сенемін!
Шеңберге тұру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау Дұрыс балалар, бұл тіс жуатын щетка. Щетка туралы кім не айта алады? Балалар,щетканы тамақ ішкеннен соң пайдаланамыз, ол жеке әр адамда болу керек дейсіңіз. Ал, тағам және сусындардың қайда өндірілетіні туралы сіз өткен сабақтан білетінсіз. Олай болса сұрақтарға жауап беріп, қораптан суреттер аламыз. 1.Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесің? 2.Қазақстанның батыс аймағында қандай өнім өндіріледі? 3.Қазақстанның оңтүстігінде қандай өнім өндіріледі? 4.Қазақстанның оңтүстік шығысында қандай тағам өндіріледі? 5.Қазақстанның оңтүстік шығысы деп отырғанымыз қай қала? 6.Қазақстанның шығыс аймағында қандай өнім өндіріледі? 7.Қазақстанның солтүстік аймағында қандай өнім өндіріледі? 8.Қазақстанның орталық аймағында қандай өнім өндіріледі? ҚБ: Жауап берген оқушыларға «Сиқырлы суреттер» арқылы бағалау
Т Күнделікті емес күнделікті : Оқушылар мен сіздерге жеке бас гигиенасына қажетті заттарды бердім. Ендеше сіздер Кэррол диаграммасына қолдарыңыздағы суреттерді орналастырыңыз. (Магнитті тақтаға жапсырмалау)
жеке
ортақ
ҚБ: Оқушылар тақтадағы тапсырма дұрыс орындалды ма екендігін білу үшін әр топтың тапсырмасын келесі топ, «Тіс пастасы» түсіне байланысты екі жақсы жерін, бір ұсыныстарыңызды айтыңыз. Ендеше, жеке, күнделікті пайланамыз дегеніміз 1 топ, жеке, бірақ күнде емес дегеніміз 2 топ, ортақ, бірақ күнде пайдаланамыз дегеніміз 3 топ, ортақ, бірақ күнде мес 4-топ болып орнымызға орналасамыз. Олай болса, Кэррол диаграммасына жапысырлаған сіздердің суреттеріңіздің дұрыстығын дәлелдеу үшін маңыздылығын атап көрсетіңіз. І-топ: Жеке бас гигинеансына күнделікті пайдаланатын құралдарыңызды қалай қолданасыңыз және қалай күтіп ұстайсыз. Сол туралы әңгімелейміз ІІ-топ: Жеке қолданамыз, бірақ күнделікті емес делінген, сіздер бұның жеке бас гигиенасын сақтаудағы маңыздылығы туралы айтыңыз ІІІ-топ: Ортақ және күнделікті қолданатын заттарды күтіп ұстаудағы маңыздылығы туралы ой пікіріңізді білдіріңіз ІҮ-топ: Отбасында ортақ қолданылатын және күнделікті пайдалана бермейтін заттарды қаншалықты дұрыс қолданасыз. Тәжірибеден айтыңыз. ҚБ: Оқушылар әр топ жұмысын аяқтаған соң, «Театрдағы әрекет» әдісі арқылы бағалайды |
Қорап, тіс щеткасы Доп Жеке бас гигиенасына қажетті заттар туралы суреттер Тақта, магнит, Тарақ, сүлгі, сабын, тіс щеткасы, тіс пастасы, сусабын, иісмай, әтір, монша жөкесі. суреттері Үлкен тіс пастасы суреті |
|
|
Сергіту сәті |
Сабақтың мақсатын оқушылардан сұрау.
Ойларын тиянақтау: Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру Олай болса біз сіздермен жаттығу жасау арқылы, сабағымызды жалғастырайық. Оқушылар орындарынан тұрып, айтылған әркеттерге байланысты іс қимыл жасайды. Осыған дейінгі білімдерін еске түсіру арқылы. Ұйқымыздан тұрамыз- керіліп ұйқыларынан оянады Оңға, солға бұрылып Сүлгімізді аламыз-иықтарына сүлгілерін қояды Жуынуды жөн санап, Беті-қолды жуамыз. Тіс пастасын аламыз Щеткаға құйып мөлшермен Тісімізді жуамыз. |
|
|
|
Дәптермен жұмыс |
Т: «Конверттегі сұрақ» әдісі І-топ: Әңгіме құрастыр. Сәуленің тамағы ауырып қалды. Ол анасымен дәрігердің қабылдауына келді. Сәуле мен дәрігер не туралы сөйлесті. Диалог құрастыржәне жеке бас гигиенасы сақталмаған жағдайдағы негізгі факторларды атау. ІІ-топ: Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек. Тәжірибе арқылы дәлелдер келтіріп ереже құрастыр ҚБ: Ж: Жұмыс дәптері. Геометриялық фигураларды қолданып дене мүшелерін құрастыру Дескриптор:
ҚБ: өзара бағалау оқушылар көршісінің дәптерін тексеріп дескриптор арқылы смайликпен бағалайды. В.С деңгейіндегі оқушыларға «Сөз ішіндегі жасырынған сөзді тауып» келесі бағанға жазу. ҚБ: Өздерін тексеру. Жауапты экранға шығару. Оқушылар өз жауаптарын тексереді, «Жарайсың!» -2 тапсырманы да орындаса, «Талпын!» 1 тапсырманы орындап, екіншісінен қате жіберген жағдайда, «Ойланып көр» 2 тапсырмадан да қате кеткен жағдайда бағалаулары бойынша мөрмен бағалайды. Дескриптор:
Слайдтан оқушыларға арналаған видео сұрақ көрсетіледі. 1. Сен денің сау болу үшін қандай күш жұмсайсың? 2. Жеке бас гигиенасын сақтаудың қазіргі таңдағы маңыздылығы неде болды? ҚБ: оқушылар жауаптарын «Мадақтау» сөзі арқылы қоллпаштап отырамын Бекіту: Ж: оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша ҚБ парағын жұпта отырған оқушыларға екі нұсқада ұсынамын І нұсқа
ІІ нұсқа
ҚБ: Жұпта бағалайды дескриптор бойынша + және – таңбасын қояды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айтады |
Конверттегі сұрақтар Жұмыс дәптері 57 бет 58 бет Қызыл, сары, жасыл смайлик. Слайд. Жарайсың, Талпын, Ойланып көр мөрлері. Слайд видео |
|
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия
|
|
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
|
|
|
|
|





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген