400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Денсаулық - зор байлық" (дене шынықтыру)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Денсаулық - зор байлық" (дене шынықтыру)
Материалдың қысқаша нұсқасы

"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ"

 

Тәрбие сағатының мақсаты: 
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау; 
Міндеттері: 
Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін; 
- Тамақтану сауаттылығының бес негізін; 
- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін; 
- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю. 
Қолданылатын көрнекіліктер: 
- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ; 
- Кеңестер слайдтар арқылы; 
- Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы слайдты презентациялар; 
- Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы; 
- Жарнамалар; 
Мұғалім: 
- Балалар. Біз бүгін сендермен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.

Дұрыс тамақтану

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Көктемде көкөніс жеу Халқымыз көктемді – ұзынсары келген қараөзек шақ, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы дейді. Бұл кезде адамдар бойында күзде жиналған дәрумендер қоры азаяды. Соған байланысты денеде ауруға қарсы тұру қабілеті кеміп, тұла бойда әлсіздік пайда болады. Сол себепті оған жол бермеу үшін дастарханда құнарлы тағамдармен бірге алуан түрлі көкөністерді, жеміс-жидектерді жеген жөн. Сапалы көкөністер болмаса, қалбырланған көкөністерді, тұздалған қырыққабатты, көк пиязды молынан пайдаланған абзал. Қараөзек шақта көк пияздың пайдасы өте жоғары. Оның 100 грамынан тәулікке қажеті С дәрумені табылады. Ашытылған қырыққабаттың 100 грамында 20 мг С дәрумені бар. Сүт өнімдерінің, қазы-қартаның, сүр еттің де көктемде пайдасы зор. Негізінен, жылдың барлық мезгілінде ересек адамдар үшін картопты қоспағанда, көкөністің күндік мөлшері 300 грамнан 400 грамға дейін болуға тиіс. Көкөніс пен жеміс орта және егде жастағы, әсіресе толығуға бейім адамдардың тамағында айрықша орын алғаны жөн.

Дұрыс тамақтану ережелері:

·  тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

·  тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

·  тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

·  таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

 

1.     Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2.     Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3.     Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.

4.     Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5.     Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

  • Танертеңгі ас-міндетті түрде ыстық болу керек, мысалы қара құмық не сұлы ботқасы,сүт,қара нан,көкөністер салат.

  • Түскі ас-көкөністер мен жемістер салаты еттен не балықтан дайындалған бірінші және екінші ыстық тағамдар,компот

  • Сәскелік ас-жеміс не көкөніс шырыны,сүт сусындары мен жемістер.(банан,алма,алмұрт,апелсин т б)

  • Кешкі ас-жеңіл болғаны дұрыс.Сүт не айран көкөніс, жарма тағамдары, жемістер.


Бекіту
• Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық
• Мына заттардың ішінен жануар тектес азық түліктерді табыңдар?
• Мына заттардың ішінен өсімдік тектес. Азық — түліктерді табыңдар?
• Адамдар күніне неше рет тамақтану қажет?
• Дастархан басында қалай отыруымыз керек?
• Тамақты қалай жеу керек?
Үйге тапсырма
Үйге "Тамақтану әдебі" ой толғау жазу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі