400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

денсаулық-зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Сауат ашу Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың-жаны сау

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Денсаулық-зор байлық. Заттың атын білдіретін сөздер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.3.10.1 Заттың атын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: күн тәртібінің ережесін сурет бойынша әңгімелейді, заттың атын білдіретін сөздер туралы мәлімет алады;

Көптеген оқушылар:, денсаулық сөзінің мағынасын жете түсінеді, кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді орынды қолданады;

Кейбір оқушылар: заттың атын білдіретін сөздерді ажыратады, мәтін мазмұнын болжайды, әріп элементтерін дұрыс жазады.

Бағалау критерийлері

Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады

Сөздік қор

Заттың атын білдіретін сөздер, күн тәртібі, денсаулық-зор байлық

- «Кім?» сұрағына жауап береді ... (адамның есімі)

-Үйдегі адамдардың атына қандай сұрақ қойылады?

-Жаттығу адамға пайдалы ма?

-Неліктен?

-Жаттығу сөзіне қандай сұрақ қоямыз?

Құндылықтарды дарыту

Құрмет-денсаулық, күн тәртібі туралы әңгімелеу;

Ынтымақ-иллюстрация бойынша болжау


Пәнаралық байланыстар

дүниетану-салауаттылықты қалыптастыру;

денешынықтыру-жаттығу жасау кезінде.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта-сюжетті сурет бойынша әңгіме құрау

Бастапқы білім

сөйлемге және мәтінге талдау жасай алады, денсаулық туралы жалпы мәлімет біледі



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5мин.















Сабақтың ортасы

5-35 мин.










1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру

1-дегенде қолымды көтеремін,

2-дегенде алдыма созамын,

3-дегенде қанатымды жаямын.

4-дегенде құс боп самғап ұшамын.

-Біз не жасадық?

-Үйімізде кім күнде жаттығу жасайды?

- «Кім?» деп сұрағанда қандай сөздермен жауап бердіңіздер? (адамның есімі)

-Жаттығу адамға пайдалы ма?

-Неліктен?

-Ал жаттығу сөзіне қандай сұрақ қоямыз?

2.Ой қозғау.

-Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?

(денсаулық, тәртіп, заттың аты, адамның есімі)

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту, пікір білдіру.

3.Айтылым, саралау

Аз қолдауды қажет ететін оқушыларға:

«Денсаулық» сөзіне іздену жұмысы (мұғалім көмегімен).

Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар:

Өз күн тәртібі туралы әңгімелету.

Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар:

Қалай ойлайсың, күн тәртібінің денсаулыққа пайдасы бар ма?

Жаңа ақпарат:

Күн тәртібі сенің сергек болуыңа көмектеседі. Күн тәртібін сақтасаң, көп нәрсеге үлгересің.

1.3.10.1

Заттың атын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану.

(Ж)Мәтінді түсініп оқу. Сұрақтарға жауап беру.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, кестеге түсіру, тағы екі мысал келтіру.

Кім?

Не?

қария

мектеп





Жаңа ақпарат:

Заттың атын білдіретін сөздерге кім? кімдер? не? нелер? сұрақтары қойылады.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

(Ө) Жазылым. 3-жаттығуда берілген сөйлемдерді көркем жазу. Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақтар қою.

Ширату жаттығуы. Ауызша кері байланыс. «Бұрыш» әдісімен.

Сыныптың төрт бұрышына Кім? Кімдер? Не ? Нелер? сұрақтарын іліп қою. «Терезе, Асан, балалар, тіс шөткелері, үй, жаттығу, сабындар» сөздерін мұғалім айтады, оқушылар сәйкес сұрақ бұрышына барып тұрады.

(Ө) ҚБ

Тапсырма: 4-жаттығуды көшіріп жаз. Заттың атын білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қой.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады

-көшіріп жазады

-заттың атын білдіретін сөздерді табады

-сұрақ қояды

Теріп жазу

Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді дөңгелекпен, не? сұрағына жауап беретін сөздерді үшбұрышпен қоршату, дәлелдеу.

Шығармашылық тапсырма.

Суреттегі балалардың көңіл-күйін өз мимикасымен және дыбысымен көрсету.





















Оқулық, 1-жаттығу









Оқулық, 2-жаттығу


Интербелсенді тақтадағы кесте













Қима қағаздар









Оқулық, 4-жаттығу

2-бөлім, 2-дәптер, 20-бет





Дәптер, 21-бет



Оқулық, 5-жаттығу

Сабақтың соңы

35-40мин.

«Сыныптан шығу» рефлексиясы көмегімен оқушыларды бағалау.

Қағаздағы заттың атын білдіретін сөздер мен адам денсаулығына байланысты сөздерді таңдаған оқушы бүгінгі жаңа ақпаратты қорытындылайды және өзін, өзгені бағалайды.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюдыжоспарлапо тырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Аз қолдауды қажет ететін оқушыларға:

«Денсаулық» сөзіне іздену жұмысы.

Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар:

Өз күн тәртібі туралы әңгімелету.

Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар:

Қалай ойлайсың, күн тәртібінің денсаулыққа пайдасы бар ма?


«Сыныптан шығу» рефлексиясы көмегімен оқушыларды бағалау.

Қағаздағы заттың атын білдіретін сөздер мен адам денсаулығына байланысты сөздерді таңдаған оқушы бүгінгі жаңа ақпаратты қорытындылайды және өзін, өзгені бағалайды.

«Бұрыш» әдісі. Сыныптың төрт бұрышына Кім? Кімдер? Не ? Нелер? сұрақтарын іліп қою. «Терезе, Асан, балалар, тіс шөткелері, үй, жаттығу, сабындар» сөздерін мұғалім айтады, оқушылар сәйкес сұрақ бұрышына барып тұрады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі