400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Денсаулық және қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Тимирязев қазақ мектеп-интернаты Денсаулық және қауіпсіздік



Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Батырхан Қ.С


Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Компьютер пайдаланудың кері аспектілері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

8.4.1.1 – адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері туралы мысал келтіру және қорғану тәсілдерін тиімді қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: адам ағзасына электронды құрылғылардың зияны жайлы мысал келтіру және қорғану жолдарын анықтау.

Көпшілігі: адам ағзасына электронды құрылғылардың кері аспектілері туралы мәліметтерді талқылау.

Кейбіреуі: компьютердің денсаулыққа кері әсерлері кезінде алғашқы көмек көрсетуді түсіндіру.

Бағалау критерийі

Компьютердің пайдаланудағы кері аспектілерін адам ағзасына тигізетін әсерін әңгімелейді.

Қорғану тәсілдерін тиімді пайдалануын сипатайды.

Компьютердің адам ағзасына кері әсері мен қорғану тәсілдерін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Электронды сәуле, кибербулинг, желідегі қауіпсіздік, ағза, кері аспект, денсаулық, мәлімет, құрылғы.

Диалог құруға жазылымға қажетті сөздер:

Компьютермен жұмыс істеу кезінде электр магниттік сәуледен .... қандай тәсілдерін білесіздер.

Электрондық құрылғылардың барлығы .... шығарады деп ойлайсыз ба?

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу.

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өнерлі мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Пəнаралық байланыс

Адам өмірінің қауіпсідік негіздері – адамға алғаш көмек көрсету нұсқаулығы.

Биология – адам құрлысы туралы мәлімет.

Алдыңғы білім

Желінің өткізу қабілетінің негізгі ережелерін біледі. Мектеп желісінің сұлбасын әзірлейді. Компьютелік желілердің айырмшылығын түсіндіреді.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.









Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Ширату жаттығуы.

«Дене мүшелерін құрастыру» әдісі.

Мақсаты: сабақтың тақырыбына байланысты оқушылардың ойын қозғау, қызығушылығын ояту.

Оқушыларға адам мүшелерінің атаулары айтылады. Мысалы: Құлақ дегенде оқушылар екеуден бөлінеді, көз дегенде бір бірден бөлінеді және компьютерде сақтандыру жолдарын айтып өтеді тілек ретінде.

Осы әдістер арқылы топқа бөлінеді, топ атаулары:

  • Қауіпсіздік тобы

  • Жаттығу тобы

  • Көмек тобы


Алдыңғы білімді тексеру.

«Сұрақты қағып ал» әдісі.

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Компьютерде желіні ұйымдастыру үшін қандай құрылғылар керек?

  3. Желілік коммутардың қызметі қандай?

  4. Т асымалданған ақпарат көлемі қандай формуламенесептеледі?

  5. Пач-корд деген не?

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Мақсаты: Ауызша кері байланыс арқылы оқушының материалды игеру деңгейін анықтау.

Жаттығулар көрсетіледі.

Сабақтың ортасы

25 мин.


Жаңа білім.

«Кинометафора» әдісі.

Бейнефильмге қарап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

(Т) Оқушылар сабақ тақырыбын атайды: «Компьютер пайдаланудың кері аспектілері».


Тапсырма.

«Пікір алмасайық» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру, шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Саралау тәсілі: қарқын, диалог және қолдау көрсету, дереккөздер

Бағалау критерийі:

Қорғану тәсілдерін тиімді пайдалануын атайды.

Адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері және қорғану тәсілдерін түсінеді

Ойлау дағдыларының деңгейлері: түсіну, қолдану

Тапсырма.

(Т) Күнделікті өздерің пайдаланып жүрген қолданыстағы электр құрылғыларының ішінен 3 құрылғыны адам ағзасына зиян келтіретінін көрсетіңіз. Көрсетілген 3 зиянды құрылғыларға қарсы қолданатын аспектілерін анықтаңыз.

Суреттер

Н е істеуге болмайды?






Суреттер

Байланысы неде?




Дескриптор:

  • Адам ағзасына зиян келтіретін құрылғыларды анықтайды;

  • 3 зиянды құрылғыларға қарсы қолданатын қорғану жолдарын көрсетеді;

  • Байланысын табады.


Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақтау» әдісі.

М ақсаты: Оқушылар бір-біріне көрсеткен қолдау, көмек үшін мадақтау айтып бағалайды.


Тапсырма 2.

«Ой толғау» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы жеке, топтық және ұжымдық талқылауға бағыттау, ойыларын түйіндеу.

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету, дереккөздер, қорытынды

Бағалау критерийі:

Қорғану тәсілдерін тиімді пайдалануын сипатайды.

Компьютердің адам ағзасына кері әсері мен қорғану тәсілдерін түсіндіреді

ОShape1 йлау дағдыларының деңгейлері: түсіну, қолдану

Тапсырма.

(С) Компьютерде дұрыс отыру ережесі туралы бейнефильмді көріңіздер. Топпен талқылаңыздар. Келесі сауалдарға жауап беру арқылы кластер толтырыңыздар:

1-топ.

- Компьютерде жұмыс жасау кезінде дұрыс отыру ережелерін түсіндіріңіздер.

2-топ.

- Компьютердің адам ағзасына кері әсерінен қорғану тәсілдерін сипаттаңыздар.

3-топ.

- Денсаулыққа зиян болған кезінде алғашқы көмек көрсетуді атаңыздар?

Shape2

Дескриптор:

  • Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі ережелерін түсіндіреді;

  • Компьютердің адам ағзасына кері әсерінен қорғану тәсілдерін сипаттайды;

  • Алғашқы көмек көрсетуді атайды.


Қ алыптаструшы бағалау: «Blob ағашы»

Мақсаты: Оқушылар өздерінің ағаштың қай тұсында тұрғанын өзін өзі бағалау арқылы белгілейді.

Таныстырылым үлестірме материалдар, интерактивті тақта, А3, маркер

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/qauipsizdik-texnikasynyng-erezhesi-zhane-zhumys-ornyn-ujymdastyru

техника қауіпсіздігінің ережесі
















































https://www.youtube.com/watch?v=cjdbUFFhT78

Компьютерде дұрыс отыру ережесі


Сабақтың соңы

10 мин.

Қорытынды.

«Борт журналы»әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін түйіндеп, бғыттау.

Бүгінгі тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Бүгінгі тақырыптан қандай жаңалық туралы білдім?




Қалыптастырушы бағалау: «Өзін өзі бағалау» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың өз жұмысын талдау арқылы бағалау.


Рефлексия.

«Бір минут» әдісі.

Оқушылар әр қайсысы 1 минут ішінде тақырыпқа байланысты қайталаусыз тоқтаусыз сөйлеп айтып қорытынды жасайды.

Карточка

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Диалог және қолдау көрсету жоспарладым

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.


Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақтау» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне көрсеткен қолдау, көмек үшін мадақтау айтып бағалайды.

Қалыптаструшы бағалау: «Жетістік баспалдағы»

Мақсаты: Оқушылар өздерінің баспалдақтың қай тұсында тұрғанын өзін өзі бағалау арқылы белгілейді.

Қалыптастырушы бағалау: «Өзін өзі бағалау» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың өз жұмысын талдау арқылы бағалау.

Компьютермен  жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесімен таныстыру.



Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі