400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Денсаулық әліппесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпаққа денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары, бағалы екенін түсіндіру. Денсаулықты сақтауға, үқыпты, жинақы, таза болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Жас ұрпаққа денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары, бағалы екенін түсіндіру.

Денсаулықты сақтауға, үқыпты, жинақы, таза болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: оқушылар жазған шығармалары, суреттер, қанатты сөздер.


Барысы:

Жүргізуші: Адамның басты байлығы- - денсаулық. Денсаулық дегеніміз, адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық – адамға ьабиғат берген басты құндылық. Денсаулықты әр түрлі тәсілмен нығайтуға болады.

-Денсаулық мықты болу үшін не істеу керек?

Балалар жауаптары. Спортпен шұғылдану, таза ауамен дем алу, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстау.

-Дұрыс.

Атмосферадағы зиянды сәулелер, радиация, газ, шаң- тозаң- бәрі ағзаға әсер етеді, ауаны ластайды. Адам ағзасы олардан зардап шегеді.

Иманжан: Басты байлық- денсаулық.

Бабам айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.

Дәулет. Су табиғат байлығы.

Өзен- көлге барғайсын.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсын.

Денсаулықты нығайтуға жұмысқа қабілеттілікті арттыруда және суық тиюден сақтандыруда ағзаны шынықтырудың маңызы зор. Денім су болсын десең- спортпен шұғылдан.

Гүлемай: Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз,

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз,

Коньки, шаңғы тебеміз.

Жалқаулықты тастаймыз.

Жаттығуды бастаймыз.


Ойын.


Біздің денсаулығымыз көбінесе тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш- қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дқрыс тамақтана білуі тиіс. Тамаққа әр түрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді. Олардың құрамында дәрумендер көп болса, екіншісі ағзаны күшті болуына көмектеседі. Әрқашан тамақтанудың негізгі ережелерінің сақта.

  • Қане, балалар, жұмбақтар шешіп табиғи дәрумендерді табайық.

  1. Бүрі, бүрі, бүрі бар, күн келбеті түрі бар. «күнбағыс»

  2. Аспай піскен. Қайнамай түскен. «жемістер»

  3. іші жұмсақ, сырты қатты. Еті қызыл, сүті тәтті. «қарбыз»

  4. аласа ғана бойы бар, тоғыз қабат тоны бар. «орамжапырақ»

  5. әрі қызыл, әрі тәтті. Татқан жанды таңырқатты. «алма»

  6. жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым. «сәбіз»

  7. іші сұлу, сырты түкті. «шабдалы».

  8. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)

  9. Көзге крінбейді, жұтсаң, білінбейді. (ауа)

Денсаулық әліппесінен пайдалы кеңестерді тыңдайық.

Азамат. Барлық жанға жолыққан.

Амандасып жүргейсің

Адамдықты ту етіп,

Адал өмір сүргейсің.

Ақсымбат: Қабақ түйсең саған ешкім қарамас.

Жылы сөйлеп барлығымен амандас.

Айда: Ұйқыңнан ерте тұру.

Жадырап, жарқын күлу.

Әдетің болсын әрқашан,

Жаттығу жасау, жуыну.

Дәулет: Шашыңды сап ауызына,

Тырнағыңды тістме,

Жетейлейтін ауруға

Мұндай қылық жасама.

Алтынай: Ертеңгілік асты ішкен соң,

Таза ауамен мектепке беттеген жөн.

Бәрі бірге:

Жағымсыз әдеттер, кедергі келтірсе.

Бірімізге біріміз көмек бере жееміз.

Саусақ салып ауызға, тырнақты тістемей,

Жуылмаған жемісті біз жемейміз

Бірге жүріп, жағымсыз әдеттерді ұмытамыз

Бір ауыздан бәріміз тазалықты құптармыз.

Жүргізуші: балалар, бүгінгі жиында денсаулық жайлы қараған мәселелерді тиімді пайдаланып, салауатты өмір сүруіміз керек. Денсаулықтары өз қолдарыңда екенін ешқашан ұмытпаңдар.


Ән: «Ертемен күнде сен».











Теректі орта мектебі.














Өткізген: Ержанова М: И.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі