400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Денсаулық -өмір негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз денсаулықтарын бағалайды, ұқыпты қарап,денсаулықтарын күтеді. Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді. Денсаулық құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді ,әлеуметтік дағдылары дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Денсаулық -өмір негізі»

Мақсаты:

Өз денсаулықтарын бағалайды, ұқыпты қарап,денсаулықтарын күтеді.

Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді.

Денсаулық құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді ,әлеуметтік дағдылары дамиды.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: денсаулықты күтіп-баптау жолдарын біледі.

Түсінеді: денсаулықтың адам өміріндегі мағыздылығын түсінеді.

Қолданады: дәрумендердің адам ағзасы үшін пайдасын анықтайды.

Ресурстар: АКТ, тақырыпқа байланысты тапсырмалар, мазмұнды суреттер.

Әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», сұрақ-жауап, рефлексия, кері байланыс, сұхбат,ойын жаттығулар, уәждеу, жігерлендіру,бағалау.

Барысы: Күлімдеп күн нұрын шашты

Сыйлады бізге шуағын.

Арайланған таңды көріп,

Шаттанып менде қуандым.

Балалар, таңертең сендер тұрғанда, алдымен не көресіңдер?

Балалар: Күннің нұрын, анамызды.

Тәрбиеші: Әрине, оянғанда бірінші анамызды, күннің нұрын көреміз.Егер күн жарқырап нұрын шашып тұрса қалай қуанасыңдар?

Балалар: -«Алақай!» (Балалар қолдарын шапалақтайды, күледі, қуанады .

Ендеше,бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

«Денсаулығымыз мықты болсын! Күніміз ашық болсын!»

Тәрбиеші: -Балалар, «Жақсы сөз жан сауықтырады» дейді дана халқымыз.Ал жанымыз сау болса тәнімізде сау болады.Жақсы тілектерді айтып көңіліміз көтерілді.Үнемі бір-біріңе жылы сөздеріңді сыйлап жүріңдер.

Мен сендерге Әбдірашованың « Тәтті алма» деген әңгімесін оқып беремін.

Әңгімені оқу, талдау.

-Баян бақтан не тауып алды?

-Алма Баянға не деп айтты?

-Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар екен?

-Жеміс-жидектерді жумай жуса не болады?

Дәйексөз

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» Л.Карллейль

Осы сөзді қалай түсінесіңдер?

-Денсаулығың мықты болса ауырмайсың.

-Адам өз денсаулығын қалай жақсартады?

-Спортпен шұғылданады,уақытылы тамақтанады,дәрумендер жейді,тазалық сақтайды,таза ауада серуендейді.

Ендеше мына сиқырлы тақтаға назар аударайық. Балалар видеоролик тамашалайды.

«Күн тәртібін» ретімен орналастыр. Ұжымдық жұмыс.

Тыныштық сәті «Орманға ойша саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз.Көзіңізді жұмып терең тыныс алыңыз.Сабырлы болыңыз.Қазір біз орманға серуенге шығамыз.Орманға келе жатқанда абай болыңыз.Жәндіктерді басып кетпеңіз.Айналаға көз салыңыз.Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.Гүлдердің біріне жақын келіп иісін иіскеңіз.Айналадағы бар нәрсені бақылап, орманға ене түсіңіз.Қараңызшы,ағаштар биіктей және қалыңдай түсті.Құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы естіледі.Алаңқайға шығып, бірнеше минут демалыңыз.Біз орманда өзімізді бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.Табиғат неткен ғажап,оны қалайша сүйетінімізді,бірде-бір жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз.Енді қайтуға дайындалыңыз.Келген жолыңызбен кері қайтыңыз,жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз.Міне, балабақшаның алдына да келдік.Айналаңызға тағы бір қараңыз,таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайта келіңіз.Көзіңізді ашып, күлімдеңі

-Балалар, енді мейірбике апайды тыңдалық.

Слайд.

Балалар,сендер бүгін оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Көңіл-күйіміз әрқашанда көтеріңкі және сергек болсын.

Бағалау «Дәрумен»





«Баларман» балабақшасы











Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: «Денсаулық-өмір негізі»

Тобы: МАД «Бәйтерек»

Тәрбиеші: Қалмашева Жадыра.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі