Материалдар / Денсаулық зор байлық

Денсаулық зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш Сыныпқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
553
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Денсаулық – зор байлық» Мақсаты: Оқушыларға шылым шегудің, алкогольдің және есірткінің адам ағзасына тигізетін әсері туралы жеткізу. Оқушылардың өздері салауатты өмір салтын қадағалап, өзіндік жеке өмір сүру тәжірибесін меңгерту. Салауатты өмір салты пропагандасын жүргі

Жоспары:Кіріспе Көріністер:1-көрініс «Бауырсақтың үйінен кетуі»2-көрініс «Бауырсақтың шылым шегушілерді кездестіруі»Темекінің зияны туралы әңгімелеу3-көрініс «Бауырсақтың нашақорлармен кездесуі»Есірткінің зияны мен салдарлары презентация4-көрініс «Бауырсақтың үйіне қайтып оралуы»

Қорытындылау. Барысы:Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді осы жиналған қауым арасына келгендеріңізге алғыс білдіреміз.2-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар. Осы салтанатты ашық сынып сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.1-жүргізуші: Жалпы біздің бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Салауатты өмір салты»2-жүргізуші: Әр қайсымыз кішкентай кезімізде ертегілерді көп қарап қызықтағамыз. Енді сол ертегілерге қайта оралайық.

