«Денсаулық
күні» спорттық мереке
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты
өмір сүруге қызығушылығын арттыру.
Спортпен айналасудағы әртүрлі дене
шынықтыру жаттығуларының әдістерін
үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы
балалардың ой-өрісін дамыту.
Қажетті
құралдар:
2 жалауша, матадан жасалған 2 туннель, 2
қап, жолақшалар, 2 пирамида, арқан,
кеглилер.
Барысы:
Жүргізуші:
Қадірменді
қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері!
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында айтылғандай,
“Салауатты
өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі
қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты
жетілген, парасатты, мәдениетті, дені
сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның
жалпы халықтың қасиетті борышы екені
баршамызға аян. Балабақшамыздың да
негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты
халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы,
дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігімол
азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір
шарасы “
Денсаулық күні
” атты эстафеталық жарысымызға кош
келдініздер.
Жүргізуші:
Дүбірле
бақшам, дүбірле,
Жақсылық
болсын үйіңде.
Қуаныш
толып жүзіңде
Арнаулы
жолдан сүрінбе
Жарыста
нағыз мықтылар,
Жеңіске
жетер түбінде
Бүгінгі сайысқа “Аққу”
және ”Қызғалдақ” тобының балалары
арасынан екі топ қатысқалы отыр. Сайысқа
қатысушы сайыскерлерімізді қол
шапалақтап, құрмет көрсетіп қоялық.
Уа
халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде
бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең
бақыт»деген сөзді
Құр
айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің
сауда күштісің бұл әлемде,
Денің
сауда сұлусың жер бетінде.
Сол
мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің
әлі талай бақыттарға,- деп ортаға
«Қыран»
тобын шақырамыз.
«Болашақ»
тобын
шақырамыз.
Спорт
залына марш сазымен 2 топтың балалары
екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы
тізіліп тұрды. (Бір топтың балалары –
жасыл киімде, екінші топтың балалары
– сары киімде)
Жүргізуші:
Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас
бұрын әділқазылар алқасын таныстырып
өтуге рұқсат етіңіздер.
Балабақша
директоры –Н.Р.Жақыпбекова
Балабақша
әдіскері – С.Э.Бопылова
Балабақша
медбикесі – Ж.Лесбаева
Дене тәрбиесі
пән жетекшісі – Б.Жарымбетов
1
бөлім – «Таныстыру»
«Қыран»
Қажарлы
батыл боламыз.
Шыңдарға
биік шығамыз.
Әрқашанда
жеңіс деп
Алдыңғы
қатарда тұрамыз
«Болашақ»
Болашақ
тобы алға,
Биіктерге
самға,
Достығымыз
барда
Жүреміз
тек алда!
Жүргізуші:
Бүгін екі топ «Қыран», «Болашақ» топтары
жарысқа түседі.
Эстафеталық
жарысымыз
6 бөлімнен
тұрады.
1
кезең: «Жалауды тез жеткіз»
2
кезең: «Туннель»
3
кезең: «Қаппен
секіру»
4
кезең:
«Пирамида
құра»
5
кезең:
«Отшашу»
6
кезең: «Арқан
тартыс»
Жүргізуші:
Ал,
қане бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі
жарысымызды бастаймыз.
1
кезең: «Жалауды тез жеткіз»
Шарты:
Балалар жалаушаны ұстап кеглилердің
арасынан жүгіріп барып қайтады.
Жүргізуші:
Қалма
жүрттың соңында,
Қажет
болса мың атта.
Аздық
етер оныңда,
Жету
үшін мұратқа.
2
кезең: «Туннель»
Шарты:
Әр топқа матадан жасалған туннель
беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан
өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп,
орнына келеді.
3
кезең: «Қаппен
секіру»
Шарты:Қапты
топтың барлық мүшесі кезек-кезек кие
отырып берілген аралықты секіріп өтеді.
4
кезең:
«Пирамида
құра»
Шарты: Сендердің
алдарыңда пирамида шеңберлер жатыр,
сол шеңберлерді алдарыңда тұрған
таяқшаға рет-ретімен орнатамыз. Қай топ
бірінші жинап болса сол топ жеңіске
жетеді.
Жүргізуші:
Топ
болып біз жүрейік,
Ойнайық
та күлейік.
Достық
деген тамаша,
Міне
тұрмыз жараса
5
кезең:
«Отшашу»
Шарты:
бұл
кезеңде балаларға
жолақшалар
таратылады.
Балалар кедергілер арасымен жүгіріп
барып, қолындағы жолақшаны мәреде
тұрған балаға тез жеткізуі керек. Қай
топтың жолақшалары тез жиналса, сол
топ жеңіске жеткен болып есептеледі.
Жүргізуші:
Ат
өнері білінбес,
Бәйгеге
түсіп жарыспай.
Ер
өнері білінбес,
Қоян-қолтық
алыспай.
Қазағымның
ойыны арқан тартыс,
Ежелден
келе жатқан, бұл – бір жарыс
Белді
буып аянба, ұмтыл, қатыс.
Көтеріп,
ең биікке туын намыс.
6
кезең: «Арқан
тартыс»
ойынында
командалар
арқан
тартысады.
Қорытынды
бөлім
Жүргізуші:
Көрсетті
міне өз өнерін балалар,
Сайыстың
да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды
анықтайық қанекей,
Әділқазы
сайысты әділ бағалар,- деп сайысымыздың
шарттары бойынша қорытынды шығарып
жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін
сөз әділқазыларға беріледі.
Жүргізуші:
Спорт
– көркі өмірдің,
Спорт-
досың, серігің.
Жаттықсаң
шымыр боларсың,
Шынығып,
өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір
салтын ұстанып, спортты серік етейік!