Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Денсаулық - зор байлық". Тәрбие сағаты. 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Денсаулық – зор байлық
Ережепова Айғаным Рысқалиқызы
Денсаулық – зор байлық
Мақсаты:денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру. Жас ұрпаққа “ Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;
Сабақтың түрі: әңгімелесу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, венндиагрмма т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа, көріністер , жұмбақтар
Сабақтың барысы:
Гүл ұстаған балалар шеңберге отырады, бір-біріне жылы лебіздер айтып, денсаулық тілеп,гүл ұсынады. « Тілек шоғы» болады.
Егер қараңғы үйге келіп, шам жақсақ, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүл ішінде бір ақ гүл өсіп тұрса,көзіміз соған түседі. Күн планетасы жер бетіне сәулесін шашып, жылытады, жарық қылады . рас па ?
Дәл осы күн сияқты, ақ гүл, жарық шам сияқты мына сөйлем ішінде бір тамаша сәулесін шашып, маңайын нұрландырып тұрған сөз бар ма ?
– Ал енді мысалдарға көңіл аударайық:
Байлық - ақша
------------ машина
------------ денсаулық
Ең үлкен байлығымыз – денсаулық.
Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз)
2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)
3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс(
4. Аузы жоқ, көзі жоқ.
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
б) Көрініс «Кір қоймас»
- Ата-ананың сабын туралы әңгімесі.
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады. Сондықтан 3топқа бөлініп отырайық.
1-топ «Шымыр»
2-топ «Денсаулық»
3-топ «Сымбат»
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса сайысымызды бастайық.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшылармен танысып алайық.
1-бөлім «Таныстыру»
Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың»
«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық – ел байлығы»
«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда»
2-бөлім. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысу.
1-оқушы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.
2-оқушы: Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.
3-оқушы: Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық– ақ жаулық
Үшінші байлық-он саулық
4-оқушы: Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
5- оқушы: Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
6- оқушы: Жалқаулық — жаман ауру.
3-бөлім. Карточкамен жұмыс
1 — карточка.
«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдалы, дәрумендері мол жеміс — жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.
2 — карточка.
Қандай ұлттық ойындарды білесің, ойынның бір түріне тоқтал.
3-карточка.
Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін жаса.
4-бөлім. «Жарнама»
(1-топ айранды жарнамалайды)
1-оқушы.Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
(2-ші топ құртты жарнамалайды)
2-оқушы. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанща, осы құртты сатып алған тиімді.
(3 — топ сабынды жарнамалайды)
3-оқушы. Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады.
5-бөлім. «Салауатты өмір салты»
Мұғалім: Балалар, бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік дағдыларыңды сұрақтар арқылы байқау болып табылады.
Сұрақтар:
«Шымыр»тобына:
Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Одан сақтанудың жолдары:
— біреудің аузындағы сағызын шайнамау.
— әр адамның жеке орамалы. Сабыны, тіс щеткасы болуы керек.
— үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т.б.
«Денсаулық» тобына»:
Темекі тартудың адамға зияны қандай?
Жауап:
Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз. Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.
«Сымбат»тобына:
Нашақорлықтан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Нашақорлық – адам өміріне өте зиянды нәрсе. Одан әрқашан аулақ жүруіміз керек. Ол адамның миын улап, әр түрлі жаман қылықтар жасауға итермелейді.
Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша М.Дулатов атамыздың денсаулық жайында айтқан ақыл-кеңестерін қайталайық.
1-оқушы: Құлаққа ұрма, құлаққа айғайлама, шыңғырма. Қалам, қарындаш, ине сияқты үшкір нәрселермен құлағыңның ішін шұқыма.
2-оқушы: Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен құлағыңды абайлап жу. Жуынған соң құлағыңның суланған жерін сүртіп, құрғат.
3-оқушы: Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре қалса, өзің еш нәрсе істеме. Тездетіп дәрігерге көрін.
4-оқушы: Мұрныңды әрдайым таза ұста, жүргенде, жүгіргенде, сөйлегенде, ұйықтағанда мұрныңмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін.
5-оқушы: Үйдің ішінде еденге қақырма.
6-оқушы: Демалғанда аузың үнемі жабулы болсын. Щаңды, я, ауасы бұзылған орында шамаң келгенше демалмаған жөн. Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үй ішінде щаң көтеруші болма.
7-оқушы: Тұла — бойыңды, мойыныңды, көкірегіңді, арқаңды, күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
8-оқушы: Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда (ойна, жүгір).
Бәрі: Мұның бәрі дененің саулығы үшін керек.
Тыңдайық-ойланайық.
Ұлықпан Хәкімнің өсиетіне назар аударайық. Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз — ұзақ өмір сүру. Біздің бәріміздің де ұзақ өмір сүргіміз келеді.
Жетеліге жеті өсиет — аңыз. Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
— Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре бо емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдарар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
Балалар, осы 7 өсиетті орындау міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер.
Ұлықпан Хәкімнің 7 өсиеті:
Біріншісі – ерте тұру.
Екіншісі – орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі – дене шынықтыру.
Төртіншісі – дене тазалығы.
Бесіншісі – сергектік.
Алтыншысы – артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі – көп ұйықтамау.
Қысқы Азиада ойындарына тоқталып кету (слайд).
Қорытынды:
— Оқушылар, осы сабағымызды қорытындылай келе, сендердің ойларыңды тыңдай отырып, « Денсаулық – зор байлық » екенін түсініп, оны бағалай біледі деп ойлаймын. Спортпен айналысып, тазалықты сақтап, жаман әдеттен аулақ болып, бір – бірімізге жақсы көңіл – күй, күлкі сыйлап, шаттық сыйлап жүре берейік. Жақсы, шынайы күлкі адамның өмірін ұзартады дейді. Сондықтан…
Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
— Ал, ендеше, оқушылар, орнымыздан тұрып, шеңдер құрайық.
«Жүректен — жүрекке» шеңбері:
Отанды біз сүйеміз,
Денсаулық сақтай білеміз.
Кішкетай ғана жүрегімізден,
Бақыт, шаттық тілегіміз.
Назарларыңызға рахмет!