400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Денсаулық - зор байлық" (Спорттық іс - шара)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиеленушілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 15.01.2020ж

Тәрбиеші: Языбева Е.Е

Тақырыбы: «Денсаулық зор байлық»

Мақсаты: Спорт пен денсаулық тығыз байланыста екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Көрнекілігі: Резеңке есек, машина, кедергілер, жалаушалар, ысқырық,

Барысы:

Жргізуші: Құрметті балалар! Спорт –денсаулық кепілі дегендей. Спорт пен денсаулық бір – бірімен тығыз байланысты. Дені сау адам болашақта өте мықты болады.Ол үшін балалар, спортпен жиі шұғылдану керек екен. Ал ендеше балалар, бүгін денсаулығымызға аздап болса да, үлес қосып спорттық жарысымызды бастайық. Олай болса, бүгін біздің "Ақбөбек" тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.


Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.

Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, 
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар
ды.

«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас. 

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

Ойын түрлері:

1.Тез адымда

2. Шебер

3. Кім жылдам?

4. Жүргізушілер

5.Есекпен  секіру.

1."Тез адымда"

Ойынның шарты: себеттен  себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.

2. "Шебер"
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу

3." Кім жылдам?"

Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.

4. "Жүргізушілер".

Машинамен мәреге дейін барып, қайтар жолда туды алып қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

5. "Есекпен секіру".

Есекпен секіріп жарысу.

ІІІ. Қорытынды бөлім 

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.

Сайыс соңында ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып,
денсаулығымыз мықты болу үшін спортты серік етейік!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 маусым
9462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі