жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Денсаулыққа апарар жол
\
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспарыМектеп: мектеп. Мерзімі: Мұғалім: Матыгулова К.Ж. Тақырып: Денсаулыққа апарар жол (28 сабақ) Сынып: 1 «а», «ә», «б», «в», «ғ», «ж», «е» Оқушы саны: 15,14,11,12. Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: ақниеттілік, саналылық, сергектік.
Мақсаты: оқушыларға адамның жаны мен тәнінің үйлесімділігі туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеті: - оқушыларға жан сұлулығын ұғындыру арқылы ақниеттілік қасиеті туралы түсінік беру. - оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы сахналық қасиетін дамыту. - оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда ақниеттілік, саналылық, сергектік қасиеттеріне тәрбиелеу. |
Ресурстар |
Сабақ барысы1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу.1.Тәртіп2.Талап3.Тыныштық4.Тазалық5.Татулық |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында. |
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Өсиет әңгіме» оқып келу. (124 – бет) |
|
3.Дәйексөз: «Жан
мен тәннің саулығы - өмірдің байлығы»
Халық даналығы- Балалар, сендер жан
саулығы, тән саулығы үшін қандай
әрекеттер жасау керек екендігін
үйрендіңдер.- Олар – таза ауа, табиғи
су, спорт, амандасу, жақсы сөздер, таза
ой, дұрыс тамақтану, тазалық, зиянды
әрекеттер жасамау, жақсы көңіл-күй,
осылардың бәрін орындасақ жанымыз,
тәніміз сау болады. Жан мен тәніміз
сау болса өмірде бақытты боламыз. |
Мағынасын түсіндіру. |
4.Әңгімелеу (Мұғалім
сыйы) АссалауТұрсын, Саят, Самат,
Алмат деген төрт дос болды. Олар кешкі
уақыттарын көбіне ойын ойнаумен
өткізеді. Өздерінің ойнайтын алаңдары
да бар. Әбден үйреніп кеткендері
сондай олар үйлерінен шығып ойын
алаңына мойындарын созып қарайды.
Достары жүрсе болды жүгіріп алаңға
келеді де, ойынды жылғастырып кетеді.
Олардың осы қылықтарын әр кез байқап
жүретін Саяттың әкесі бір күні ойнауға
кетіп бара жатқанда баласын тоқтатып:-Сен
қазір достарыңа бар да «Ассалаумағалейкүм»
деп амандас, - деді.-Ассалау, ассалау,
- деп тек соған ғана тілі келген
Саят:-Балаларға барып ассалау десем
олар түсіне ме? – деп сұрады.-Олар
түсінбесе сен түсіндір. «Ассалаумағалейкүм»
деген сөз үйіңе ырыс, бақыт қонсын
деген сөз де, - деді әкесі.Бақыт деген
сөзді ғана құлағы шалып үлгерген
Саят:-Әке, бақыт деген немене? – деп тағы
сұрады.-Бақыт деген сенің анаң, әкең,
бауырларың, жеңгең тәтті тамақтарың
мен киген киімің. Міне, осылар сенің
бақытың, - деді.Саят әке сөзінің астарына
мән беріп жатпады, жүгіре жөнелді.
Ол достарына келіп:-Балалар, ассалау!
– деп айқай салды. Олар да
жамырап:-Ассалау, асслау, - деп жатты.
Аң-таң қалған Саят:-Немене, сендер де
ассалауды білесіңдер ме? – деді.
Балалардың ішіндегі ересектеуі, әрі
пысығы Тұрсын:-Иә білеміз, менің
әкем ағаларымен аслау деп амандсады,
- деді тақылдап. Тұрсынның білгіштігіне
жыны келіп кеткен Саят:-Ал айтшы білетін
болсаң асслау деген сөздің мағынасы
не? – деді. Мүдіріп қалған Тұрсын
ешнәрсе айта алмады. Сонда Саят:-Мен,
менің анам, әкем, жеген тамақтарым мен
киген киім бәрі бақыт. Егер мен сендермен
үнемі ассалау деп амандасып
тұратын болсам осылар менде көп болады,
- деді мақтанып.Мына сөздерге қызығып
кеткен Самат:-Арасында кәмпит те бар
ма? – деді.-Иә, бәрі де бар, тіпті
балмұздақ та бар, - деді Саят.Төрт дос
осы әңгімеден кейін үнемі бір-бірімен
қол алысып, ассалау деп амандасатын
болды. |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
5.Шығармашылық іс
– әрекет, топтық жұмыс 1 – тапсырма.
Өлеңді жалғастырып жазыңдар. Таза
болса, ой санаң, Денсаулығың
жақсарар.__________________________,__________________________, |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды. |
6.Топпен ән айту
Мен бақытты баламын.Өлеңі мен әнін
жазған Рауан Мырзабай. Төсінде кең
даланың, Еркін асыр саламын. Құшағымда
анамның, Мен бақытты баламын! |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді. |
7.Үй тапсырмасы:«Денесаулық» тақырыбына сурет салып келу. |
Күнделіктеріне жазады. |
8.Сабақтың соңғы
тыныштық сәтіЕнді көзімізді жұмайық.
Сабақта айтылған барлық жақсы ойларды
жүрегіміздің түкпіріне апарып
орналасайық. Ол сендере үнемі қуаныш
сыйлап, жүректеріңді нұрға толтырсын!
Көздеріңді аша қойыңдар. -Сабақ
аяқталды. Сау болыңыздар! |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Тексерген:
оқу ісінің меңгерушісі: «Өзін-өзі тану»
сабағының жоспарыМектеп: Ы.Ноғайбаев
атындағы №18 орта мектеп. Мерзімі: Мұғалім: Матыгулова
К.Ж. Тақырып: Әрдайым
көмектес, ешқашан зиян келтірме (29
сабақ) Сынып: 1
«а», «ә», «б», «в», «ғ», «ж», «е» Оқушы
саны: 15,14,11,12. Құндылық: қиянат
жасамау Қасиеттер: сыйластық,
құрметтеу, ақкөңілділік.
Мақсаты: оқушыларға көмектесу және зиян келтірмеу ұғымы туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеті: - оқушыларға әрдайым көмектесу, ешқашан зиян келтірмеудің мәнін ұғындыра отырып, ақкөңілділік қасиеті туралы түсінік беру.- оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтеу арқылы сыйластық қасиетіне баулу. - оқушыларды жақсылық жасау жолында сыйластық, құрметтеу, ақкөңілділік қасиеттеріне тәрбелеу. |
Ресурстар |
Сабақ барысы1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу.1.Тәртіп2.Талап3.Тыныштық4.Тазалық5.Татулық |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында. |
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Денесаулық» тақырыбына сурет салып келу. |
|
3.Дәйексөз: «Ешкімге де, еш нәрсеге де қылдай қиянат жасама!» Бауыржан МомышұлыМақалды қалай түсініп отырсыңдар?Қиянат жасамау деген не?Көмектесу деген не? Нағыз күшті адам еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейді, қиянат жасамайды. Айналаңа сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарасаң, еш нәрсеге, ешкімге зиян келтірмейсің. Ең бірінші өзіңе қиянат жасама. (дәптерге жазғызу) |
Мағынасын түсіндіру. |
4.Әңгімелеу (Мұғалім
сыйы)Аңыз Сахараның ыстық күнінде бір
адам түйеге мініп келе жатыпты. Ұзақ
жолдан шөлдеп, шаршап келе жатқан бір
жолаушыны кездестіреді. Жолаушы одан
су сурайды. Ол түйеден түсіп, су берейін
деп жатқанда, жолаушы оны итеріп
жібереді, түйесіне міне салып, қаша
жөнеледі. Түйенің иесі оның артынан
былай деп айқайлапты: - Жарайды, түйені
алсаң ал! Бірақ бір өтінішімді орындашы.
Осы болған оқиғаны ешкімге айтпа! Мұны
естіген адам таңғалып, тоқтап, себебін
сұрайды. Сонда әлгі адам: «Егер оқиғаны
біреуге айтсаң, елдің бәрінің құлағына
жетед. Кейін адамдар жолда жәрдем
сұрағанға көмек көрсетуге қорқып,
ешкім ешкімге көмектеспейтін болады»,
деген екен. Жолаушы түйе мінген адамның жақсылығын неліктен түсінбеді? Түйе мінген адамның өзгелерді көп ойлауының себебі неде? Неге ол жолаушыға ренжімей, тек жай ғана өтініш айтты? Сендер өмірде
осындай жағдайларға куә болған кездерің
болды ма? Әңгімелеп беріңдер. |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
5.Шығармашылық іс
– әрекет, топтық жұмыс 1 –
тапсырма. (129-бет) Суреттерге
мұқият қараңдар, онда көрсетілгендердің
қайсысын көмек деп айтуға болады? |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды. |
6.Топпен ән айту
Айгөлек Өлеңін жазған: Нығмет
Баймұхамедов.Әнін жазған: Бақытжан
Байқадамов.Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында Кемерінен
шалықтап, Асып шатқан шағында |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді. |
7.Үй тапсырмасы: «Жаңаны білеміз» оқып келу. |
Күнделіктеріне жазады. |
8.Сабақтың соңғы
тыныштық сәтіЕнді көзімізді жұмайық.
Сабақта айтылған барлық жақсы
ойларды жүрегіміздің түкпіріне
апарып орналасайық. Ол сендере үнемі
қуаныш сыйлап, жүректеріңді нұрға
толтырсын! Көздеріңді аша қойыңдар. -Сабақ
аяқталды. Сау болыңыздар! |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Тексерген:
оқу ісінің меңгерушісі:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген