Денсаулық еліне саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Денсаулық еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың денсаулығың нығайту.Гигиеналық шаралырды сақтай отырып,мақсатқа жету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене тәрбиесі.

Қорытынды сабақ «Денсаулық еліне саяхат»

Тақырыбы : «Денсаулық еліне саяхат»

Мақсаты : Балалардың денесін шынықтыруға ,денсаулығын нығайтуға , дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету.

Қызықты,көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс –тәсілдері: Көрсету , түсіндіру, сұрақ –жауап .

Құрал –жабдықтар : Гимнастикалық орындық, баулы жіптер, асықтар , доға, денсаулық жолдары , ағаш ат .

  1. Кіріспе бөлім .

Балалар музыка ырғағымен , бір қатармен спорт залға кіреді .

Нұсқаушы :

  • Түзел! Тік тұрыңдар !

  • Сәлеметсіздерме ?

  • Балалар бүгінгі оқу қызметіміз өте қызықты болмақ.Біз денемізді шынықтыру үшін, нығайту үшін денсаулық еліне саяхат жасаймыз.

Ол үшін балалар біз денсаулық жолымен жүреміз.

(жай жүріс, қол белде,аяқтың ұшымен ,өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру, тізені жоғары көтеріп жүру, жүгіру, тыныс алу)

Нұсқаушы :Міне балалар біз денсаулық елінеде келіп жеттік .

Желаяқ: Сендер кімсіңдер ?

Нұсқаушы: Біз балалармен денсаулық еліне денемізді шынықтыру үшін арнайы саяхаттап келдік .Ал, сіз кімсіз,

Желаяқ: Мен желаяқпын. Денсаулық еліне қош келдіңіздер !Менің денсаулығым мықты,жүгіргенде шаршамаймын.Көрдіңдерме балалар ,менің қалай тез жүретінімді ?

Нұсқаушы :Желаяқ, олай болса бізге денемізді шынықтыруға , денсаулығымызды нығайтуға көмектесіңіз.

Желаяқ: Жарайды балалар , алдымен біз жаттығу жасап алайық , жаттығуды біздің денсаулық елінде сиқырлы баулар бар , солармен жасаймыз .

(нұсқаушы балаларды екі қатарға тұрғызады, балалар кезекпен баулы жіптерді алады)

  1. Негізгі бөлім .

Жалпы дамыту жаттығулары : (баулы жіптермен)

Қолды белге қойып , мойын жаттығуларын жасау ,аяқ иық деңгейінде , баулы жіп қолда, төменде.Бауды жоғары көтеру , отыру,орнымыздан тұру. Аяқ сәл ашық , қол белде ,белді оңға –солға бұру.

Негізгі қимыл –қозғалыс.

Тепе –теңдікті сақтау –Балалар гимнастикалық орындық үстімен жүріп , қосаяқпен секіріп түсіп , доғаның астынан өтеді .

Нұсқаушы :Жарайсыңдар балалар саппен қатарға тұрамыз. (тыныс алу жаттығулары орындалады )

Желаяқ: Жарайсыңдар балалар, өте тәртіпті , шымыр балалар екенсіңдер ! Енді балалар ойын ойнағыларың келеме ?

Ойын: «Теңге алу»

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді белгіленген жерге дейін , екі топтан балалар кезекпен шығып ,ағаш атпен шауып барып , сандықта тұрған асықтардан алып , қайтып келеді.Алған асықты әкеліп әр топ , өзінің қорабына салады.Қайсы топ көп асық жинаса ,жеңіске жетеді.(Желаяқ балаларды асықтар арқылы екі топқа бөледі, ойынның шартын түсіндіреді )

Ойын ойнап болған соң нұсқаушы балалары қатарға тұрғызады .

Желаяқ:Жарайсыңдар балалар ! Ойын сендерге ұнадыма ?

Нұсқаушы : Қане балалар, біз желаяққа денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білетінімізді айтып берейікші.(балалар қол көтеріп , мақал-мәтел айтады)

Желаяқ: Өте жақсы ,жарайсыңдар балалар! Сендер тәртіпті ақылды шымыр, сонымен қатар өте білімді екенсіңдер.Балалар менің сендерге арнаған сыйлығым бар.Жеміс-жидектер сендердің денсаулықтарыңа өте пайдалы.Құрамында көптеген дәрумендер бар.Жемістерді көп жесеңдер бойларың тез өседі,дені сау үлкен азамат болып өсесіңдер .

Нұсқаушы: Көп рахмет,Желаяқ сен бізге көптеген жаттығулар жасаттың , ойындар ойнаттың.Енді біздің бала-бақшамызға қайтуымыз керек.Біз тағыда міндетті түрде денсаулық еліне саяхаттап келеміз.

Желаяқ:Олай болса балалар ,келгендеріңе рахмет!Сендермен танысып, жаттығу жасап ,ойын ойнағаныма менде қуаныштымын! Сау болыңдар!

  1. Қорытынды бөлім :

Нұсқаушы:

-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма ?

-Біз қай жерге саяхат жасадық?

-Ненің үстімен жүрдік?

-Денсаулық елінде кімді көрдік ?

-Қандай жаттығулар жасадық,немен жасадық?

-Қандай ойын ойнадық?

(балалар жауап береді)

Бағалау.

Нұсқаушы: Түзел! Тік тұрыңдар!Сау болыңдар!

(Балалар музыка ырғағымен ,бір қатар саппен шығып кетеді)







Дене тәрбиесінің нұсқаушысы :Т.К.Оңайбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2025
44
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі