400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ДЕНСАУЛЫҚ" бөлімі "МЕН КҮШТІМІН!" тақырыбы бойынша ҰОҚ конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші: Ещанова А.Е. Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: «Мен күштімін!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балапан» кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Күні: 25.10.2021ж.

Тәрбиеші: Ещанова А.Е.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Мен күштімін!»

Мақсаты:

  • Бір-біріне деген қамқоршылық сезімдеріне тәрбиелеу.

  • Есте сақтау және байқағыштық қабілеттерін дамыту.

  • Бір қолмен тәрбиешіге 1 м қашықтықтан доғаның астынан доп домалатуға үйрету.

Құрал-жабдық: доп, музыка, аудио, «Бауырсақ» мультфильмінің кейіпкерлерінің суреттері, нысаналар (бөлмедегі боулинг ойыншықтары), презентация.

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап» әдісі, түсіндіру, үйрету, көрсету, әңгімелесу.

Билингвальді компонент: доп – мячь.


ҰОҚ-нің барысы:


1. Ұйымдастырушылық сәт.

Балаларды сапқа тұрғызу.

«Қайырлы күн, досым!» өлеңі арқылы тәрбиешімен және балалармен амандасу:

Қайырлы күн, досым!

Қайырлы күн, досым!

Бүгінгі күн саған

Сәтті болсын!

Балалардң қызығушылықтарын арттыру үшін сабақтың кейіпкерлерін және қонақтарын хабарлау:

Тәрбиеші: Балалар мына жерде бір үйшік тұрған сияқты. Бұл "Бауырсақ" ертегісіндегі әже мен атаның үйі екен ғой. Ата мен әже өте көңілсіз.

Әже: Мен атайға бауырсақ пісірген едім.Оны терезенің алдына қойсам бауырсақ орманға домалап кетіпті (тәрбиеші перезентациядағы аудио арқылы әжейдің сөздерін тыңдатады).

Тәрбиеші: Сіз уайымдамаңыз біздің балалар орманнан бауырсақты алып келеді. Балалар біз орманға бауырсақты іздеуге барамыз ба?

Балалар: Иә, барамыз.


2. Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: Орманға бару үшін балалар біз түрлі жаттығулар жасап баруымыз керек. Орманда түрлі кедергілерден өтуіміз мүмкін, біз барлығына дайын болуымыз керек.

Жаттығу: «Бір/екіге» саналып, екі қатарға тұру. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау:

  1. Б.қ. аяқ йық деңгейінде, қол белде: бір - артқа, екі - алға, үш - оңға, төрт - солға басымызды еңкейту;

  2. Б.қ. аяқ йық деңгейінде, қол йықта: бір – жоғары, екі - төмен, үш - жоғары, төрт – төмен йықтарды қимылдату;

  3. Б.қ. аяқ йық деңгейінде, қол белде: бір - екі – оң қол үстіде, үш - төрт – сол қол үстіде қайшы жаттығуын жасау;

  4. Б.қ. аяқ йық деңгейінде, қол белде: бір - екі -оңға, үш - солға еңкею;

  5. Б.қ. аяқ йық деңгейінде, қол алдыда: «Отырып-тұру» жаттығуын жасау.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

- Қараңдаршы балалар алдымызда қоян отыр. Қоян жауап беру үшін оның тапсырмасын орындауымыз керек.

-Балалар қоян калай секіреді?(балалар қоян қимылын жасайды)

Қоянның тапсырмасы: «Clap snap» музыкасының әуенімен жаттығуларды тәрбиешімен бірге ретпен орындау (бастан аяққа дейін ретін сақтау).

Қоян: Менің тапсырманы орындадыңдар. Бауырсақ менен қашып кетті (презентацияда аудио тыңдату).

Тәрбиеші: Балалар мына жерде аю отырған сияқты. Аю сен бауырсақты көрдің бе?

Аю: Балалар сендер ойынымды жақсы ойнасаңсаңдар, айтамын (презентацияда аудио тыңдату).

Топтық жұмыс: Балаларды екі шағын топқа бөледі. Бір топ допты орнына қояды, ал екінші топта доп балалардың қолында қалады. Допты бір-біріне домалату (балалар арасы 1. м қашықтық).

Доппен таныстыру.

Үш рет қайталау:

  • «доп – доп - доп»

  • «мячь – мячь - мячь»

Допты балалармен бірге сипаттау. Допты екі қолмен домалату техникасын көрсету. Балаларға бір-бірден орындатқызу. Түсіндіру.

Аю: сендерге рахмет сендермен жаттығу жасаған маған ұнады. Менен бауырсақ қашып кетті (презентацияда аудио тыңдату).

Тәрбиеші: Мына жерде ағаштың жанына бауырсақ тұрған сияқты. Біз бауырсақты таптық. Бауырсақты әже мен атайға апарып берейік.

-Ата мен әжеге тез жету үшін "Паравоз" ойынын ойнайық.

Ойын: «Паравоз».

Мақсаты: Балалардың бірінің артынан бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге үйрету.

Шарты: паравоз сияқты ретімен тұрып, екі шеңбер жүгіру.

Тәрбиеші: Балалар біз ата мен әжейдің үйіне жеттік.(бауырсақты әжейге береді)

Әжей: Рахмет балалар сендерге. Сау болыңдар балалар (презентацияда аудио тыңдату).


3. Қорытынды.

ҰОҚ «сұрақ-жауап» әдісі арылы қорытындылау. Ауызша балаларды мадақтау. Бір қатарға сапқа тұрғызу. Тәрбиеші командасын орындау. Балалармен бірге құралдарды жинау. Ауызша сөздік мадақтау арқылы балаларды бағалау.


Күтілетін нәтиже: Допты сипаттайды, допты домалату ережелерін игереді.

Істей біледі: Допты екі қолмен домалатады.

Меңгергені: Допты доғаның астынан доп домалатады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі