400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Денсаулыққа апарар жол 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бқл сабақ жоспары 1 сыныптың өзін - өзі тану пәнінің "Денсаулыққа апарар жол" тақырыбындағы сабағвн жоспарлауға көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп №16 жалы орта білім беретін мектеп Мерзiм ____________

Мұғалiм Қасенова К.Е.

Сынып _____ Оқушылар саны ____ Тақырып Денсулыққа апарар жол

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер ұқыптылық, әдептілік, сыйластық


Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы денсаулықтың құндылық ретіндегі мәнін аша отырып, адам өміріндегі мңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Денсаулыққа ұқыптылықпен қараудың маңыздылығын түсіндіру.

  • Денсулықтың маңыздылығын түсіндіре отырып оқушылрдың әдептілік қасиетін дамыту

  • Өзіне және қоршаған әлемге сыйластық қарым – қатынаста болуға тәрбиелеу


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа, презентация материалы, Мұғалімге арналған нұсқаулық/Р.А.Мұкажанова, Г.А. Омарова, Р. Мұратханова. – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»

  2. Үй тапсырмасын тексеру

«Жақсылық» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Неліктен бала «жалбыз» шөбін іздеуге шықты?

  2. Бала бойынан қандай қасиеттер байқауға болады?

  3. Бала бұлаққа жету үшін жолындағы сынақтардан қалай өтті?

  4. «Жақсылыққа жақсылық» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Сендер өз денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер?

Талдау

  1. Дәйексөз.


«Жаны саудың – тәні сау»

Халық нақылы


  • Дәйексөздің мағынсын қалай түсінесіңдер?





  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

«Ең қымбат байлық»

Бір жас жігіт өмір сүріпті. Ол өз өміріне шағымданып, үнемі өзінің өмірін сәтсіздікке толы деп ойлайтын жігіт:

-Басқа адамдарда ақшалары көп, зәулім үйлері бар, автокөліктері, жақсы жұмыстары бар, ал менде ше? Менің денім сау, мықтымын. Бірақ, оның барлығы бекер. Жастық шағым босқа өтіп жатыр.

Оның шағымын дана ақсақал естіп:

-Тыңда, балам, мысалы сенің бір қолыңды кесіп, сол үшін бір миллион доллар ақша берсе келісер ме едің?

-Жоқ, әрине! – деп ашулы жауап берді.

-Жақсы, онда аяғыңды немесе бір көзіңді берер ме едің?

-Ақсақал, бұл айтқан сөзіңіз дұрыс емес. Мен жүз миллион долларға да келіспейтін едім.

-Міне, көрдің бе, балам! -деп ақсақал жымиды.

Көптеген адамдар қолы жетпей жүрген байлық сенде. Сендегі бар байлықты: жастық шақты, денсаулықты, күшті жүздеген миллион долларға да сатып алуға болмайды.

Ал, сен болсаң өзіңнің кедейлігіңе, сәтсіздігіңе шағымданасың. Өзіңде бар нәрсенің қадірін біліп, оларды дұрыс қолдана біл.

Сұрақтар:

  1. Өсиет әңгімеде кім туралы айтылған?

  2. Жігіт неліктен өз өміріне көңілі толмады?

  3. Жігіт өз денсулығының қадірін түсіндіме? Оған қандай кеңес берер едіңдер?

  4. Неліктен денсулық адамның ең қымбат байлығы?

  5. Сендер өздеріңнің денсаулықтарыңды сақтау үшін не істейсіңдер?

Бейнежазба көрсету. «Винни пух қоянға қонаққа барады» мультфильміне үзінді көрсету.


  1. Шығармашылықіс-әрекет,топтық жұмыс.

Балалар үш топқа бөлінеді. Берілген суреттерден тақырыптар бойынша ватманға коллаж жасайды. (суреттер балларға ұсынылады). Әр топтан бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғайды.

1-тапсырма: «Зиянды әдеттер»

2-тапсырма : «Денсулықты сақтаймыз»


  1. Топпен ән айту.

«Ертегілер әлемі» әнін орындау



  1. Үй тапсырмасы.

124 бет «Өсиет әңгіме» оқып келу.


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, көзімізді бір сәтке жұмайықшы. Бүгінгі сабақта өткен жақсы қасиеттерді, жақсы ойларды жүрегімізде сақтайық.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
72 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
4555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі