400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Денсаулық ең басты байлық» спорттық жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – аналар арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Төзімділігін, жылдамдығын, ептілігін, батылдығын дамыту. Балабақшамен ата-аналар қарым-қатынас нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Денсаулық ең басты байлық» спорттық жарыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – аналар арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Төзімділігін, жылдамдығын, ептілігін, батылдығын дамыту. Балабақшамен ата-аналар қарым-қатынас нығайту.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сайыс.

Қажетті құрал-жабдық: секіртпелер,доптар,самакаттар,арқан

Өтілетін орыны: спорт алаңы,таза ауда

І-Ұйымдастыру

Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, ата - аналар!
Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар!
Бүгінгі күн әуенін бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық!
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән шырқалады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.

Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар, ұстаздар, балалар және жанкүйерлер! Бүгінгі «Денсаулық ең басты байлық» ата-аналар сайысымыздың ақтық мәресіне қош келдіңіздер!
Бұл – байқау емес, бұл – денсаулық мерекесі. Біздің мақсатымыз ата - аналарды балабақашамен, балабақша өміріне қатыстыру және ата - аналардың ақылдығын, білгіштігін, әртістік қабілеттерін, достығын көру болып табылады.

ІІ-Негізгі бөлім

Жүргізуші:
Спорттық күнге арналған,

Бүгінгі бәйге қандай – ды!
Кім келер екен алдында,
Жарыс тек жүйрікті таңдайды, - дей отырып, сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Сонымен ортаға сайысқа балабақша ата-аналардан құралған,екі топ қатысады.

1. Қарсы алыңыздар! «Қыран» тобын шақырамыз
2. Қарсы алыңыздар! «Сұңқар» тобын шақырамыз

Жүргізуші:

Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз!

-Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

- Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.


1. Меңгеруші:

2.Әдіскер:

3.Медбике:

Ән ұран қойылады

Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады

1.Секіртпемен секіру

2. Допты жерге ұрып жүгіру.

3. Жұптасқан ұстаушылар

4. Эстафеталық ойындар

5.Самакат тебу

6.Арқан тарту

Жүргізуші:

-Жарысымызды бастамай тұрып денемізді қыздырайық.

-Командаларды ортаға жаттығуға шақырамыз

-Енді сайысымзды бастайық

1.Ойын: Секіртпемен секіру

Шарты: Топ Мүшелері төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді.Белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Келесі ойыншыға береді.Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

2.Ойын: Допты жерге ұрып жүгіру.

Шарты: Топ Мүшелері төрешінің белгісі бойынша допты жерге ұрғылап жүгіреді.Белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Келесі ойыншыға береді.Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.





3. Ойын: Жұптасқан ұстаушылар

Шарты: Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып қолын ұстап тұрады, белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.



4. Ойын: Эстафеталық ойындар

Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері эстафеталық кедергілерден өтіп белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.

Обручтан секіру,таяқшалардан өтү,кеглиды айналып орнына келу.

5.Ойын: Самакат тебу

Шарты: Самақаты белгіленген жерге дейін теуіп,қайтадан оралу,келесі ойыншыға беру.

6.Ойын: Арқан тарту

ІІІ-Қорытынды

Көрсетті міне өз өнерін ата-аналар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.



Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1123
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі