400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Денсаулық пен қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Тарбака Жанаргуль
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ:

Мектеп:

Күні:


Сынып:1

Қатысқан:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Денсаулық пен қауіпсіздік

Пәндік мақсат:

1.1.4.1 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру 1 мин

Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру.

Тілдік мақсат



Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Күн тәртібі, дәрумендер, тамақтану режимі, гигиена.

Талқылауға арналған сұрақтар: 5 мин

1. Тамақтану режимін сақтау не қажет деп ойлайсыңдар?

2.Жеке бас гигиенасын сақтау қаншалықты маңызды?

Бағалау критерийлері:

1. Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсінеді. 2 мин

2. Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде анықтайды.

Дескрипторлар 2 мин

1.Тамақтану режимін сақтау адам өміріне қажетті екенін түсінеді.

2. Уақытымен тамақтану денсаулыққа маңызды екенін ұғынады.

3.Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын түсіндіреді.

4. Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын талдайды.

Алдыңғы білімдер:

Оқушылар тамақтанудың бірнеше тәсілін біледі. Ол тамақтардың құрамында нелер бар екенін біледі.

Ресурстар:

Суреттер, ермексаз, плифчарт, маркер, йогурттың, айранның қораптары

Басы

Психологиялық дайындық: 3 мин
Армысың, сұлу күн! (Күнге қарап бас иеді.)
Армысың, ашық аспан! (Аспанға қарап бас иеді.)
Қайырлы күн, баршаға! (Құшақтарын жаяды.)

Сергіту сәті: «Әлқисса» биін музыканың көмегімен қайталайды.

Топқа бөлу: Асықпен топқа бөлу. Асыққа жазылған сандармен боялған түстері бойынша бөлініп отырады.

Ортасы

  1. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы. 9 мин

Әр топтың әрбір мүшесіне жеке сұрақтар беру. Осы сұрақтарға жеке жауап береді, содан соң жұпта, топта талқылап, оны плифчартқа түсіреді

(Ж.Т.) 1.Балалар, ең басты байлық не деп ойлайсыңдыр?

2.Адамның денсаулығы мықты болу үшін неге көңіл бөлу керекпіз?

3.Уақытымен тамақтанудың денсаулыққа қандай маңызы бар?

4.Жеке бас гигиенасын қалай сақтау керек?

5.Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы неде?

(Жарайсыңдар! Смайликтер беру )

  1. «Елші» стратегиясы. 10 мин

(Ұ) Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді.

(Жарайсың, керемет, «Бармақ»)

  1. Йогурт пен айранды салыстырады.

  2. Суретін салады.

Соңы

Кері байланыс. (3 мин)

  • Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

  • Алдарыңдағы стиикерді алып, үш смайликтің біреуіне апарып жапсыра қойыңдар.

Рефлексия

















































Дескрипторлар

1. Мектептің адам өміріне қажет екенін түсінеді. 2 мин

2. Мектепте білім алудың маңызды екенін ұғынады.

3. Тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын түсіндіреді..

Алдыңғы білімдер:

Оқушылар өз отбасы туралы біледі. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтай алады.

Ресурстар:

Суреттер, ермексаз, плифчарт, маркер, апта күндері.

Басы

Психологиялық дайындық: 3 мин
«Гүл сыйлау» ойыны. Гүлді көршісіне сыйлай отырып, жақсы тілек айтады.

Сергіту сәті: «Қара жорға» биін музыканың көмегімен қайталайды.

Топқа бөлу: «Шаңырақ» құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Қызыл, жасыл, сары түстері бойынша бөлініп отырады.

Ортасы

1.«Болжау» стратегиясы. 9 мин

(Ж.Т.) Мектептің адам өміріндегі қажеттілігі қандай? сұрағына жеке жауап береді, содан соң жұпта, топта талқылап, оны плифчартқа түсіреді

(Жарайсыңдар! Смайликтер беру )

2.«Әлемді шарлау» стратегиясы. 10 мин

(Ұ) Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін келесі топтардың жұмыстарымен танысуға барады. Әр топтан бір-бір адам өз топтарында қалып, қонаққа келген топтарға өз жұмыстарын таныстырады. Ал келген топтар «2жұлдыз, 1 тілек» жазып кетеді.

(Жарайсың, керемет, «стикермен бағалау»

Соңы

Кері байланыс. (3 мин)

  • Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Қане, апта аттарын атап бере қойыңдаршы?

Рефлексия



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі