«Денсаулық институты»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Денсаулық институты»

Материал туралы қысқаша түсінік
: «Денсаулық институты»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Денсаулық» (Таным)

Бөлімі: «Қауіпсіз мінез құлық негіздері»

Тақырыбы: «Денсаулық институты»

Мақсаты: Балаларға институт туралы жалпы ұғымды түсіндіру, балалардың ізденуге, тәжірибе жасауға, еңбек әрекеттерін қайталауға танымдық назарын жетілдіру; дәрумендер, гигиена, спорт деген ұғымдарды позитивті қабылдауға, салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға ретінде қалыптасуға жағдай жасау;

Инновациялық технология: тұрмыстық техникамен асханалық тәжірибе; зиянсыз химиялық тәжірибе (маймен тәжірибе)-ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

Билингвалды сыңары: Екпе-прививка, дәрумендер-витамины, тазалық-чистота, дәрігер –врач.

Сөздік жұмыс: институт

Ұйымдастыру кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардыңқызметі

Мотивациялаушы

-Балалар мен сендерді денсаулық институтына ертіп келдім. Сендер үлкен білімгерлердің рөліне еніп, көп денсаулық туралы ақпарат алып, ойын ойнайтын боласыңдар.. Бұл жерде қонақтар көп екен.

Сол кісілермен сәлемдесіп алсақ деймін.

***

1слайд

Тазалықты сүйетін, денсаулықты күтетін.

Кішіге ізет білдіріп, үлкенді құрмет ететін .

Ересек топтың балғыны,біз болашақ ұланы.

Білгіміз келіп жақсыны асығып әркез жүретін.

Алдыңызда сіздердің аянбаймыз, таңбаймыз.

Сұраққа жауап қайтарып, еш қысылып жатпаймыз.

Сәлемдесіп сіздермен қызық оқу қызметін бастаймыз.

Сәлеметсіздер құрметті апкейлер, Здраствуйте уважаемые педагоги, Гудмонен титче!!!!













Тазалықты сүйетін, денсаулықты күтетін.

Кішіге ізет білдіріп, үлкенді құрмет ететін .

Ересек топтың балғыны,біз болашақ ұланы.

Білгіміз келіп жақсыны асығып әркез жүретін.

Алдыңызда сіздердің аянбаймыз, таңбаймыз.

Сұраққа жауап қайтарып, еш қысылып жатпаймыз.

Сәлемдесіп сіздермен қызық оқу қызметін бастаймыз.

Сәлеметсіздер құрметті апкейлер, Здраствуйте уважаемые педагоги, Гудмонен титче!!!!


Ұйымдастырушы ізденістік

-Балалар біз денсаулық институтында бір күнімізді өткізетін боламыз.

Институт деген зерттеу және білім беру орны. Демек бүгін біз үлкен білімгерлер секілді боламыз. Басымызға ақ қалпақ киюіміз тегін емес. Балалар бүгінгі айтар әңгімеміз, атқарар жұмысымыз қызықты, жан-жақты болсын деп сендерді үш командаға бөлгім келіп тұр. Балалар денсаулықты жақсарту үшін ең алдымен тазалық керек, сол үшін 1-ші командамыздың атын «Тазалық» деп атаймын. Тазалықты ерекше сүйетін бес бала өз орындарына жайғаса беріндер. Ал дұрыс тамақтану біздің бойымыздың, ақылымыздың, көңіл-күйіміздің керемет болуына әсер етеді екен. Ендігі коммандамыздың аты -дәрумендер болмақ. Дәрумендер өз орындарына жайғассандар болады. Ал ішкен тамағымыз, атқарған тазалық жұмысымыз қимыл әрекеті болмаса бос кетеді екен. Сол үшін қимыл-қозғалыстың пайдалы түрі спорт деп аталады. Демек қалғандарымыз спорт командасының мүшесі боламыз.

Балалар денсаулықты жақсарту үшін спорт, тазалық, дұрыс тағамдар қажет керек екен дедік. Ал енді осы туралы (№2слайд) мультфильм

Алан ағайларын қандай кеңес береді екен, тамашалап көрейік.

