Күні: 02.09.2016
ж
Сабақтың
тақырыбы: Денсаулық – зор
байлық
Сабақтың
мақсаты:
Білімдлік: Оқушыларға денсаулық туралы
мағұлмат беру,
денсаулықтың адам өміріндегі
маңыздылығын
түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау,
ойлау,сөйлеу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін – өзі күтуге,
тазалыққа,
ұқыптылыққа және қоршаған
ортаны қорғауға
тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, тірек сызба,
жүрекше.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ –
жауап.
Пәнаралық
байланыс: өзін – өзі
таныстыру.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, зейіндерін сабаққа
аудару.
Қ.Р. Гимнін
орындату.
ІІ. Негізгі
бөлім.
-
Кіріспе.
Оны күткен
адамдар,
Ұзақ өмір
сүреді.
Қадірін білген
жандар,
Байлық осы
деседі
.
Шешуін дұрыс таптыңдар. Яғни
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық». Денсаулық
адам өміріндегі ең басты құндылық. Денсаулық мықты болу үшін
тұрақты да мәнді, өз күшің болуы керек. Яғни бойды тік ұстау, дене
жаттығуларын орындау, дұрыс тамақтану, демалу
керек.
-
Денсаулық адамға не үшін
қажет? (оқушылардың жауабы)
-
Дұрыс айтасыңдар! Денсаулық
адамға шаршамай жүру мен білім алу үшін, көңіл күйіміздің жақсы
болуы мен бақытты өмір сүруіміз үшін
қажет.
-
Суретпен
жұмыс.
-
Балалар бәріміз тақтадағы
суреттерге назар аударайық. Денсаулығымыз мықты болу үшін біз нені
көріп тұрмыз. (Оқушылардың жауабы).
-
Дұрыс айтасыңдар. Жарайсыңдар.
Денсаулығымыз мықты болу үшін таза ауа, алуан түсті гүлдер алқабы,
сайраған құстар, бұлақ сылдыры, адамдарға саулық пен қуаныш
сыйлайды. Спортпен айналыссақ денеміз сергек, сау болады.
Дәрумендерді көп пайдалану керек және жеке бас гигиенасын қатаң
сақтағанымыз жөн. Сонда ғана біздің денсаулығымыз жақсы
болады.
-
Ребус
шешу.
-
Дәптермен
жұмыс.
Олай болса осы сөзді
дәптерімізге жазып қояйық. (Оқушылар дәптерлеріне
жазады).
-
Сергіту сәті: «Картоп
егу».
-
Бәріміз жазып болсақ, шаршаған
боларсыңдар, денемізді сергітіп алайық. Бұл сергіту сәтін «Картоп
егу» деп атасақ болады. Балалар біз бір – бірімізге, арқамызға
кезектесіп жасаймыз. Мен айтып тұрамын сендер соны орындайсыңдар.
Ал бастаймыз.
-
Бір күні мен үлкен жер тауып
алдым. Ол жерді қаздым, тегістедім, сөйтіп шұңқыр жасадым. Әр
шұңқырға мен картоп тастадым. Оның бетін көмдім. Тегістедім.
Суғардым. Бір күні сол жерден жайқалып картоп өсіп шықты. Ол пісті,
жерді қаздым, картопты жинадым, қазылған жерді көмдім, тегістедім,
сөйтіп осындай жерден мен мол өнім алдым. (2 рет
қайталау).
-
Қалай балалар сергіп қалдық
па? Бұл сендерге уқалау процедуралары
болды
-
Тренинг
«Қолшатыр».
Бойымызды сергітіп алсақ
сабағымызды әрі қарай тренингпен
жалғастырайық.
-
Балалар, мына парақшаларға әр
қайсысымыз жаман, жағымсыз әрекеттерді жазып шығайық. Енді жазып
болғандарың оқып, қолшатырға жабыстырамыз. Бәріміз жабыстырып
болсақ осы қолшатырдың астына жиналып, жаман әдеттерден қорғанайық.
Сонда ғана сендердің жазған:
-
Еріншектік
-
Ұқыпсыздық
-
Тазалық
сақтамау
-
Әлсіздік
-
Қызғаншақтық
сияқты әдеттерден қорғансақ
деніміз сау болып, саналы азамат болып өсеміз. Рахмет орындарыңа
отырыңдар.
ІІІ.
Қорытынды.
Балалар жаман әдеттерден
жиреніп, жақсылықты үйреніп, таза жүру керек. Біздің мақсатымыз –
салауатты өмір сүру. Сабаққа қатысқандарыңа көп – көп рахмет
айтамын. Бүгінгі сабақтан сендерге естелік ретінде мынадай
смайликтер таратқым келіп тұр. Әрқашан осылай көңілді жүрейік.
Сонда ауырмаймыз. Сау болыңдар.