400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Денсаулық - зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне арналған ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - зор байлық.

Саб Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір

сүру үшін басты байлық екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу

шеберін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке

тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап алу, мақал-мәтелдерді айту суретпен

жұмыс жүргізу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, назарларын сабаққа аудару.

  1. Қ.Р. Гимн орындау.

  2. Шаттық шеңбері.

Балалар, бәріміз шаттық шеңберін құрайық. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ендеше, өлең жолдарын бірге айтайық:

-Армысың қайырымды Аспан ата!

-Армысың мейірімді жер ана!

-Армысың шұғылалы нұрлы күн!

- Армысың сыныптастар

-Армысыздар қонақтар!

II. Негізгі бөлім.

  • Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Егер де сол жұмбақтың шешімін тапсақ, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы шығады.



Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жандар,

Байлық осы деседі

Шешуін дұрыс таптыңдар. Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық». Денсаулық адам өміріндегі ең басты құндылық. Денсаулық мықты болу үшін тұрақты да мәнді, өз күшің болуы керек. Яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, дұрыс тамақтану, демалу керек.Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі дүниені дамыту үшін өмір бойы белсенділік таныту керек. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған.Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сендердің қолдарыңда.Сондықтан да салауатты өмір салтын сақтау,зиянды әдеттерден аулақ болу керек.

Сұрақ - жауап

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады.

- Балалар денің сау болу үшін таза болып жүрумен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денсаулығымызды сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек.


Тірек сызбамен жұмыс

Сонымен балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?


Shape5 Shape3 Shape2 Shape4 Shape1 Байлық


Табиғат машина мал саябақ ақша

Мына сызба бойынша біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар.Денің сау болса білім аласың, еңбек етесің.Еңбектенген адамға мал да, машина да, саябақта, ақша да бітеді.Олай болса осы байлыққа қол жеткізуіміз үшін бізге ең алдымен не қажет? Әрине денсаулық. Денсаулығымыз мықты болса барлығына қол жеткіземіз. Ал денсаулығымыз мықты болу үшін біз не істеуіміз керек?



Shape10 Shape6 Shape9 Shape7 Shape8 Денсаулық


Күн тәртібін дұрыс таза ауа дене тазалық

сақтау тамақтану шынықтыру



Суретпен жұмыс

Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз. Сондықтан да пайдалы пайдасыз тамақтарға тоқталайық.

Пайдалы тағамдарға: Айран, сүт, жеміс жидектер, көкөністер.

Пайдасыз тағамдарға: пепси,кола, фанта, майлы бәліштер.

Жұмбақтар шешу.

-   Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дым
қылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың. (Сабын)

Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)

Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. (су)


Қарайды кісіге,

Ұқыпты ісіне

Бұл не? (айна)


Отыз екі батырдың,

Тазалығы мойнында

Бұл не? (тіс пастасы мен щеткасы)



Сергіту сәті: «Қара жорға».


Мақал - сөздің мәйегі демекші енді денсаулық туралы айтылған қандай мақал – мәтел білесіңдер ? Кім айтады?

Мақал – мәтел. /Дәптермен жұмыс/

  • Тәні саудың – жаны сау.

  • Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

  • Денсаулық – зор байлық.

  • Денсаулық саулық негізі

Саулық – байлық негізі.


Денсаулықтың достары мен қастары.




Shape17 Shape16 Shape15 Shape12 Shape11 Shape13 Shape14

достары

күн су ауа

Shape18



дене күтімі күн тәртібі

Shape19

жеміс – жидек еңбек дұрыс тамақтану







Shape24 Shape23 Shape22 Shape21 Shape20

қастары

темекі насыбай еріншектік

Shape25



арақ жалқаулық

Shape28 Shape26 Shape27

комьпютер көп ұйықтау дұрыс тамақтанбау











Сөзжұмбақ.







Д










Е











Н Н











С С











А А











У У











Л Л











Ы Ы










Қ







1.Денені шынықтыру үшін керекті зат?

2.Таза ауада не істеу керек?

3.Үңгір түбінде жамырап, өсіп тұр жалғыз жапырақ.

4. Отыз екі батыр, екіге бөлініп ,қажалып жатыр.

5.Доптың сыртқы қабаты, қарлығаштың қанаты.

6.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейміз,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

7. Шомылған баланы,аймалап алады,

Сүртеді қолында,сүртеді жонын да.


8.Көздің көруін жақсартатын тағам.


9. Медицинадан басқа қандай ем бар?

Қорытынды:


Сабақты «денсаулық» сөзіне постер қорғау арқылы қорытындылау.

Сонымен балалар бүгін біз қандай тақырыпта сөз қозғадық?

Не білдік?

Не түсіндік?

-  «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін. Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі