400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Денсаулық еліне саяқат» квест ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына арналған квест ойыны
Материалдың қысқаша нұсқасы


Квест-ойыны

Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяқат»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау

Міндеті: 

  • әр адам өз денсаулығын бала кезінен күту керек

  • мәдени-гигиеналық дағдылар қалыптастыру

  • спорт және дене шынықтыруға сүйіспеншілігін ояту

  • дәрумендер және пайдалы азық-түліктермен таныстыру

  • музыканың адам ағзасына пайдалы әсерін айту

  • жеңіске деген ұмтылысын, білуге құмарлығын, танымдық белсенділігін арттыру

Құрал – жабдықтар:  плакат, маршрут картасы, суреттер(ойынға қатысты),ағаш, көкөніс пен жемістер муляжы, қолданған жасалған шаңғылар

Алдын – ала жұмыс:

балалармен дәрумендер және олардың маңызы, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі, спорт түрлері туралы әңгіме жүргізілді .

Сөздік жұмыс:

Денсаулық, спорт, дәрумен, қол жуғыш

Ойынның барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Күннің көзі ашылды.

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Тәрбиеші:

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге! 
Балалар: Сәлеметсіздер ме!

2. Негізгі бөлім:

Музыка әуенімен топқа Бармолей кіреді.

 Бармолей: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсің бе!
Бармолей: -Балалар мен Айболит дәрігердің денсаулық құпиясы бар плакатты ұрлап, оны 4 –ке жыртып , мына денсаулық елінің 4 бұрышына тығып қойдым.Енді менің тісім ауырып жатыр. Айболит денсаулық құпиясы бар плакатты қайтармасаң емдемеймін дейді. Ал мен ұмытып қалдым қайда тыққанымды. Маған плакатты қайтаруға көмек беріңдерші. Мен сендерге плакаттың бөліктерін қайда іздеуге болатыны туралы маршрутты карта дайындадым. Тек әр плакаттың бөлігін алу үшін ондағы тапсырмаларды орындау керек.

Тәрбиеші: Балалар, Бармолейге көмектесеміз бе?

Балалар: -Әрине көмек береміз.

Бармолей: - Рахмет сендерге, мен сендерді осы жерде күтемін.

Балалар маршрутты карта бойынша «Денсаулық еліне» аттанады. Орман бойы жүріп, 1-ші «Музыка» станциясына келеді. (Балаларды музыкалық жетекші қарсы алады)

Муз. жетекші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер сиқырлы музыка орманына келдіңдер. 

Балалар: Сәлеметсің бе!

Муз. жетекші: -Музыка біздің денсаулығымызға қалай әсер етеді?

Балалар: - Спортпен, музыкамен біз жаттығулар кешенін, жаттығу жасаймыз, ырғақты музыкамен би билейміз, шаршағанда музыканы тыңдап дем аламыз.

Муз. жетекші: -Менің музыка орманымда көптеген құстар тұрады. Құстарды 2 топқа бөлу керек: қыстайтын және жылы жаққа ұшатын құстар (құстар дауысы-әуен)

Муз. жетекші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, аюға орманда көптеген аңдар оның оянғанын күтіп жүргенін көрсетейікші.(музыка ырғағымен андардың жүрісін салып қандай аң екенін айтады)

Тәрбиеші:Музыка станциясында барлық тапсырманы орындадық. Енді барлығымыз көңіл көтерейік!

Би жаттығу: «Оңға бір,сол бір...»

Муз. жетекші: -Рахмет көмектеріңе, менің де сендерге берер сыйлығым бар(плакаттың бір бөлігі)

Маршрутты карта бойынша көпір үстінен өтіп, келесі «Дәрумендер» станциясына барады.

Медбике: -Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Балалар: Сәлеметсің бе!

Медбике: Маған көмек беруге келдіңдер ме? Маған бүгін Айдос келді. Оның іші ауырып жатыр. Ол бүгін зиянды тағамдарды көп жеп қойған. Оған зиянды және пайдалы тағамдардың пайдасын айтыңдаршы.

Тәрбиеші: - Балалар медбикеге көмек берейікші. Пайдалы тағамдарда адам ағзасына пайдалы дәрумендер көп. 

Дәрумендер қайда болады?

Балалар: - Жемістер, көкөністер, ботқаларда, сүтті тағамда, балықта, етте болады дәрумендер болады.

Ділназ:

Асханадан шықпаймын

Атым-пияз, бұқпаймын

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Данагүл:

Мирас:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды,

Қоянға за азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз



Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім.


Ұлсая:

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілген.

Ясина: Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар,

Мен басты иемін.

Тәрбиеші: - Ал, зиянды тағамдарға қандай тағамдар жатады?

Балалар: - Чипсы, колла, кириешки, гамбургер , хот –дог, торт, кәмпит, шоколад, чупа –чупс, балмұздақ, сағыз, сосиска, колбаса

(Балалар пайдалы тағамдарды ағашта қалдырады,ал зиянды тағамдарды ағаштан алып тастайды)

Тәрбиеші: -Міне Айдос, қара, пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығын

Медбике: - Рахмет балалар, көмектеріңе. Міне менің сыйлығым (плакаттың екінші бөлігін береді).

(Гүлдерді үстінен аттап өтеді).Келесі станция «Гигиена» станциясына маршрутты карта бойынша барады.

Бұл станцияда «Мойдадыр» қолжуғышы қарсы алады.

Мойдадыр: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер гигиена станциясына келдіңдер. 

Балалар: Сәлеметсің бе!

Мойдадыр: Гигиена туралы не білесіңдер?

Д/оын: «Гигиенаға қатысты заттарды тап»

Шарты: Үстел үстінде суреттер, ішінен гигиенаға қатысты суреттерді тауып алу керек.

Мойдадыр: - Балалар сендер қол жуу ретін білесіңдер ме?

Балалар қол жуу ретін өлең түрінде көрсетеді.

Керек ,керек жуыну

Қайда мында таза су

Кранды ашамыз

Қолдарды жуамыз

Мойдадыр: - Міне, балалар әр дайым қолдарыңды жуып таза жүріндер.

Тәрбиеші: Д/ойын: «Жақсы мен жаман әдеттер»

Тіс жамыз

Тырнақты тістейміз

Мұрын шұқимыз

Шаш жуамыз

Кір киіммен жүреміз

Шаш жумаймыз

Қол жумыз

Суға түспейміз

Мойдадыр: Міне менің сыйлығым (плакаттың 3 бөлігін береді).

Маршрутты карта бойынша 4-ші «Спорт» станциясына барады.

Спортшы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсің бе!

Спортшы: Балалар спорт бізге не үшін керек?

Балалар: - Денсаулығымыз мықты болып, ауырмау үшін

Жансұлтан:Ертемен күнде сен

Қолына сүйкесең

Кетіп кір, ласын

Тап –таза боласың

Бұл не? (сабын)

Раушан: Аю менен қасқырдан да,

Ұзын менің тістерім

Бірақ жыртқыш аң емеспін

Шаштарға мен сән беремін (тарақ)

Спортшы: - Спорттың қандай түрлерін білесіңдер

Балалар: - Футбол, баскетбол, валейбол, тенис, шаңғы, хокей

Тәрбиеші: - Балалар спорт ойын түрлері екіге бөлінеді. Қысқы және жазығы ойындар. Қысқы ойындар: шаңғы, хокей, коньки. Жазғы ойындар: футбол, баскетбол, волейбол.

«Шаңғы тебу» ойын-жарыс

Спортшы: Менің сыйлығым бар (плакаттың 4 бөлігін береді)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар!Айболиттың плакатын бөліктерін жинап, Бармолейға апарып берейік

Тәрбиеші:Бармолей, енді мына плакатты Айболитке апарып бер.Бұзық болма, дос бол.Қош бол , Бармолей

3. Қорытынды бөлім:

- Қонаққа кім келді?

- Қайда бардық?

- Не істедік?

- Бүгінгі ойында не ұнады?

Тәрбиеші: Балалар, хатшы бізге Айболиттан хат әкелді. Айболит сендерге ризашылығын білдіріп, сендерге медальдер жіберіпті.

Балаларды мараппау.

Тәрбиеші: Денсаулықты сақтауға,

Денсаулықты жақтауға

Гигиена-тән таза

Гигиена -сау ағза-деп ойынымызды аяқтаймыз.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
2105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі