Тақырыбы:
Деннің
саулығы–бастың байлығы
Мақсаты:
Оқушыларды салауатты өмір салтына
баулу, зиянды әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.
Түрі:
кіріктірілген сабақ
Көрнекілігі:
слайд, тақырыптық безендірулер
Сабақтың
барысы:
Кіріспе
-Міне
балалар, біз денсаулық туралы тегін
әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі
сабағымызда денсау-лығымызды қалай
сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз
керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің
халқымыз «Деннің саулығы –бастың
байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына
өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың
денсаулығына, қоршаған ортаның таза
болуына күш салу қажеттілігін атап
айтқан.
Ендеше,
денсаулықты сақтау өз қолымызда.
Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты
сақтаудан басталады екен. Біздің
дінімізде де денсаулығымызды сақтау
жолдары туралы айтылады екен. Мысалы,
мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
Слайдтан
көріп тыңдау:
1. Денім сау болсын
десең –тамақты ішер алдында және ішіп
болғаннан кейін қолыңды жу.
Тамақтың
берекесі де осында.
2. Тістеріңізді
тазалап жүріңдер.
3. Аптасына 1 рет
толық жуынып, 2-3 рет душ қабылдау адамды
сергітеді.
4.
Адамға қарап жөтеліп, түшкірме, бұл ауа
арқылы берілетін аурулардан сақтайды
және
әдепсіздіктің
белгісі.
5.
Жол қауіпсіздігін сақтап жүруді де
ұмытпаңыз.
-Енді,
балалар біз де денсаулығымызды сақтау
жолдарын қаншалықты білетінімізді екі
топ боп сайысып, ортаға саламыз.
1.
Топ оқушыларын екі топқа бөлу.
1-
топ «Денсаулық»
Ұраны:
«Денсаулық–зор
байлық».
2-
топ «Салауат»
Ұраны:
«Салауатты
өмір–денсаулықтың
кепілі»
І
Әр топ өздері
шығарған
газеттерін
қорғайды.
ІІ
Кластер құру.
Денсаулық
салауаттылық сөздеріне синонимдік
қатар,мағыналас сөздер тауып, айту
ІІІ
«Түсіп қалған әріптер». Берілген
сөздерге әріптерді қою.
1- топ:
Денсаулықты нығайту жолдары.
2-
топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
1-
топ:
1.
Д…… і (дәрі)
2. д…ру…н
(дәрумен)
3.
….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)
2-
топ:
Г…и…на
(гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3.
тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)
IV.
Алғашқы көмекке кел...
«Алғашқы
көмек – адам жарақат алған кезде, адам
өміріне, денсаулығына қауіп төнген
кезде дәрігер келгенше немесе ауруды
ауруханаға жеткізгенше тез арада
көрсетілетін көмек.»
Жарақат
түрлерін тақтаға жазу:
Қан
кету, сыну, естен тану, улы заттардың
әсерінен естен айрылу, күю, электр
жарақаты, үсу, газбен улану. (Мағлұматтар
алынып, оқытушының көмегімен толықтырылады).
V.
«Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық
туралы мақал – мәтел жазып жарысады.
VI.
Шығармашылық тапсырма. Берілген сөздерді
қолдана отырып өлең жолдарын құру
1-
топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.
2-
топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
VI
Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз
зиянды заттардан қорғану үшін не
істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың
әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып
іледі.
Тренинг
«Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы
«Денің сау болсын десең…» деген жазумен
ортаға тақтаға шығады. Қалған оқушылар
осы сөйлемді толықтырып жазылған жолақ
қағаздарды жан-жағына қойып, күн
сәулесінің шұғыла шашып тұрған бейнесін
көрсетеді,шеңбер құрайды.
Соңында
шеңберде тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа
байланысты тілектерін білдіреді.