1-көрініс «Бауырсақтың үйінен кетуі»Бауырсақ шал мен кемпірден кетпекші болады.Бауырсақ: Апа, ата! Осы біздің ауылда ешқандай қызықты оқиға болмайды.Шал: саған қандай қызықты оқиға керек.Бауырсақ: Менің ауылда отыра бергім келмейді. Кемпір: Енді не істемек ойың бар?Бауырсақ: Ата, апа! Мен кеттім. Сау болыңдар.Кемпір: Қайда кеттің?Бауырсақ: Кеттім, мен қайтып келмеймін. Мен барлық жасөспірімдер сияқты қыдырып, өмірдің қызығын көргім келеді.Шал: Бауырсағым, бұл айтып тұрғаның не сандырақ? Қайт кері.Бауырсақ сахнадан шығып кетеді. Кемпір: Жарайды, барсын, көрсін, оның түбі жақсылыққа әкелмейді. Сахнадан шал мен кемпір де шығып кетеді.1-жүргізуші: Бауырсақ жол жүріп кетеді. 2-жүргізуші: Қазіргі жасөспірімдердің ойынша, өмірдің барлық қызығы тек қыдыру мен шылым шегу, арақ ішіп, есіртке қабылдау деп ойлайды. 1-жүргізуші: Бауырсақ келе датып жолында мынадай оқиға болады. 2-көрініс «Бауырсақтың шылым шегушілерді кездестіруі»сахнаға шылым шегушілер, яғни түлкі, қасқыр, қоян шығады.Түлкі: әй, сенде темекі, сіріңке бар ма?Қасқыр: жоқ.Түлкі: енді не істесек екен. Құлағым ісіп бара жатыр.Сол уақытта бауырсақты көреді.Түлкі: ананы қара, біреу келе жатыр.Қасқыр: қазір жақындасын, содан сұрап көрейік.Түлкі: әй мында кел. Қасқыр: Сен кімсің?Бауырсақ: мен бауырсақпын, мен атамнан да, апамнан да кеттім. Мен блатной болғым келеді. Маған өмірдің қызығын көрсетіңдерші.Түлкі: Ә, солай де, сенде темекі бар ма?Бауырсақ: жоқ.Қасқыр: ендеше бізге мани бер.Бауырсақ: қайдағы 5 мани? Біздің ауылда бір ғана катя бар. Мен сендерге қайдан 5 катяны табамын.Түлкі: О-о, мақұлық, біз сенен мани сұрап тұрған жоқпыз. Ақша сұрадық. 500 тенге гони сюда.Бауырсақ: менде 500тенге жоқ, тек 200тенге ғана бар.Түлкі: әкел соны. әй, қоян, мә, мынаны ал да, тез бізге шылым әкеп бер.Қоян жүгіріп барып, темекі әкеліп береді. Соны алып, түлкі мен қасқыр бауырсаққа шылым шегуді үйретеді.Түлкі: сен мынаны аузыңа сал да, түтінді өзіңе қарай тарт.Бауырсақ жөтеле кетеді. Қасқыр: алғашында солай болады. Үйреніп кетесің.Түлкі: енді біз сияқты блатной боласың. Қасқыр: жүр саған басқа да қызықтарды көрсетейік.Солай деп бауырсақты құшақтап, сахнадан шығып кетеді.2-жүргізуші: Ғазиз; бауырсақ солай темекі шегуді үйренді.1-жүргізуші: Анель:Темекі тарту 15ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі испанияда дәрі ретінде қолданылған. Темекі тарту жайлы ең алғаш кітап Эрнандесу де Овьеда жазды. Ол «Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары» деп аталды. Презентация Шылым Шегу -Ғазиз2-жүргізуші: Анель-бауырсаққа басқа қызықтарды көрсеткенше, музыкалық нөмер.Кадырова Лаура ,ән Балдаурен3-көрініс «Бауырсақтың нашақорлармен кездесуі»Сахнаға Кощей мен жалмауыз кемпір шығады. (Слайд)Кощей: әй сенде доза бар ма?Жалмауыз кемпір: жоға, қайдан келсін.Кощей: ендеше анаған взвякни. әкеп берсін бізге.Жалмауыз кемпір: (телефонмен звондайды) әй, сен тез мында дозаны әкеп бер, тез дуй сюда.Оларға аю шприц пен есірткі әкеледі. Кощей: о, давай сюда.Сол уақытта бауырсақты көреді.Жалмауыз кемпір: оу, мынау кім?Кощей: әй, сен кімсің?Бауырсақ: мен бауырсақпын, мен өмірдің қызығын көргім келіп, атамнан да, апамнан да қашып кеттім.ал сендер кімсіңдер?Кощей: мен кощеймін, мынау жалмауыз кемпір.Бауырсақ: айтпақшы сендерде темекі бар ма?Жалмауыз: қайдағы темекі? Бізде саған одан да күшті нәрсе бар. Кел көрсетейік.Олар бауырсаққа есірткіні береді. Содан бауырсақтың басы айналады. 1-жүргізуші:Ғазиз- басқа сөзбен айтқанда «ақ өлім». Американ журналисі Род Христофсы былай деген: «мен өмірімде 30жастан асқан адамдарды нашақоршы деп көрген жоқпын. өйткені 19-20жасында ғана өмір сүреді және қолданады»2-жүргізуші: Осы кезде бауырсақтың ойына барлық жол бойы кездестірген жамандықтары келеді. Одан қорыққан бауырсақ айқайлай бастайды.Бауырсақ: құтқарыңдар. Мені құтқарыңдар.Періште: мен періштемін. Қандай көмек керек саған?Бауырсақ: мені құтқар мыналардан?Періште таяқшасымен сілкіп қалғанда, олар қашып кетеді. Бауырсақ: мен үйге апам мен атамның жанына барғым келеді. Солай бауырсақ үйіне қайтып кетеді.Бауырсақ үйіне жеткенше,алкоголь ішімдіктерінің зияңымен танысайық(Презентация) –Анель,Мейіргұл,,Найля.4-көрініс «Бауырсақтың үйге қайтып оралуы»Шал мен кемпір үйінде жүреді. Сол кезде кемпір бауырсақты байқап қалып, шалына жүгіріп барады.Кемпір: әй шал ананы қара, бауырсақ келді.Бауырсақ: «шал мен кемпірді құшақтап» мен енді сендерді ешқайда тастамаймын, ешқайда қашпаймын. Сендерді тыңдап жүретін боламын.Сахнадан шығып кетеді.Сынып жетекшінің сөзі: Презентация Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер жеке өміріндегі сәтсіздіктерден, ата-аналарымен шиеленіскен қарым-қатынастан, жолдастарына сеніп, олардың айтқанына көнгеннен темекі шегіп, арақ ішіп және есірткі қабылдаудың керегі жоқ. Әрбір адам таңдауға құқылы, және ол өз денсаулығы үшін, өз өмірі ұшін өзі жауап тартады. Сондықтан қазірден бастап өмірдің шынайы қызығын көріңдер. Ол үшін салауатты өмір салтын қадағалау керек. Оның негізгі компоненттерін өздерің де білесіңдер: дұрыс дем алу, дұрыс және рационды тамақтану, қозғалу белсенділігі, жақсы эмоциялар, шынығу, табиғатқа деген сүйіспеншілік, жаман әдеттердің қалыптасуынан арылу. Сендер қазір Қазақстан Республикасының азаматтарысыңдар, сендерге болашақта сәтілік тілеймін!1-жүргізуші: салауатты өмір салытна арналған әнімізді қошеметтеңіздер.2-жүргізуші: осымен сынып сағатымыз аяқталды, келгендеріңізге көп рақмет. Қош сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