Материалдар / Денсаулық –зор байлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денсаулық –зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2020
440
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Денсаулық –зор байлық
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.
Бірінші байлық – денсаулық Екінші байлық – ақ жаулық Үшінші байлық – он саулық. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, əр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Əркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінəлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, əр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру əрқайсысымыздың дене тəрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды əрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет. Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі бірнеше аспектілерден тұрады: ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған жəне қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан. ПСИХИКАЛЫҚ ЖƏНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – бұл психикалық аурудың жəне кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау жəне оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші жəне қозғалғыштығымен сипатталады. ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ – бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер – өнерден, үшіншілері – отбасынан, төртіншілер – жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіяе пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады. РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ – бұл адам өмірінің орталығы, бұл – мораль, тəртіп жəне басқа біреудің əрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, əсемдікті қабылдау этикасы. ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – бұл өз сезімдерін түсіну жəне бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын жəне салмайтын көріністерін білу керек. ƏЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ – бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда жəне қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды жəне материалды жағы – қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тəртібі).


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!