Мультфильм

«Алан ағайдың кеңесі»

Иә,денсаулыққа пайдалы біраз ақпарат алдындар деп ойлаймын.

Олай болса денсаулық институты ұсынған бір тапсырма бар екен экранға назар аударайық.

3слайд

Дидактикалық ойын.

«Бөліп, ажырат»

Тазалық құралдарын бір бөлек,спорттық атрибуттарды бір бөлек, тағамдарды бір бөлек бөлеміз.

-Қане денсаулық, спорт және дәрумендер коммандасы өздеріннің коммандаларының атына қатысты заттарды тауып көріңдерші.

Жарайсыңдар балалар!

Бірақ мен бір қателік тауып тұрғандаймын,сендерде байқаған боларсыңдар.

Енді осыны бізге көрсетіп бере қойындар .

4слайд

Дидактикалық ойындар

«Тағамның түрлері»




Педагог:

-Тағамды айтамыз деп, қарнымыз ашып қалғандайма?

Кейіпкердің келуі.

Институттың бас дәрігері:

-Сәлеметсіздерме балалар, денсаулықтарың қалай?

Сендер біздің институтқа қонаққа келіпсіздер.

Олай болса біздің халқымыз ең алдымен қонағына ас ұсынады, менде сендерге дәрумен толы себетімді ала келдім.

Педагог:

-Тух, неткен әдемі жемістер.. Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

5 слайд

Жұмбақтар

Қызғылт сары түсі бар,

Аңқыған хош иісі бар.

Нүкте –нүкте тесіктер,

Ай секілді бөлшектер.

(мандарин)

***

Алматы оның Отаны,

Әлемге әйгілі атағы.

Қырш-қырш етіп тістейсін,

Қазақтың жемісі дерсің.

(алма)

-Балалар біз дәрігерге жемістерден қандай тағам дайындауға болатының көрсетейік.

-Асхана тәртібі туралы бізге тазалық командасының мүшелері айтып берсін.











-Дұрыс айтасыңдар.

7слайд

Тәжірибелік асхана.

Балалар дәрігердің көмегімен қолдарына резеңке-стирильді қолғап киіп, жуылып, алдын-ала туралған жемістерді блэндерге салады.

Дайын болған сусынды қонақтарға таратады.

Балаларға пластикалық ыдыспен аз көлемде таратылады.







Педагог:

-Балалар қараңдаршы бағана жұп-жұмыр болып тұрған жемістер сусынға айналды. Медицина институтында осындай тәжірибелер көп болады екен. Сендер соның бірін ғана көрдіңдер. Сендер әбден әлденіп алған секілдісіңдер, бізге спорт командасы жаттығу жасауды үйретеді.

Қазақтың күйі қойылады.

8 слайд

Сергіту жаттығуы

«Қазақ елі»












Педагог:

-Құрметті бас дәрігер, біздің балабақшадан келіп отырғанымызды білесіз. Біздің бақшамыздың ішінде түрлі қызықты ойындар өтеді. Соның бірін тамашалап көруге шақырамыз.

Бас дәрігер:

-Ал менде ойнасам боладыма?

Педагог:

-Сіз ойнасаңыз керемет болатын еді.



































































Педагог:

-Дәрігер сізге рахмет, сіз біздің балалармен бірге ойнауыңыз керемет болды. Осы ойынымыз кішкентай балаларға сабақ болады деп ойлаймыз.

Билингвалды сыңары:

Екпе-прививка, дәрумендер-витамины, тазалық-чистота, дәрігер –врач.







Балалар алдын-ала дайындалған орындарға жайғасады.









Әр коммандада белгі логотипімен және суреті стол үстіне бекітіледі.






































Коммандалар мальбертке суреттерді жапсырады.








-Пайдалы тағамдармен бірге зиянды тағамдарда тұр.





Балалар мальбертте бекітілген зиянды тағамдарды алып тастайды.




















Жұмбақтар

Қызғылт сары түсі бар,

Аңқыған хош иісі бар.

Нүкте –нүкте тесіктер,

Ай секілді бөлшектер.

(мандарин)

***

Алматы оның Отаны,

Әлемге әйгілі атағы.

Қырш-қырш етіп тістейсін,

Қазақтың жемісі дейсің.

(алма)




Асханананың тәртібі.

Асханаға кірерде,

Киініп алма қалыңдап.

Ал жемісті аршырда Тазалап жу қолыңды!

***

Пышақ, шаңышқы,кеселер Бәрі қауіп төндірер.

Сол себептен әрқашан,

Рұқсат сұра үлкеннен.

***

Алдына байла алжапқыш,

Басына тақ орамал.

Қолыңды жу сабынмен,

Құрғақтап сүрт қайталап.
























Қолымызды сермейміз,

Алып самрұқ құс дейміз.

Ашамыз айқара құшақты,

Бұл қасиетті ел дейміз.

Саусақтарды бүгеміз, еселейміз көп дейміз.

Бұл кең пейіл халықтың рухани жаңғыруында ,

Қосқан үлесі дейміз.

Отырамыз жайғасып, аяқтарды созамыз.

Созамыз қайта жинаймыз,

Созамыз қайта жинаймыз.

Тұрамыз қайта түрегеп,

Жан-жаққа бұрып денені.

Оңға екі бұрамыз,

Солға екі бұрамыз.

Еңкейеміз асықпай,

Тұрамыз қайта байсалды.

Салауатты тыныспен,

Демді терең аламыз.

Асықпай демді шығарып.

Орнымызға барамыз.














Драмалық негіздегі сюжетті рөлді ойын.

«Емханадағы жағдай»

Жалқаубек:

-Анашым мен екпе ектірмеймін, ол өте қорқынышты.Инесі өте жуан, ащты.

Анасы:

-Қой балам, егерде екпе ектірмейтін болсаң сен өзін және достарыңды қоса ауыртасың.

Дәрігер:

-Сәлеметсің Жалқаубек, сен екпенің қаншалықты пайдалы екенін білсенғой, олай қорықпас едін.

Жалқаубек:

-Оның несі пайдалы?

Педагог:

-Кім айтады екен? Екпенің қандай пайдасы бар?

Бала:

Ектірсен екпені уақыт оздырмай,

Қыс бойы ойнайсың далада қорықпай.

***

Екпенің пайдасы орасан үлкенғой,

Пайдалы бактериялар ішінде қонаққой.

Бас дәрігер:

-Жалқаубек мынаны қарашы.

Тәжірибе.

2 стакан тұрады.

1-ші стакандасу,2-ші стаканда май.

Қане менімен кім тәжірибе жасағысы келеді?

Бала:

Май құйылған стаканға екпе құяды(шприц іші толы май) оған түрлі қағаз, қара бояу құяды. Су былғанбайды.

Ал су құылған стаканға қара бояу құйса стакан былғаныш болады.

Бас дәрігер:

-Міне Жалқаубек көрдіңбе екпесі бар құты еш вирусты қабылдамай, вирустарды жолатпады. Ал екпесі салынбаған құты вирустыда, бояудыда бойына жұтып алды. Демек екпе алған адамда солай болмақ.

Жалқаубек енді сен екпе ектіресіңбе?

Жалқаубек:

-Ия ,мен енді екпеден қорықпаймын.


Рефлексивті түзетушілік

-Жарайсыңдар балалар, біздің күніміз текке өтпеген секілді. Енді кешке үйге барған соң ата-анамызға қайда барып не істегенімізді айтып беру үшін бәрін есімізге түсірейік.

Дәрігер:

-Балалар сау болыңдар болашақта мың ауруға дауа болатың дәрі ойлап табатын дәрігер болыңдар, менің сендерге пайдалы тәттілерім бар еді.

-Біз денсаулық институтына бардық, онда шырын дайындадық, мультфильм көрдік, ойын ойнадық.








Бала оқу қызметінен жаттығудың маңызын түсінеді; дәрумендермен спорттың адам өміріндегі рөлін түсініп қолданатын болады; зиянды тағамдар туралы ақпаратты меңгереді;


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі