Материалдар / «Денсаулық – зор байлық»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Денсаулық – зор байлық»

Материал туралы қысқаша түсінік
шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.

Барысы:    Ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
 Ә)   Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Слайд  
 Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
 Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
 Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
 -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

     Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.
-    Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.

Шығармашылық жұмыс
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Сергіту сәті
Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

Слайд   «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. 
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. 

Слайд  -   Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың. (Сабын)

Шомылған баланы,
Аймалапалады.
Сүртедіқолын да,
Сүртедіжонын да. (Сүлгі)

Аузыжоқ, көзіжоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Бізедік, бізедік,
Отызекіқызедік.
қатар-қатартізілдік,
Кезек-кезекүзілдік. (Тіс)

 2 оқушы хабарлама жасайды:
1- оқушы:- Халықданалығында «Денсаулық - зорбайлық» деген сөз бар. Ертезаманнанберіата-бабаларымызденсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланыңденісау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақтарту, найзашаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ білген.

2- оқушы: -Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайдаболды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар:  «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

- Олай болса, кезекті спорттық сайыстарға берелік.
І. Қол күрес – білек күштерін сынау. 

Қорытынды сөз:   - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.
Слайд «Кім тапқыр?»
Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық - денсаулық.
С - Саулық - байлық негізі.
А - Ас - адамныңарқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л - Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.

            - Ал, оқушылар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар. 
       -Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауында денсаулыққа, спорт пен туризмге көп көңіл бөлінген,
Қазақстандықтар  спортқа тартылсын және де спорттық кешендер салынсын.   -  «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Слайд    Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!