"Аманқарағай
ауылдық округінің әкімі аппараты ММ
"Бөбек"
Аманқарағай бөбекжай-бақшасы" МКҚК
Ортаңғы
«Көгершін» тобының
«ДЕНСАУЛЫҚ
КҮНІ»
шарасына
арналған іс-шаралар
Тәрбиеші:Капышева
Ж.В
Күні:
12.02.2020
Таңертең
1.
Шаттық шеңбер
Қол
алысып, қәне, біз
Достасайық
бәріміз.
Айтарым
бар сендерге
Тез
тұрыңдар шеңберге.
Қандай
жақсы бір тұру,
Достарменен
бір жүру!
Қандай
жақсы дос болу!
2.
Тақырыпқа байланысты әңгімелесу: «Дені
саудың жаны сау»
Мақсаты:
балалармен денсаулық туралы әңгімелесу.
3.
Жаттығулар кешені №12
«Сылдырмақпен»
Б.қ.
Аяқ алшақ, сылдырмақ төменде;
1-2
сылдырмақты жоғары көтеріп сылдырату;
3-4
б.қ. (4 рет)
Т.с.
1-2
сылдырмақты алға созу;
3-4
артқа тығу;
Б.қ.
–т.с.
1-4
отырып сылдырмақты тізеге соғу;
5-6
б.қ. келу; (3рет)
Сылдырмақпен
жүгіру (10сек)
4.
Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне
(ҰОҚ) дайындық
Дидактикалық
ойын:«Біздің
денсаулығымызға не керек?»
Мақсаты:
Балалардың
денсаулыққа қажетті заттар туралы
білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.
5.
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Дене
шынықтыру
Тақырыбы:
«Кім биік»
Мақсаты:
Екі аяқпен секіруді үйрету, бастапқы
қалыптан - аяқтар бірге; жылдамдықпен
20 метрге жүгіру қабілеттерін бекіту
6.
Серуен:
Қимылды
ойындар:
«Тышқан мен мысық», «Қызыл ту»
Мақсаты:
Балаларды ойын ережелерін сақтап ойнауға
үйрету.
7.Серуеннен
оралу
8.
Түскі ас
9.
Ұйқы
10.
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру
шаралары:
1.
Ояну
Көзімізді
ашайық
Бойымызды
жазайық
Терезеге
қарап
Күн
жылуын алайық. (1мин)
2.
Гимнастикалық жолдан жүру
Жүрейік
біз журейік
Аяқты
біз емдейік
Аяқ
қолым мықты болып
Көпірлерден
өтейік. (3
мин)
3.
Тыныс алу жаттығулары
Көлге
біз барамыз
Шомыламыз
ойнаймыз
Қолымызды
созып ап
Балықша
балқимыз біз.(2мин, 5 рет)
4.
Жуыну жолдары
Салқын
суды суйеміз
Тазарады
бетіміз
Жуынамыз
кунде біз
Әп-әдемі
боламыз. (3 мин)
11.
Бесін ас
12.
Спорттық іс-шара: «Денсаулық-зор байлық»
Мақсаты:
спортпен
айналысудағы әр түрлі дене шынықтыру
жаттығуларының әдістерін үйрету;
оларды
қолдану дағдыларын дамыту ;
салауатты
өмір сүруге қызығушылығын арттыру.
Құрал
жабдықтар: доптар,
кегли, кедергілер, себеттер,арқан.
Көтеріңкі
музыкамен Денсаулық залға кіреді.
Денсаулық:
Сәлеметсіздер
ме, балалар! Менің атым-Денсаулық. Адамдар
сәлемдескен кезде бір-біріне денсаулық
тілейді. Кәне біз сәлемдесейік.
Балалар
бір-бірімізге бұрылып «Сәлеметсің бе!»
деп күлімдейік.
Денсаулық
дегеніміз. Ауырмайтын, салауатты өмір
салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын,
дене шынықтырумен айналысатын адамды
айтамыз.
Денсаулық:
Денсаулық мықты болып, ауырмау үшін не
істеу керек ?
Денсаулық:
Жарайсыңдар балалар, мен сендерге
ризамын.
- Балалар, мен сендермен
қызықты жарыстар ойнағым келіп тұр.
Сайысымызды
бастамас бұрын бір сергіп, көңілімізді
көтеріп, бойымызды жазып алайық.
«Спорт,
спорт, спорт»
спорттық-
хореографиялық би: флешмоб
Денсаулық:
Жарысқа
келгендерді қарсы аламыз,
Әр
таңды қуанып біз атырамыз.
Өнерлі
балаларды бақыланыз,
Сайысқа
қатысуға шақырамыз.
1
топ «Жұлдыздар» тобы
Ұраны
– Біз жұлдыздай баламыз,
Бәрін
жеңіп аламыз!
2
топ «Күншуақ» тобы
Ұраны
– Күншуақтай жанамыз,
Бірінші
боламыз!
Денсаулық:
Міне
командалар кездесіп, бір-бірін құттықтады.
Олардың алда өтетін жарыста үлкен
жетістіктерге жетулеріне тілек
білдіреміз.
Жатып
алмай төсекте!
Ерте
тұрып жүгірсен,
Шынықтырып
денеңді,
Күш-қуат
жинап бойына
Өзіңді
сонда нағыз спортшы деп есепте.
Спортшыларға
сәтті қадам!
Денсаулық:
Алдарыңда
көп тапсырма
Қиындықтан
қорықпа
Күштеріңе
сенеміз
Салыстырып
көреміз
1
– сайыс:
«Допты домалату»
Ойын
шарты:
допты кегли арасынан оң қолмен домалату.
2
– сайыс:
«Картоп егу»
Ойын
шарты: әрбір кеглидін қасына бір-бір
картоптан егіп шығамыз, келесі бала оны
жинап шығады.
3
сайыс
–
«Кедергілерден
өту»
Ойын
шартты:
Балалар екі қатарда тұрып кедергілерден
өтеді, қолындағы
допты
себетке
лақтырып, артқа қарай тура жүгіреді.
4
– сайыс:
«Кім
жылдам»
Ойын
шарты: Бірінші ойыншы қолына кубикті
алып , жүгіру арқылы белгіленген орыннан
айналып келіп, екінші ойыншыға кубикті
береді.Ойын арғарай жалғасады, қай топ
бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
5
– сайыс:
«Кеглиді доппен құлату»
Ойын
шарты:2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді
доппен ұрып құлату.Қай топ барлық кеглиді
құлатса сол топ жеңіске жетеді.
Жарыстың
соңғы қорытындысы жасалады.
Денсаулық:
Міне,
біз «Денсаулық күнің» өткіздік. Сендер
нағыз спортшыларсындар. Үнемі осылай
спортпен шұғылданыңдар! Сайысқа екі
топтың балалары белсенді қатысып «ДОСТЫҚ
ЖЕҢДІ!»
Қорытынды:
Балалардың барлығы сайысқа белсенді
қатысып, көңілдері көтеріліп, сыйлықтар
таратылды.
Денсаулық:
Келесі
Денсаулық күнде кездесерміз. Сау
болыңдар!