Денсаулық – зор байлық
тәрбие сағаты
Сабақтың
тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам
денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық
екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын
тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу
шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыдауға,
шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Мұғалім
сөз: Бүгінгі тәрбиелік
іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде
болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны
білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің
көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі
ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі
түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
"Тәні саудың -дені сау"
демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның
жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де
сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық
тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен
алғыс аласың, достарың да көпболады.
Қызғаншақ болма! Өз
бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік
айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра
қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
- Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық
уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға
жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы
сезінесің..
«Өзгелерге денсаулық тілеп,
жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды
жасайды.
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап,
ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу
жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек ,
деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің
күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді
мұқият орындауымыз керек.
Тісті күніне екі рет
тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.
5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.
6.Тәттіні көп жеуге болмайды.
7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы
керек.
Шығармашылық жұмыс
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел
білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5..Ауру атанды да шөктірер.
6.Азған денеге ауру үйір.
Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер.
Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек,
өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың
құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне,
ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына
көмектеседі.
«Әлемдегі ең пайдалы
азықтар»
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды.
Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа
келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25
грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы
жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл
еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын
күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді.
Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K
витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға
азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің
қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз
етеді. Бүйректерге пайдалы.
- Нені ойға тоқып,
жадымызда сақтауға тиіспіз? (Жаман әдеттен аулақ
болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды,
білімді, адал болып)
Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс
пастасымен жуу керек.
» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен
және үйлесімді қоректену керек.
» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ерте жатып,ерте тұру
керек.
» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың
таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын
тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.
» Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау
керек.
- «Сау дене, азат
ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені
сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ
болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! .
Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына
тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған,
саналы ұрпақ.