Материалдар / Денсаулық құпиялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денсаулық құпиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:№42

Мерзiм:

Мұғалiм:Ауелжуманова Г.Б.

Сынып: 3 «г»

Оқушылар саны:15

Тақырып:Денсаулық құпиялары

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:Ұстамдылық,сабырлылық


Сабақ мақсаты:

жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.

- сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

- денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды көңіл күйге келу.

«Нұрға бөлену»

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Денсаулық жайлы мақал-мәтелдердің жатап келу.


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Денсаулық зор байлық» (Ребус)

(Мақал)

Денсаулықтың достарына нелер жатады?
Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Әңгiмелеу

Денсаулықты сақтау дегеніміз не?

Денсаулығың өз қолыңда дегенді түсіндір?

Денің сау болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек?

Денің сау болсын десең... сөйлемді аяқта

Мұғалімнің сыйы

Имунитет жайлы бейнеролик көрсетіп оқушылармен талқыладық.

 «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   

Балық - қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт - витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар - жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамм жаңғақтың қандай түрі болсада жеткілікті.

Жұмыртқа - ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Алма - дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.

Шие - күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.

Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.

Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры.
Қызылша - бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.

Банан - жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.

Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. 




  1. Шығармашылық іс-әрекет.

Жағдаяттарды шешу» 


Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара берді... .

-Ал, сендер не істер едіңдер?


Әлия мен Сәуле сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Сәуле ағасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Әлия бұл ойға келіспеді.
- Сендер қалай ойлайсыңдар ?




  1. Музыка және топпен ән айту.

«Денсаулық»

Тұрысбек Еділбай


  1. Үй тапсырмасы.

133 беттегі «Аппақ бала» мәтінін оқып келу.



  1. Қорытындылау.

Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізде сақтаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!