жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Денсаулық және оған әсер ететін факторлар.
|
Пәні: дүниетану |
Сынып: 4 |
Күні: |
Мектеп: № |
Мұғалім:Омиралиева И. |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Денсаулық және оған әсер ететін факторлар. |
|||
|
Сабақка негізделген оқу мақсаты: |
— Оқушылардың денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: — салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі манызын түсіндіру; — денсаулығын күту, іскерліктерін дамыту; — денсаулықты күтуге, қадірлеуге — тәрбиелеу. |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: білімнің пайдасы туралы білді. |
|||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Оқушылар ой бөлісу, ортаға салу, шешім қабылдау арқылы, өз ойын білдіруге ұмтылады. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. |
||||
|
Кейбір оқушылар: қосымша ақпараттар жинақтау. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Оқушылар ой бөлісу, ортаға салу, шешім қабылдау арқылы, өз ойын білдіруге ұмтылады. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. |
|||
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: ауызша сөйлеу дағдылары дамиды,сұрақтар қоя алады. |
||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: Оқулықтан мәтінді бөліп оқу. |
||||
|
Алдыңғы оқу |
Біліміңді пайдаға асыр. |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Табыс критерийі. (Бағалау өлшемдері) |
Ресурстар |
|
|
Басталуы Ұйымдастыру 2 мин. Үй тапсырмасын тексеру. 5мин. Қызығушылықты ояту 3 мин. Үй тапсырмасын сұрау |
Сәлемдесу. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
-Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік? Оқушылардан мазмұнын сұрау. 2) Топқа бөліну. Оқулықпен жұмыс. Топтың ұстанымын еске түсіру «Алтын ереже» Үй жұмысының тапсырмаларын топтардан бөліп сұрау: А)Мәтінді мазмұндау. Ә)Жазған шығармаларын оқыту. Б)Талдау жасауға арналған сұрақтарға жауап беру. Психологиялық тренинг. Амансың ба, алтын күн! Амансың ба ,көк аспан! Қайырлы күн достарым, Қайырлы күн,қонақтар! |
Сәлемдесу Бір-біріне тілектер айтады. Жұппен жұмыс |
Үлестірмелі қағаздар. Плакат, маркер, стикер. |
|
|
Ортасы Мағынаны тану Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат) -оқушыларды белсене қатыстыру -стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау 25 мин. |
1.Мұғалімнің түсіндіруі: 1.Ой шақыру. — Бүгінгі сабағымыз көңілді өту үшін көңіл — күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.(Жағымды баяу музыканың ырғағыменДенемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.Көзді жұмамыз.Денемізді бос ұстап, өз — өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық жағымды сәттерді еске алайық. Өзімізді әлі күлтелерін ашпаған гүл деп сезінейік. Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз. — Балалар, ыңғайлы отырып, бір — бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан осылай көңіл — күйіміз көтеріңкі болсын. — Балалар, енді кезекпен кезек барлық адамзатқа жақсы денсаулыққа арналған тілектер айтайықшы: Мысалы: Денсаулық — адамның басты байлығы, сондықтан денсаулықты сақтай білейік. Күлкі — адам өмірін ұзартады, ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін. Көңіл — күйіміз әрқашан көтеріңкі болсын. Мұғалім: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады. «Салауаттылық деген не?» Салауаттылық – сергекте, Таза жүру –өмірде. Адамзаттық келбетке, Дақ түсірмеу тегінде. Бала болма тырысқақ, Қылығыңды ел сынар. Таза ауамен тыныстап, Бой қыздырып, тер шығар. Салауатты салтты,ұғып, Танда жолдың дұрысын. Спортпенен жаттығып, Жаз денеңнің құрысын. А.Естенов Сұрақ – жауап. Кім көп біледі? «Таза жүру өмірде» дегенді қалай түсінесіңдер? -Адамның денсаулығын сақтауға кім жауапты? Неге? -Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер? -Салауатты өмір сүруге не кедергі болады? -Өз бойыңдағы жағымсыз әдеттерден арылу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? Жаңа ақпарат. — Дені сау, жан-жақты дамыған жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам тән сұлулығын жан сұлулығымен үйлестіргенде ғана өмірлік мақсатына жете алады. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту ұшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар. 1.Қоршаған орта ластығы.(күн,ауа,су,топырақ , т.б,) 2.Дұрыс тамақтанбау. 3.Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы 4.Зиянды заттарды қабылдау. 5.Тазалықты сақтамау. 6.Отбасындағы кері жағдайлар. 7.Адамда стресс жағдайларының жиі болуы. Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторл. 1.Дұрыс тамақтану. 2.Қоршаған орта тазалығы.(күн,ауа,су,топырақ, т.б.) 3.Дене шынықтыру. 4.Зиянды заттарды қабылдамау. 5.Жеке бастың тазалығын сақтау. 6.Қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген дұрыскөзқараспен қарау. 7.Эмоциялардың оң болуы.Үйдегі дене еңбегінің дұрыстығы Мәтінмен жұмыс: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» — Қожа осы оқиғадан қандай сабақ алды? — Қожаның Сұлтанның сөзіне ермеуі мүмкін бе еді? — Сұлтан сияқты балалар өмірде жиі кездесе ме? — Олардың ұсынысын қалай қабылдар едіңдер? Дәптермен жұмыс 3-4 тапсырманы орындау “ Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның, Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның, Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның. |
Оқулық Дәптер Сұрақ жауап |
Оқулық Тапсырмалар Оқулық |
|
|
Сергіту сәті 2мин. |
«Тамшыдан теңіз» Сөз ұйқастары беріледі, өлең құрастыру керек. ……………баламыз, ……………даламыз, ……………жоямыз, ……………келеміз, …………..қоямыз , …………..құрамыз, …………..тұрамыз, …………..боламыз! |
Би жаттығуларын жасайды. |
Бейнеролик. |
|
|
Аяқталуы Ойтолғау 3мин |
Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды » Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса,аяғымызды жерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз. |
Жұптық жұмыс. |
Оқулық дәптер. |
|
|
Рефлексия 2мин. |
Өмірде пайдаға асатын:
|
Стикерлер жапсырады. |
Смайлик, стикер |
|
|
Үй тапсырмасы 1мин |
«Менің денсаулығым-менің байлығым» шығарма жазу |
күнделіктеріне түртіп алады. |
Күнделік |
|
|
Қорытындылау |
- Денсаулық –адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады. |
|
|
|
|
Бағалау 2мин |
Бағалау |
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген